Экологиялық қауіпсіздік (бинарлық сабақ)
Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК
қосымша білім педагогы Дүзбаева Мереке Сериковна
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық қауіпсіздік.
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортадан зиянды заттардың адам ағзасына қалай түсетіндігін білу және олардың зиянды әсерінен қорғануды үйрену.
Сабақтың міндеттері :
- Тәрбиеленушілерді “Экологиялыққауіпсіздік“, “Ластану тізбегі” , “Тұрмыстық сүзгіш” терминдерімен таныстыру ;
- Тәрбиеленушілерге Жер – біздің үйіміз: үйімізді сақтасақ – денсаулығымызды да сақтаймыз дегенді дәлелдеу ;
- Сөйлеуді , аналитикалық ойлауды, тілдік қорын дамыту;
- Қоршаған ортаны және өз денсаулығын аялай білуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: экран ,сұрақтарды бейне жазбаға түсіру, жетондар, 3 гүл құмырасы, сөзжұмбақ, сызба: адам, ауа, су, азық-түлік; аудан картасы, сүзгіш, 2 алжапқыш, себет, балық, саңырау құлақ, жемістер, жолақтар, суды тазартуға арналған аспаптар,с хема-карточкалар, дәптер, түрлі түсті қарындаш, желім.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеленушілермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тәрбиеленушілерді 3 топқа бөлеміз.
Гонг дыбысы ойналады.
- Назар аударыңыздар ! “ Брейн - ринг” ойынын бастаймыз.Әр сұрақты талдауға 30 сек. уақыт беріледі. Бір топ жауап береді, басқалары толықтыра алады. Дұрыс жауапқа – бір жетон, толықтыруға – жарты жетон.
Сұрақтарды үйірме жетекшісі қояды. Сұрақтар қойылады :
1-ші топқа арналған сұрақ :
- Не қауіпті :найзағай немесе күн күркіреу ме? Күн күркіреу кезіндегі әрекет ету ережелерін атаңыз.
2-ші топқа арналған сұрақ :
- Қандай жануар жайлыа йтылды?
- бетінде бауырымен жорғалайды, ал өзіне жақындатпайды. Одан қалай қорғану керек.
3-ші топқа арналған сұрақ:
- Үй жануарларынан қорықпауға болама? Олармен қарым-қатынас жасау ережесін атаңыз.
Сипаттап берілетін улы өсімдіктерді танисыңдар ма ?
1-ші топқа арналған сұрақ :
- Осы өсімдіктерде әдемі хошиісті гүлдер мен қызылжидектер бар. Өсімдік улы затпен толыққан. Оны жануарлар алыстан айналып өтеді.(есек мия)
2-ші топқа арналған сұрақ :
- Бұл өсімдік өте қауіпті әрі улы. Оның жалғыз жидегі көкшіл сұр – қара түсті, құстардың көзіне ұқсайды. Жануарлар оны айналып өтеді. Алқұстар болса, оны шоқып тастайды. Мүмкін, емделетінболар.(қасқыр жем)
3-ші топқа арналған сұрақ :
- Ол 7 жылдан соң гүлдейді. Және де өзінің ұзақ өмір сүру жылында бар-жоғы 2-3 рет гүлдейді. Гүлдерін аралармен соналар тозаңдандырады. Жемісі – домалақ сарғыш- қызыл жидек. Өсімдік улы, бірақ оның жапырақтарынан,гүлдерінен, тұқымдарынан жасалатын препарат – жүректің жұмысын нығайтып, жақсартатындәрі.
- қорытынды сын шығару.
- Қай топ қанша жетон жинаған екен ? (Жиналған жетоннан гүлшоғыры жасалады)
2. Жаңа материалды оқып – үйренуге дайындық.
- Бүгінгі сабақта сендердің зейіндерің, қолдауларың, көмектерің қажет болады.
“ Релаксация”
- Көздеріңді жұмып, сөздері ме құлақ салыңдар. Қараңғы. Сендер еш нәрсе көріп тұрған жоқсыңдар. Бұрынырақ та қараңғы түнектен басқа ештеңе болмаған еді, күндердің күнінде көгілдір жарқырайтын шарпайда болды. Бұл – Жер атты ғаламшар. Өмір басталуда.Барлығының әрі қарай жалғаса бергендігі өте маңызды.
- Көздеріңді ашыңдар.
- Ал не нәрсе сіз өмір сүру мүмкін емес, сөзжұмбақты шешіп, есімізге түсірейік.
- Жер бетінде сол жұлдыздың арқасында тіршілік бар.( күн)
- Біздің ғаламшарымызда 3 күйде болатын зат (су)
- Жердің құнарлы қабаты ( топырақ )
- Газдардың қоспасы ( ауа )
- Келесі сөздерді: күн, ауа, су, топырақты қалайша ортақ сөзбен айтуға болады? (қоршаған орта )
3. Сабақтың тақырыбын хабарлау.
- Өкінішке орай, қоршаған ортаға біздің үйіміздегі қауіп қатер төніп тұр.
Оған кім кінәлі? (Әрине, адам)
(Тақтаға адам бейнеленген сурет пайда болады)
- Бірақ адамдардың өзіде қамқорлықты қажететеді.
- Бізідің сабағымыздың тақырыбы “Экологиялық қауіпсіздік”. Біз қоршаған ортаның зиянды әсерімен адамадарды қалайша қауіпсіздендіру керек жөнінде айтатын боламыз.
4. Тақырып бойынша жұмыс.
- Сонымен адам ағзасына ластанған заттар қайдан келіп түседі?
- Назарымызды схема № 1 - ге аударамыз, ластану жолын бақылап көреміз.
- схема №1: машина саңырау құлақтар ауруханада жатқан адам.
- Схема № 2 – ге қараймыз. Ойланып көріңдер, оны қалайша жалғастыруға болады.
- Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар және схеманы жетіспейтін деректермен толтырыңыз.
Балалар, сіздердің және мен әзірлеген ластану тізбегін салыстырып көрелік, қорытынды жасаймыз.
- тақтадағы бейнесіне “Ауа” жазуы бекітіледі)
- Ластанған ауадан қорғанудың тәсілдерін атаңыз.
- Сергіту сәті
- Мынау біздің жылыжай орналасқан ауданның схемасы. Жылыжайға қай жолмен келген қауіпсіз деп ойлайсыңдар?
- Ауағана емес, сондай-ақ су да ластанады.
- судың табиғатта кездесетін түрінде іше аламыз ба? (Жоқ, себебі оларда адам денсаулығына зиян келтіреді).
Адам бейнесіне “су” жазуы бекітіледі.
Сусыз тіршілік жоқ. Су барлық тірі тіршілік иелеріне: өсімдіктерге, жануарларға және де әрине, адамға қажет.
- Балалар, суды тазарту бойынша тәжірибе жасап көрелік.
(техника қауіпсіздігі бойынша алдын ала ереже-нұсқауды жүргізіп алумен тәжірибе өткізледі)
- Қалай ойлайсыңдар, осындай суды ішуге бола ма? (жоқ). Біз суды тек механикалық ластаушылардан тазарттық, бірақ онда химиялық қоспалар мен бактериялар қалып қойды.
Бір тамшыда микробтардың көп мөлшері болады, сондықтан оны хлормен өңдеу керек. Суды хлордан және зиянды қоспалардан тазарту үшін тұрмыстық сүзгішті қолданады.
(тақтаға “Тұрмыстықсүзгіш” сөзібекітіледі)
- краннан аққан ауыз су, жағымсыз иіске, дәмге немесе түске ие болса, оны қосымша тұрмыстық сүзгіштің көмегімен тазарту қажет. Сүзгілеуші зат ретінде көмір пайдаланылады.
- сүзгіш құрылғысымен таныстыру)
- Судың сапасы туралы тазартудан соң не айта аламыз? Басқа қандай тазарту әдістерін білесіңдер? (күмістің, қайнатудың, қатырып қоюдың көмегімен).
- Біздің қаламыздың ауасы мен суының жай-күйі туралы не айта аламыз? (тәрбиеленушілер жауабы)
- Балалар, ластану тізбегіне қайта оралайық. Неліктен адам аурухана төсегінде жатыр? (Адамның суретіне “Азық-түлік” жазуы бекітіледі)
“Экологиялық жағдайлар” ойыны.
- Ал қазір біз азық-түлік сатып алумен айналысамыз.
- - ші топтан сатушылар шақырылады, ал өз тобы үшін азық-түлікті таңдап, сатып алатын 2 - ші топ капитаны, содан соң рольдермен ауысады.
- сатып алушыларды өнімдеріне жарнамалап шақыра бастайды.
- Менің балығым кішкентай болғанымен, мен оны суы мөлдір өзеннен ұстап алдым.
- Ал менің үлкен балығым жылы тоған арасында жүзіп жүрген.
- Менің саңырауқұлақтарым қайың орманынан.
- Ал орманды аралап, аяғымды шаршатпадым, жолбойынан жинап алдым.
- Ал мен қызыл алмаларымды әжемнің ауылынан теріп әкелдім.
- Менің қызыл алмаларым шекара асып әкелінген.
Капитандар өз таңдауларын түсіндіріп, жетон алады.
- Схемаға қарап, сөйлемді жалғастырыңдар.
- қауіпсіздік – бұл адамды … қорғау (қоршаған ортаның зиянды әсерінен).
- үйірме тобымызда ереже бар, оны орындауға тырысамыз.
- барлығы: “Табиғатқа көмектес, табиғат саған да көмектеседі”
7. Сабақты бекіту
Мәтін бөліктерін нұсқаушылармен қосыңдар
“Ластану тізбегі” Ластанған қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау
“Экологиялық қауіпсіздік” Суды тұрмыстық жағдайда тазартуға арналған аспап
“Тұрмыстық сүзгіш” Ластаушы заттардың тізбек бойынша қозғалысы
8. Сабақты қорытындылау.
Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не? (Тәрбиеленушілер жауабы)
Ең маңыздысы – біздің әрқайсысымыз жеке бас экологиялық қауіпсіздік ережесін өзіміздің денсаулығымызбен қоршаған ортаны сақатап қалу үшін сақтануымыз қажет.
- Өз жауаптарыңызды қалайша бағалайсыңдар?
-
- Егер де топтардың тату, толыққанды жұмыс жасады деп санасаңдар – жасыл түсті жолақты көтеріңдер.
- Егер жақсы жұмыс істесе – сары түсті жолақ
- Одан да жақсы істередіде сеңдер – қызыл түсті жолақ.
9. Үй тапсырмасы.
Экологиялық таза қаланы қалайша ойлап, көремін деген тақырыпта хабарлама дайындау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі