Ы. Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп
Шыбыт ауылы 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы туралы түсіндіру.
2.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп,іскерлік дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.
3.Оқушыларды мейірімділікке, төрт түлікке деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері:оқыту,салыстыру,талдау-жинақтау,топтастыру стратегиясы,ақпараттық технологияны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, қоржын,балық қаңқасы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Балалар, сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді? Қане тыңдап көрейікші.
( Қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, құндызым, жұлдызым)
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасайтын боламыз.
2) Топқа бөліну
Балалар, жаңағы айтқан сөздерің нелерге қатысты айтылған. Мысалы: қошақаным, қозым,қойым сөздері неге қатысты айтылған?(Қойға) Ендеше қойға қатысты айтылған сөздер бір топ құрайық.Осылайша 4-топқа бөлу.
1-топ: Қошақандар
2-топ: Бұзауқандар
3-топ: Ботақандар
4-топ: Құлыншақтар
Топ ішінен топ басшыларды сайлау.Топ басшылар өзінің тобын стикерлер арқылы бағалап отырады.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар ,үйге қандай тапсырма берілді?
«Түйе» өлеңін жатқа айту және түйе жайлы әңгімелеу.
Құлыншақтар тобына сұрақтар қою:
Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше
Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
– Шудасы туралы ше?
– Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
– Түйенің пайдасы қандай?
Жауап:Пірі-Ойсылқара.Қос өркешті және бір өркешті болады.Көлік ретінде пайдаланады.30-40 жылға дейін өмір сүреді.Еті,сүті,жүні пайдалы.Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.Ыстыққа,ұзақ жүріске шыдамды.
Қошақандар тобына: Түйе жүнінен істелетін бұйымдарды атау.
Бұзауқандар тобына: Түйе сүтінен әзірленетін тағамдарды атау.
Ботақандар тобына: Түйе терісінен істелетін бұйымдарды атау.
Суретпен жұмыс.
-Балалар, суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
-Бұл суреттегілерді бір сөзбен қалай атауға болады?(төрт түлік деп атаймыз)
Міне балалар, біз осы уақытқа дейін төрт түлік жайлы оқып -біліп жүрміз.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Төрт түліктің кеңесі»
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бірнеше оқушыға рөлге бөліп,мәнерлеп оқыту. Әр топтан бір оқушы оқиды ,рөлге бөліп.
Дәптермен жұмыс.
. Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жаздырту.
1. Тұрмыс жағдайы төмен адам: қоры үзілген қуға бітем.
2. Еңбекқор адам:Шаруа қуған басқа бітем.
3.Батыл, өжет адам:Найза ұстаған ерге бітем.
4. Шаруасы жақсы, бай адам:Ел ішіндегі зорға бітем.
Сергіту сәті
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
«Қай түлік қай жерді қалайды?»ойыны.
Суреттегі жайылымға төрт түлікті орналастыру.
Мәтіндегі сөздерді қолдану.
Мысалы:Сиыр қалың,нулы жерді қалайды.Қой қара тастақ жерді қалайды. Жылқы Бетегелі жазықта жайылғанды қалайды. Түйе жантақты, сор жерді қалайды.
Мұғалім: Балалар неше жыл мезгілі бар?
Осы жыл мезгілдеріне қарай ата-бабаларымыз жайылым орындарын да ауыстырып отырған. Көктемде көктеуге, жазда жайлауға, күзде күздеуге, қыста қыстауға қоныстап отырған.
« Қарлы кесек « ойыны .
Екі топ бір-біріне лақтыру арқылы, мақал – мәтелдің жалғасын табады.
1. Мал өсірсең …….............өсір, (қой)
Өнімі оның көл-көсір.
2. Қойдың ……….....................қорғасын, (сүті)
Қойды ұрған оңбасын.
3. Тұяқ ........................ жеткізер, (тайға)
Тай құнанға жеткізер.
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
4. Тұлпар- .................... қанаты. (ер)
5. Сиырлының үйі- ......................................, (айран)
Сиырсыздың үйі- сырдаң.
6. Сиырдың сүті- ............................................ . (тілінде)
7. Нар жолында ................................. қалмас. (жүк)
8. Бақырауық демесең,
Бағалы ..................................... түйе ғой. (көлік)
«Кім көп біледі?»ойыны. Қарсы топтар бір-біріне жұмбақтар жасырады.
Әсел: 2. Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
Таңатар: 3. Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Сиыр)
Бек Әділет:4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырыпкиген тоны бар. (Қой)
Серік:5. Басындатаяғы бар, Төртаяғы бар,
Сегізтұяғы бар, Иегіндесақалы бар. (Ешкі)
Ақәділ: 6.Қамыс құлақ тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті –дәрі, еті-тамақ.(жылқы)
Нұрдаулет: 7.Үстінде тауы бар,
Өзі қызық жануар.(түйе)
Әділет: 8.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.(сиыр)
Азамат: 9. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)
Нұрислам: 10. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
Нұрбол: 11. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы)
Мұғалім:Қане балалар, осы төрт түліктерге қатысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
- Қай топ дайын?
Тыйым сөздер
Нұрбол: * Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
Санжар: * Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
Ақәділ: * Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді
Әділет: * Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Нұрдаулет:* Мал сүйегін пешке салма.
Серік: * Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
Таңатар: * Ақты төкпе,
Малды теппе.
Әсел: * Малға теріс мінбе
Азамат: * Малдың басынан ұрма
Мұғалім: Балалар, өздеріңнің топтарыңның атына ұқсас өлеңдерді білесіңдер ме?
1-топ: Қошақандар «Қой» өлеңін
2-топ: Бұзауқандар «Сиыр» өлеңін
3-топ: Ботақандар «Түйе» өлеңін
4-топ: Құлыншақтар «Торы құлын» өлеңін айтады.
Мұғалім:Балалар, төрт түліктің қандай пайдасы бар екен және олар жайлы не білдік ? Өз білетінімізді кестеге түсірейікші.
Кестемен жұмыс.
1-топ: Қошақандар
Қойдың төлі |
Қойдың пірі |
Қойдың жүнінен жасалатын заттар |
Қойдың терісінен жасалатын заттар |
Қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар |
---------------
|
-------------------
|
-------------------
------------------- |
---------------
----------------- ----------------------- |
--------------
-------------- --------------- |
2-топ: Бұзауқандар
Сиырдың төлі |
Сиырдың пірі |
Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар |
Сиырдың терісінен жасалатын заттар |
Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар |
---------------
|
-------------------
|
-------------------
------------------- |
---------------
----------------- ----------------------- |
--------------
--------------------------- |
3-топ: Ботақандар
Түйенің төлі |
Түйенің пірі |
Түйенің етінен әзірленетін тағамдар |
Түйенің терісінен жасалатын заттар |
Түйенің сүтінен әзірленетін тағамдар |
---------------
|
-------------------
|
-------------------
------------------- |
---------------
----------------- ----------------------- |
--------------
--------------------------- |
4-топ: Құлыншақтар
Жылқының төлі |
Жылқының пірі |
Жылқының етінен әзірленетін тағамдар |
Жылқының терісінен жасалатын заттар |
Жылқының сүтінен әзірленетін тағамдар |
---------------
|
-------------------
|
-------------------
------------------- |
---------------
----------------- ----------------------- |
--------------
--------------------------- |
«Жасырынған сөзді тап» ойыны.
Тестпен жұмыс
«Көзі моншақтай,
Өзі жұп - жұмыр
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып - жымыр» деген жолдарда қай төл туралы айтылған?
А) Лақ
Ә) Бұзау
Б) Қозы
В) Құлын
2. Қойдың төлі қалай аталады?
А) Лақ
Ә) Бұзау
Б) Қозы
В) Құлын
3. «Мүйізі айдай иілген,
Мұрынын көкке шүйірген» не?
А) Жылқы
Ә) Сиыр
Б) Түйе
В) Қой
4. «Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не?
А) Жылқы
Ә) Сиыр
Б) Түйе
В) Қой
5. Ірімшік неден жасалады?
А) айраннан
Ә) сүттен
Б) майдан
В) еттен
6. Еттен жасалған тағам
А) бауырсақ
Ә) қуырдақ
Б) қаймақ
В) ірімшік
7. Адамға пайдалы
А) ұйқы
Ә) өтірік
Б) жалқаулық
В) төрт түлік мал
Балықтың қаңқасына жазады.Орыс тілінде берілген сөздердің,қазақшасын жазады.
Корова- сиырКоза-ешкі
Сабақты қорытындылау:
«Ғажайып қоржын» ойыны.
Асықтарды алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
1.Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Бәйге, аударыспақ, кыз қуу, көкпар.)
2. Қылынан не жасайды?
(Қылынан арқан, жіп еседі.)
Қыл – жалдың, құйрықтың жіңішке ұзын талы.
3.Ешкінің төлі мен пірін ата. (лақ, Сексек ата)
4. Төрт түлікке қатысты қандай өтірік өлең білесіңдер?
5.Төрт түлікке қатысты қандай ән білесіңдер?
Хормен: Қошақаным әнін орындату.
Мұғалім: Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.
Рефлекция: «Менің сабақтағы көңіл-күйім» әдісі
Жасыл: Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім.
Үйге тапсырма: Төрт түліктің кеңесі өлеңін мәнерлеп оқу.
1-топ: Қошақандар
2-топ: Бұзауқандар
3-топ: Ботақандар
4-топ: Құлыншақтар
Мал өсірсең …қой….........өсір,
Өнімі ...........оның................ көл-көсір.
Қойдың ………сүті.....................қорғасын,
Қойды ..............ұрған...................... оңбасын.
Тұяқ .......тайға................. жеткізер,
Тай құнанға жеткізер.
Құнан атқа жеткізер,
Ат ............мұратқа......................... жеткізер.
Сиырлының үйі- ......айран................,
Сиырсыздың .....үйі................ - сырдаң.
Бақырауық .....демесең..............................,
Бағалы .........көлік.....................түйе ғой.
Қырда қырық .......қой............... су ішсе,
Ойда отыз ..............қой............ нәр алады.
......Түйе.............. қараған жауға жолығар,
...........Сиыр.......... қараған тойға жолығар.
.......Бие.............. көп болса,
............Құлын........... көп.
........Сиырға................... туған күн,
..........Бұзауға................. да туады.
............Сиыр........... су ішсе,
.....................Бұзау......... мұз жалайды.
.......Түйе..........-байлық,
...........Қой.............-мырзалық.
.....Мал.............-баққандікі,
.........Жер..............-жыртқандікі.
Тұяқ .......тайға................. жеткізер,
Тай құнанға жеткізер.
Құнан атқа жеткізер,
Ат ..................................... жеткізер.
1-топ: Қошақандар
Қойдың төлі |
Қойдың пірі |
Қойдың жүнінен жасалатын заттар |
Қойдың терісінен жасалатын заттар |
Қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар |
|
|
|
|
|
2-топ: Бұзауқандар
Сиырдың төлі |
Сиырдың пірі |
Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар |
Сиырдың терісінен жасалатын заттар |
Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар |
|
|
|
|
|
3-топ: Ботақандар
Түйенің төлі |
Түйенің пірі |
Түйенің етінен әзірленетін тағамдар |
Түйенің терісінен жасалатын заттар |
Түйенің сүтінен әзірленетін тағамдар |
|
|
|
|
|
4-топ: Құлыншақтар
Жылқының төлі |
Жылқының пірі |
Жылқының етінен әзірленетін тағамдар |
Жылқының терісінен жасалатын заттар |
Жылқының сүтінен әзірленетін тағамдар |
|
|
|
|
|
«Жасырынған сөзді тап» ойыны.
«Жасырынған сөзді тап!» ойыны
қ |
о |
з |
ы |
а |
ғ |
т |
ү |
й |
е |
с |
е |
м |
л |
а |
қ |
м |
ү |
л |
а |
н |
ю |
қ |
о |
й |
ф |
ю |
л |
ш |
қ |
а |
з |
с |
ы |
л |
с |
и |
ы |
р |
а |
н |
к |
и |
т |
е |
ш |
к |
і |
е |
л |
с |
к |
ә |
қ |
п |
і |
л |
ж |
ы |
л |
қ |
ы |
і |
к |
б |
о |
т |
а |
қ |
ұ |
л |
ы |
н |
к |
в |
д |
б |
ұ |
з |
а |
у |
а |
і |
з |
қ |
Берілген сөздер |
Мәтіндегі осы сөздердің мәні |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тест
1. «Көзі моншақтай,
Өзі жұп - жұмыр
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып - жымыр» деген жолдарда қай төл туралы айтылған?
А) Лақ
Ә) Бұзау
Б) Қозы
В) Құлын
2. Қойдың төлі қалай аталады?
А) Лақ
Ә) Бұзау
Б) Қозы
В) Құлын
3. «Мүйізі айдай иілген,
Мұрынын көкке шүйірген» не?
А) Жылқы
Ә) Сиыр
Б) Түйе
В) Қой
4. «Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не?
А) Жылқы
Ә) Сиыр
Б) Түйе
В) Қой
5. Ірімшік неден жасалады?
А) айраннан
Ә) сүттен
Б) майдан
В) еттен
6. Еттен жасалған тағам
А) бауырсақ
Ә) қуырдақ
Б) қаймақ
В) ірімшік
7. Адамға пайдалы
А) ұйқы
Ә) өтірік
Б) жалқаулық
В) төрт түлік мал
1.Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата.
2. Қылынан не жасайды?
3.Ешкінің төлі мен пірін ата.
4. Төрт түлікке қатысты қандай өтірік өлең білесіңдер?
5.Төрт түлікке қатысты қандай ән білесіңдер?
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі