Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

ОҚО Қаратау ауданы

Таскен тұрғын алабы

№103 ЖОМ

Пәні:  Математика

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Камшыбекова Әселхан

Сабақ тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Өткен материалдан алған білімдерін оқушы санасына бекіту.Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу,ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылау

Дамытушылығы: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, өз

бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелігі:   Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа үйрету,ұйымшылдыққа,ынтымақтастыққа,бір-бірін тыңдай  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,денгейлік тапсырмалар

Сабақ көрнекілігі: Бағалау парағы,оқу құралдары,слайдтар,жұмыс дәптері.

Сабақтың  эпиграфы:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру;

а) амандасу   

б) түгендеу

II. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау

III.Ой қозғау(сұрақ-жауап)

IV.Тарихи шолу.

V.«Математикалық поезд» ойыны

VI.Сергіту сәті.

VII.Қорытынды

VIII.Үйге тапсырма

IX.Бағалау

II.Үйге берілген тапсырма

№839   Теңдеуді шешіңдер:

1)3х-1=2(х-2)                   2)3(х+5)=7-5х              3)19(у-9)=3(у+7)

 Х=3                                       х=-1                             у=12

4)4(Х-9)=3(Х-8)                5)3(2Х-9)=5(Х-4)        6)7(3-2х)=15(1-х)

Х=12                                        Х=12                            х=-6

III.«Ой қозғау»

1.Қандай теңдеулерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

2.Қандай теңделер мәндес теңдеулер деп

аталады?

3.Теңдеулердің қандай қасиеттерін білесіңдер.

4.Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қандай ғалымдарды білесіңдер?

IV.Тарихи шолу.

Теңдеудің 1-қасиетін енгізген Мұхаммед Мұса әл-Хорезми туралы мәлімет.

Негізгі ғылыми еңбектерін математикалық теңдеулерге арнаған қазақтың ғалымы Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы мәлімет.

V.«Математикалық поезд» ойыны

Ойын шарты:Сынып 3 топқа бөлінеді.Математикалық поездбен «Сыйлықтар еліне» жету үшін «Оқып туған»,«Білім қуған» аялдамаларынан өтуіміз керек.Математикалық поездға отыру үшін билет алу ережесі: үш тапсырмадан тұратын поездға  отырғызу билетін аласыздар

1-билет - жалпы вагон.

№1 тапсырма. Суреттегі таразының сол жақ табақшасына 3 дорба ұн,ал оң жақ табақшасына 1 дорба ұн және 4 кг кір тасы салынған.Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар,мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.Теңдеуді шешіп,1 дорба ұнның массасын анықтаңдар.

2-билет - купе вагон.

№2 тапсырма

Суреттегі таразының сол жақ табақшасына массалары бірдей 5 орамжапырақ және 500 г кір тасы,ал оң жақ табақшасына 2 орамжапырақ және 2 кг кір тасы салынған.Сызықтық теңдеу құрыңдар,мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.Теңдеуді шешіп,1 дорба ұнның массасын анықтаңдар.

3-билет-жұмсақ вагон.

№3 тапсырма

Суретте таразының сол жақ табақшасынада 4 бөлшек шай және 50 г кір тасы,ал оң жақ табақшасынада 1 бөлшек шай және 500 г  кір тасы салынған.Сурет бойынша теңдеу құрыңдар,мұндағы бір бөлшек шайдың массасы х г.Теңдеуді шешіп, 1 бөлшек шайдың массасын табыңдар.

Математикалық поездбен «Сыйлықтар еліне» тез жету үшін «Оқып туған» аялдамаларынан өтуіміз керек.

№840  Теңдеудің түбірін табыңдар:

Берілген есептердің тақ сандарын шешуде 3 топ жарысады.

1)7х-(3+2х)=х+9                

2) 13-(2х-5)=х-3                   

3)3х-(10-9х)=22х

 "Оқып туған" аялдамасы

Өзіндік жұмыс.     № 853 Теңдеуді шешіп,түбірін табыңдар:

1)4х+5(3-2х)=5-11х

2)19-2(3х+8)=2х-37

3)8х+3(7-2х)=4х+3х

VI. Сергіту сәті.

VII. Қорытынды

«Ой жйнақтау» (сұрақ - жауап).

1.Қандай өрнектерді теңбе-тең өрнектер деп аталады?

2.Жақша алдында «-» таңбасы болса,жақша қалай ашылады?

3.Жақша алдында «+» таңбасы болса,жақша қалай ашылады?

4.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз?

5.ах=в теңдеуді түбірін табудың үш түрлі жағдайын ата.

VIII.Үйге тапсырма №841  №852


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Ерке

1тапсырманың жауабы керек