Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектебі» КММ физика пәні
мұғалімі Рысбекова Акмарал Рысбеккызы
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия
Мақсаты:
1. Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, презентация.
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, құралдар, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, психологиялық ахуал туғызу.
ІІ. Физикалық диктант:
1. Жұмыстың формуласы
2. ХБЖ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі
3. Қуат формуласы
4. ХБЖ жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі
5. 1 килоДжоуль (1кДж)
6. 1 миллиДжоуль (1мДж)
7. 1 микроДжоуль (1мкДж)
8. Жұмыс пен қуаттың арасында қандай байланыс бар?
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қай заң?
2. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.
3. Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан көлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл қандай заң.
4. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа .....
5. Архимед күшінің және қысымының формуласы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
• Энергия деп дененің жұмыс істей алатын қабілетін сипаттайтын шама. Жер бетіндегі тіршілік көзі.
• Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі: 1кВт*сағ
• Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
• Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Деңгейлік тапсырма
А-Тобы
1. Массасы 6 кг дене 10 м биіктікке көтерілген. Дененің потенциалдық энергиясы қандай?
2. Жалпы массасы 6 т реактивті ұшақты жермен салыстырғанда т реактивті ұшақты жермен салыстырғанда 10 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?
Жауаптары: 588 Дж, 30 кДж
В-тобы
1. Автомобиль тау жолымен 2000м биіктіктен 500метрге дейін төмендеді. Егер автомобильдің массасы 3т болса, оның потенциалдық энергиясы қаншаға өзгереді?
2. Массасы 1000т жылдамдығы 54км/сағ поездың кинетикалық энергиясын есептеңдер?
Жауаптары: 44,1МДж, 112,5МДж
Сергіту сәті
1. Астрономия қандай денелерді зерттейтін ғылым
2. Физика грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
3. м/с-пен өлшенетін физикалық шама
4. бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кездегі пайда болатын күш
5. Қысымды ойлап тапқан француз ғалымы
6. Заттың үш күйінің біреуі
7. «Эврика» деп жүгірген грек ғалымы
8. Ватпен өлшенетін физикалық шама
9. Бүгінгі өткен тақырыбымыз
С-тобы
1.Оқушы мектептің екінші қабатына 20 с-та көтеріледі. Қабаттың биіктігі 2 м болса, массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді? 40Вт
2. Көтергіш кранның қуаты 10 кВт.Онымен массасы 2 т жүкті 0,5 с ішінде көтеруге болады. Бұл жағдайда кран қандай жұмыс істейді. Ол жүкті қандай биіктікке шығарады. 5кДж, 0,25м
3. Тереңдігі 150 м шахтадан көлемі 200 м3 суды тартып шығару үшін қуаты 50кВт насос қанша уақыт жұмыс істеуі керек? 100 мин
Бекіту:
1. Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?
2. Энергия дегеніміз не
3. Жұмыс пен эенргияның бірліктері қандай?
4. Энергияның қандай түрлері бар?
5. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерешеліктері бар?
Үй тапсырмасы: §65 дайындық сұрақтары, 37-38-жаттығу аяқтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі