Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
Мектеп: «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Мұғалім: Әсем Мейрамбекқызы |
|
||
Күні: 14.10.2021 |
Қатысқандар саны: |
|
||
Сынып: 3 «А» |
Қатыспағандар саны: |
|
||
Сабақ тақырыбы: |
Музыкадағы көңіл күй (мұңды) |
|
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): |
3.1.1.2 – музыкалық шығармаларды интонация, əуен арқылы танып ажырату; 3.1.3.3 – музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату; 3.1.3.6 – нотамен қарапайым əуендер орындау; 3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу. |
6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
|
||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар мына мақсатқа жетеді:
|
|
||
Тілдік бағдар |
тиісті терминдерді қолдана отырып, музыканы талқылай жəне талдай алады; өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады. |
|
||
Пәнаралық байланыс: |
Өзін-өзі тану, АКТ, тарих, әдебиет. |
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Халық əндерін орындау, тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу |
|
||
Алдыңғы білім |
Музыкалық көңіл күй (көңілді) |
|
||
Жоспар |
|
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланатын іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Ширату жаттығуы: «Сәлемдеме хат» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді байланыстыру, сұрақтар арқылы кері байланыс жасау. Орындалуы: өткен материалға байланысты сұрақтар қою. Хатты музыка ырғағымен жылжытып отырады. Музыка ырғағы тоқтағанда конверт ұстаған білімалушы сұраққа жауап береді. ҚБ «Қолпаштау әдісі» арқылы «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша!» деген сөздермен ауызша бағалау. Білімалушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын. «Болжау әдісі» арқылы жаңа тақырыпты анықтайды. |
Сәлемдеме хаттар
Интерактивті тақтадан мұңлы бейнебаян қосылады |
|
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма. Тыңдалым. Оқушыларға «Елім-ай» халық əнін тыңдау ұсынылады жəне шығу тарихы жөнінде мəлімдеме беріледі. 1723 жылы бейқам жатқан қазақ еліне жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасап, аяусыз қырды. Қазақ тарихында бұл – «Ақтабан шұбырынды» деген атаумен ұғымдас аса қасіретті босқыншылық кезең. Қазақтың халық əні «Елім-ай» да осы тұста туған, халқымыздың мұң-зарын əнімен жеткізген тарихи өлең. Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, бейнежазбаны көргеннен кейін əн жөніндегі өз пікірін білдіреді. Мұндағы мақсат – халқымыздың сол ауыр кезеңдегі қайғысын жеткізген əннің қаншалықты мұңды, зарлы екенін сезіндіру. Осыған байланысты сұрақ та қойылған. – Əн сурет жəне бейнетаспадағы көріністерді қандай əуен арқылы жеткізді (қаһарлы, жігерлі, мұңды, зарлы)? «Ашық микрофон» әдісі арқылы жаңа ақпаратты бекіту. Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі 2-тапсырма. Əн үйрену. Əн мəтініне назар аударылады. Мұғалім əннің мазмұндық сипаттамасын талдағаннан кейін, балалармен бірге əннің мұңды көңіл күйін жеткізе білуі тиіс. «Елім-ай» əнін орындай отырып, оқушылар минорлы көңіл күйге түсініктеме береді, мажормен салыстырады. Оқулықта анықтама келтірілген «Елім-ай» əні минорлы ладта жазылған. Минор дегеніміз көңілсіз, мұңды деген мағынаны білдіреді. Оқушыларда минорда тек көңілсіз шығармалар ғана жазылады деген пікір туындамауы керек. Сондықтан мұғалім минорлық ладта көтеріңкі көңіл күйдегі шығармалар жазылатындығын атап өтуі тиіс. Ол үшін оқушыларға таныс бірнеше əннің əуенін сөзімен айтқызып, мысал арқылы көрсету қажет. Мысалы: «Домбырасыз сəн қайда», «Ортеке» қазақтың халық əндері. ҚБ. «Комплимент» арқылы бағалау. Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ҚБ. Оқушылардың бір-бірін бағалауы Сергіту сәті: «Дирижер» ойыны 3-тапсырма. Орындау. «Елім-ай» халық əнін үйренгеннен кейін оқушылар əннің бірінші жолын нотамен айтады, ля жəне си ноталарының жазылуын көрсетіп, жартылық ұзақтықпен танысады. Сыныпқа мұғалімнің көрсетуімен дирижерлеп те көрсетуге болады. |
«Музыка» оқулығы. Нота дәптері.
«Ашық микрафон» әдісі
|
|
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Жетістік баспалдағы» әдісі Рефлексия пирамидасын негізге ала отырып, өз істерінің мәнін түсінеді, өзіне өзінің нені қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беріп, сабақ бойы алған білімдерін бағалайды Үй тапсырмасы: «Елім-ай» халық əнін жаттау. |
|
|
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады. |
Бақылау; Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша; Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды. |
Денсаулық сақтау технологиялары Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарғаажпау беріңіз. |
|
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз): 1. 2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі