№ 56 жалпы орта білім беру мектебі
Ашық сабақ
Өткізген: Сандыбекова М.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 “Өңдеу тігістерінің түрлерін орындау технологясы”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тігіс түрлері және оның орындалу технологиясымен таныстыру және қарапайым тігістерді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік-дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ – жауап, слайд.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: тігіс түрлерін көрсету
Қажетті құралдар: қайшы, ине жіп, сызғыш, қарындаштар, мата қиындылары, дәптер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, сурет, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- амандасу, түгендеу
- сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды сабаққа даярлау.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмасы
Тігін машинасы неше түрге бөлінеді
А. 3 Б. 4 В. 5
2.Бұйым мен тігінші көзінің арасындағы қашықтық қанша см болады?
А. 30 – 40 Б. 50-60 B. 70-80
3. Бөлшек қиығынан тігімге дейінгі аралықты ата?
А. Мата ұзындығы Б. Тігіс ені В. Мата беті
4. Матаның екі бөлігін жалғастырып тігу
А. Сырып тігу Б. Бастыра тігу В.айырып тігу
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын кім ойлап тапты?
А. Леонардо Да Венчи Б. Дамир Пири В. Уолтер Хант
6.Технология сөзі қандай мағына береді.
А. шеберлік Б. Мадақтау В. Киім тігу
7. Матаның сыртқы көрінісі неге байланысты.
А. Талшықтардың атауына Б.Талшықтардың құрамына В.Талшықтың сырт көрінісіне
8. Химиялық талшықтар неше топқа бөлінеді?
А.8 Б.7 В. 2
9.Тігін машинасына жарық қай жақтан түсу қажет?
А.Сол жақтан Б. Оң жақтан В. Барлық жағынан
10. Мата неше топқа бөлінеді?
А. 5 Б. 2 В. 3
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ереже.
Машинамен жүргізілетін жұмыс алдында өз орныңды мұқият тексеріп, машинада ақаудың жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
1. Машинаның айналатын бөлшектеріне шаш ілініп кетпеуі үшін шашыңды жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек.
2. Машина табанының астына матаны бекітпей, оны оралған жібімен жіберуге болмайды.
3.Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды, ине сынып кетуі мүмкін.
4. Электр тігін машинасының астында резеңке төсеніш міндетті түрде болуы қажет.
5. Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеюге болмайды.
6. Жүріс кезінде бөлшектерді майлауға, тазалауға сонымен бірге машина жетегіне белдікті кигізуге болмайды.
Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Жұмыс аяқталған соң тігін машинасын тоқтатып ажыратуды ұмытпа.
ЖАҢА САБАҚ
Өңдеу тігістерінің орындалу технологиясы
САБАҚТЫ БЕКІТУ
1.Тігіс түрлерін ата?
2.Бастыра тігу қалай тігіледі?
3.Тігілген тігіс қандай болу керек?
4.Жапсырма тігіс қай кезде қолданылады?
5.Айырып тігу қай жерде қолданылады?
Сабақты қорытындылау ВЕНН ДИАГРАММА
Бағалау : Оқушылардың сабаққа қатысымдарын бағалау арқылы баға қою.
Үйге тапсырма: Тігіс түрлерін аяқтау құрал жабдықтарды әкелу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі