ТАҚЫРЫБЫ: БІЛІМІЗДІ ТЕКСЕРЕЙІК
МАҚСАТЫ: Балаларға 1-5-ке дейін оң және кері санатып қайталату.Логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды, геометриялық пішіндерді бос орынға қоюды, 5-санының құрамын табуды үйрету. Қазақстан республикасының рәміздерімен таныстыру
Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, қызықты есептер арқылы математикаға деген қызығушылығын дамыту.
Балаларды белсенділікке, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР: Слаид шоу,1-5-ке дейінгі сандар топтамасы, геометриялық пішіндер, шар және хат.
ӘДІС-ТӘСІЛІ: Сұрақ-жауап, ойын түрінде.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
Жылулық шеңбер:
Қайырлы таң,көк аспан , Қайырлы таң ,алтын күн. Қайырлы таң ,достарым, Қайырлы таң , қонақтар!-деп назарларын төбедегі тұрған шарға аударту.
-Балалар, мынау шарда тұрған қандай хат?-деп хатты ашады да, оқиды. -«Хабарландыру,хабарландыру! Теледидарды қосыңдар!!!»-дейді. -Ал ендеше қосайық не дейді екен. |
-Бәрі бірге айтады.
-Қызығушылық танытады. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
Сергіту сәті:
Сергіту сәті: |
Сиқыршы аңдарды сиқырлап, күннің астына тығып қойыпты. Оларға көмектеспек бұрын мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін -Қазақстан республикасының президенті кім? -Елордамыз қай қала? -Дұрыс, мынау біздің туымыз, елтаңбамыз, өзіміздің ән ұранымыз, ата заңымыз бар. Осылардың бәрін рәміздер дейміз Енді аңдарға көмектесіп сиқыршыдан босатайық па? Жұмбақ арқылы күн астында қандай аңдар екенін табайық.
1.Сыбдыр шықса қашады , Қырдан бір-ақ асады. 2. Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады. 3. Өзі қу, Жүрген жері шу. 4. Сұр түсті, Ақсиған көп түсті. 5. Қанжардай тісі бар, Суық үрейлі түсі бар. Ал, неше аң екенін тура және кері санап білейік.
Күн астынан шыққан аңдардың бізге деген тапсырмалары бар екен.Соны орындайық.Сонда ғана, сиқыршы босатады екен. Қоянның тапсырмасы: Логикалық есептер. 1. Бес сәбіздің біреуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады?
2.Автотұрақта 3 машина тұрды. Оған тағы 2 машина келіп қосылды Сонда барлығы неше машина болды?
3.Айымда 4 алма болған. Оған анасы 1 алма берді. Айымда неше алма болды?
Қоянның тапсырмасын орындадық. Енді келесі қай аңның тапсырмасы?
Дұрыс, аю бізге; «Санап үйренейік»-дейді.
1.Әр қиярды сана және тиісті санды көрсетіңдер! Сәйкестігін тексер.
2.Тағы суреттерді сана және тиісті сандарды көрсетіңдер. Сәйкестігін тексер.
Біз қоян мен аюдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз, демалып алайық.
1,2,3 Қарлығаш боп ұш, 4,5,6 Қарлығаш боп шалқы. 7,8,9,10 Қарлығаш боп қон.
Енді түлкінің тапсырмасын орындайық 1.Бос орынға тиісті пішінді қой. Тексерейік.
2.Аз-көпті салыстырайық Өте дұрыс.
Келесі аң қасқырдың тапсырмасын орындайық.
Математикалық жұмбақтар: 1.Далада тұр екі ешкі,Қорада тұр екі ешкі Екі ешкі мен екі ешкі болады неше ешкі.
2.Тал басында тізіліп, 5 жапырақ тұр еді Жел соқты да үзіліп,ұшып кетті біреуі Ізінше оның жұлынып,түсті тағы екеуі Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі?
3. 5 бұтақты қайыңда Бұтақ сайын 5 алма. 1-еуін бер Сайынға, Сонда қалмақ неше алма?
4.Әтеш алдымен 5, сосын тағы 1 жұмыртқа туды. Барлығы неше жұмыртқа болды?
Соңғы аң арыстанның тапсырмасын орындайық
1.«5-санның құрамын тап» ойыны Тексерейік, қәне.
2. «Көршісін тап» ойыны Тексерейік.
Біз аңдардың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз,тағы да демалып алайық. Жоғары қарап күн көрдім, Төмен қарап,жер көрдім Оңға,солға бұрылдым, Егеменді ел көрдім
Аңдар өте риза. «Рахмет!»- айтып жатыр сендерге қуанып. |
-Сүрақтарға жауап береді, тыңдайды.
-Босатайық, көмектесейік.
-Жарайды, табайық.
-Қоян
-Аю
-Түлкі
-Қасқыр
-Арыстан
-1,2,3,4,5-оң санайды. -5,4,3,2,1-теріс санайды.
-Жарайды,орындаймыз тапсырманы.
-4-сәбіз қалады.
-5-машина болады.
-5-алма болады.
-Аю
-Үйренейік.
-4-қияр.
-1-қияр, 5-сәбіз, 4-абрикос.
-Қимыл-қозғалысын келтіріп, бірге айтады.
-Жарайды, орындайық. -Геометриялық пішіндерді бос торға қояды.
-Торт-көп, ірімшік-аз. Алмұрт-аз, алма-көп.
-Төрт ешкі болады.
-Екеуі тұр.
-Қайыңда алма өспейді
-Әтеш жұмыртқа тумайды
-Ойнайды.
-Ойнайды.
-Қимыл-қозғалысын келтіріп, бірге айтады.
|
Рефлекстік- түзету
|
Біз аңдарға көмектесіп,нені білдік? Нені үйрендік? 1-5-ке дейін оң және кері санауды.Логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрендік.Геометриялық пішіндерді бос орынға қоюды, 5-санының құрамын табуды үйрету.
Бүгінгі жиынға, Келдіңіз бәріңіз Рахмет сіздерге, Айтамыз бәріміз!
Мақтау, бағалау, қорыту.
|
-Сұраққа жауап береді
-Бәрі бірге айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Болу керек: Белсенді, тапқыр, адамгершілігі мол.
Білу керек: 1-5-ке дейін оң және кері санауды, геометриялық пішіндерді ажыратуды.
Үйрену керек: Логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды шешуді.
Тех.картаны толтырған: С.К.Кауменова.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі