Өлең, жыр, ақындар

«Құстарға қамқоршы болайық» (іс - шара - акция)

Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК

қосымша білім педагогы Темирова Беибут Шугаевна

Тақырыбы: «Құстарға  қамқоршы болайық»       (іс - шара   - акция)   

Мақсаты:

тәрбиеленушілерге  жергілікті жерде мекендейтін құстар туралы мағлұмат беру, оның ішінде қыстап қалатын құстар, құстар туралы түсінік беру, қамқорлық жасауға жағдай туғызу.

Білімділігі:

тәрбиеленушілерге жалпы құстар туралы мағлұмат бере отырып, құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жері, ұшып кететін жағы, жалпы өмірлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

тәрбиеленушілердің құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін  дамыту, құстарға қамқорлық жасау негізінде шығармашылық  қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік:

Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге,аң құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі:

құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, буклет, альбом, бейне фильм, жемшашар.

Іс шара жоспары:

1.                Кіріспе

2.                Құстар туралы бейнефильм

3.                Негізгі бөлім

3.1.             Топтар арасындағы сайыс

4.                Көрермендермен жұмыс жүргізу.

5.                Қорытынды

Іс-шарамыз бөлімдері:

1.                Кіріспе

2.                Құстар туралы бейнефильм

3.                Аққу биі

4.  Қыстайтын құстар туралы деректер

5.  Құстар туралы көрініс

6.   Құстар туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу

7. Құстар туралы жұмбақтар.

8. Викториналық сұрақтар.

9. Құстардың дыбыстарын ажырату

10. Көрермендермен жұмыс жүргізу.

11.  Қорытынды. Жасап әкелген жемшашарларды ілу

Кіріспе

         Балалар біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы, яғни қыстап қалатын құстар туралы әнгіме қозғаймыз, құстар бау - бақшаның сәні, емшісі. Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа тенеген. Жер бетінде 8600 ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 дей  түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде шымшық, торғай,кептер, суықторғай ,қарға ,сауысқан ұшпай қыстап қалады ,ал қалған құстар ұшып кетеді екен. Қыстап қалатын құстар ешқайда жылжымайды екен. Ал жыл құстарын айтсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала т.б.

Ата –бабаларымыз сұлуын аққуға, батырын қыранға, әншісін бұлбұлға теңеген екен. Ал  балалар құстар болмаса не болады? Құстар болмаса апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер, кеміргіштер қаптап кетеді,бақшаларда құрттар, қоңыздар қаптайды.Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.Ол үшін  құстарға не істеуіміз керек? Ол жайында білу үшін сөз кезегін іс-шара жүргізушілерге берейік.

Назарларыңызды экранға аударып, құстар туралы бейнефильмді көрулеріңізіді сұраймыз «Құстардың  тіршілігі» туралы фильм

Аружан:  Құрметті қонақтар, тәрбиеленушілер  «Құстарға  қамқоршы болайық» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!

(Тәрбие сағатымызды «Аққу»  биімен ашамыз, тамашалаңыздар.)

Дильназ:  Құстар жайында толық мәлімет  алғыларыңыз келе ме?  Олай болса, экранға назар аударайық!

(қыстайтын құстар жайлы тәрбиеленушілердің репортажы)

Сауысқан - Әсет

Тоқылдақ - Назерке

Бүркіт  - Ералы

Көкек пен Зейнеп ертегісі - Ерасыл

Аружан:  Құстар аязды күндері  қар астына кіріп сонда түнейді екен. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемдерін іздейді екен. Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан басталған. Адамды алғаш рет таңдандырған құстардың ұшу қабілеті.Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кедеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Ортаға тәрбие сағатымызға қатысушы 2 топты шақырайық:

1 топ – КӨГЕРШІН

2 топ – ШЫМШЫҚ

Топтардың өнерлері мен білімдерін бағалаушы қазылар алқасы – шарамызға қатысушы қадірлі қонақтарымыз. Қошеметтеріңіз!

 Келесі кезекте 2 топтың әкелген құстар жайында көріністеріне назар аударамыз

1 - топ  КӨГЕРШІН –  «Құстардың әңгімесі» көрінісі

2 - топ ШЫМШЫҚ  -  «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі

Дильназ: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал-мәтелдері қаншама десеңші! Мақал-мәтелдер халықтың педогогикалық  үлкен бір арнасы, олар сан ғасырлар бойы қорытылып, кесек гаухардай жентектелген сөз асылы.

Топтарды ортаға шақырайық. Әр топ  мақал – мәтелдерге зер салып,  жалғасын тапсын

1.                Аққу-қазсыз көл жетім,

          Қиюсыз қалса.................(бөз жетім )

2.                Өлеңге енсе, сөз сұлу

           Аққу жүзсе,...................(көл сұлу)

3.                Қарға баптанып,сұнқар болмас,

           Есек мақтанып,....................(Тұлпар болмас)

4.                Бұлбұлға бау жақсы ,кекілікке тау жақсы,

           Ер жігітке бәрінен туып өскен..............(ел жақсы)

Аружан:

Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Кімнің ойы ұшқыр болса сол топ жұмбақты тез шешеді

  1. Көлдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен            (Аққу)

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

2.                Ақ сарайын талқандап

 Шықты біреу талтаңдап                 (Балапан)

1.                Маң-маң басқан жері

Барлық құстың ірісі

Қашқанда құстай ұшпайды

Қуғанын бірақ ұстайды.                   (Түйе құс)

2.                Жолаушы жүрсек шығарып  салады

Алдыңнан қарсы алады

Ауыл да, қала да мекені

Жанымды әрқашан еркелетеді.             (Қарлығаш)

 

Аружан:   Енді құрметті топ мүшелері, Құстар туралы викториналық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз ба? Олай болса, «Көгершін» тобына қояр сұрағым!

1. Адам қай құсты аң аулауға  пайдаланады?                 (Бүркіт)

2. Қандай құстарды жыл құстары дейміз?        (Жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайтып келетін құстарды айтады)

3. Құстардың негізгі мекенін ата?                                 (Ұя)

4. Қай құста мүлдем ұя болмайды?                         (Көкек)

Дильназ:      Ал, ендеше келесі кезекте  «Шымшық» тобына қойылатын сұрақтар.

1. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?                  (960 рет)

2. Құстардың неше түрі бар?                        (Жабайы, үй құстары)

3. Алдымен  көктем шығысымен қай құс қайтады?        (Қараторғай)

4. Құстардың жылы жаққа кету себебі неде?      (Күн суытып ,құрт –құмырысқа тығылып қалады,тамағын табу қиын болғандықтан)

Аружан:  Енді сіздердің назарларыңызға құстардың дыбысын ұсынамыз. Топтарға тапсырма: Сіздер құстардың дыбыстарын тыңдап, қай құс екенін анықтайсыздар

 

Дильназ.  Құстар біздің досымыз, сондықтан ата - бабаларымыз құстарды құрметтеп қастерлеген. Оны біз  балаларына құстардың атын қойып , батыр ұлдарын сұңқарға,әнші қыздарын бұлбұлға , сұлу қыздарын аққуға теңегенін білеміз Олай болса,көрермендеріміздің де танымдылығын  тексеріп көрейік (Көрермендерге арналған сұрақтар)

1.                Құстардың атын қойған қандай кісі есімін білесіздер?    

 (Аққу,Тоты, Қарлығаш, Лашын, Бүркіт, Сұңқар, Көгершін)

2. Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран ,бүркіттей батырларды білеміз бе?           (Қабанбай,Бөгенбай, Қарасай)

3. Ал бұлбұлша сайраған әншілерді білеміз бе?

  • Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, К.Байсейтова)

4. Құстар жайында жазылған әндерді білесіздерме?

(Бозторғай,Ақ көгершін, Аққулар,Құстар қайтқанда)

Қорытынды:( педагог)

Құс-табиғат байлығы.Құстарды әркез қорғау әрбір азаматтың міндеті. Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазартады.,сонда ағаштар жайқалып өседі. Бойларынан таза ауа бөлініп шығады.,сол ауамен адамдар,жануарлар,құстар демалады.

Құстар-біздің досымыз.Ендеше, балалар құстармен дос болыңдар,қорғаңдар!

Хормен

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!

Құстарды біз атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз!

Олай болса, бәріміз қосылып «Ақ көгершін» әнін орындайық.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Ал, ендеше Акциямызды далаға жемшашарлар ілумен аяқтаймыз. Іс-шарамыз сонымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Көрініс

Қарлығаш пен Дәуіт

  • : Қарлығаш  ағаштың басына ұя салып,балапан шығарыпты.

Анасы азық әкелуге кеткенде,балапандары шыдамсыздана күтумен болады .

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады.Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

  • «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!»

Көкек:  Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.

Автор: Қарлығаш ұшып қарғаға келді.

  • Қарғажан,маған көмек бере көр.Балапандарымды жылан жегелі жатыр. Жылап тұрып.

Қарға: Қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!     -   деді маңғазданып.

  •    Қарлығаштың амалы таусылып,шырылдап ұшып келеді.Қарлығаштың алдынан Дәуіт шығып.Қарлығаш Дәуітке.
  • Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып ,ұяма өрмелеп барады.

Дәуіт: Олай болса,мені тезірек жеткіз

  • Қанатын тосып ,мін қанатыма.
  • Қарлығаш пен Дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ етіп жерге құлайды.Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүрген екен.Олай болса құрметті үйірме мүшелеріне айтарым .Сіздерді де қиын-қыстау уақытта құстарға көмегін аямайды деген ойдамын.
  •  

Құстардың әңгімесі

  •  - Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз жақсы болды, Бізге    дастархан дайындап қойыпты,тіпті жеміс те бар екен.
  • -  Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен кепкен жеміс – жидекпен күн көре тұрамыз да.
  • - Ей,қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде неғып жүрсіңдер?

Қаздар: 

- Әй сауысқан-ай танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой.Сен өзің неге жылы өлкеге кетпедің?

  • :- Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты, Алақарға,  Шымшық, Тоқылдақ, Торғайлар да қыста өз туған жерінде қыстайды.

Ал тауықтар сендер өз жағдайларыңызды айтыңдаршы?

  • :- Жағдайымыз жақсы.ұядай жылы орын,мол азықты біз үшін адамдар дайындайды.Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа ,жұмсақ мамық сыйлаймыз.Сол үшін адам күтіп бағады,бізге қамқорлық жасайды дейді.

 құстар бір-бірімен қоштасады.

 


Пікірлер (3)

Гүлжазира Сұлтанқызы

Өте жақсы тəрбие сағаттары бар. Бізге көмекші сайт. Қолдануды ұсынамын. Рақмет сіздерге.

Жулдыз

Оте жаксы денгейде.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз