№6 Арнайы пәндер бірлестігі.
«Мейіргер ісі негіздері» пәнінен тәжірибелік ашық сабақ әдістемелік тәсілдемесі.
Тақырыбы:
«Ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру»
«Келісемін»колледж әдіскері:
Жаутикова Ғ.С.__________
Дайындаған: «Мейіргер ісі негіздері»
пәнінің оқытушысы:Рисолиева Гулан
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: «Ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру.»
Модуль/ пән атауы:__ Мейіргер ісінің негіздері
Дайындаған педагог: Рисолиева Гулан Абдухаликовна
2021 ж « »_
Мамандық: «Емдеу ісі»________
Курс:_ І_________________
Топ:__
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық технология, CLILәдісі, миға шабуыл, Көргізбелі түсіндірмелі әдісі,ауызша,жазбаша.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыруды үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру қабілеттілігін дамыту.
Сабақтың уақыты: 180 мин
Сабақты өткізу орны:
Пәнішілік байланыс: рентгенология, радиоизотоп.
Пәнаралық байланыс: физиотерапия, апаттар медицинасы.
Сабақтың жабдықталуы:
Сабақтың жабдықталуы:
Материалдық: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, стандарттар.
Техникалық-программалық: интерактивті тақта,телевизор,видеороликтер.
Оқушы білуі тиіс:
-аур халдегі науқастық төсегін ауыстыру түрлерін
- кір жаймаларды жинауды
- таза ақ жаймаларды сақтауға қойылатын талаптарды
Оқушы істей білуі тиіс:
- төсекті дайындау, ақ жайманы көлденең және ұзынынан ауыстыру әдістерін
-төсек орынды ауыстыру
- халі ауыр науқастың ішкі киімін ауыстыру.
- таза киімді сақтау
Сабақтың хронокартасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Теориялық білімін тексеру – 15 мин
ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау– 45 мин
ІҮ Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин
V Оқушылардың өзіндік жұмысы – 90 мин
VI Сабақты бекіту – 10 мин
VII Қорытындылау- 7 мин
VIІ Үйге тапсырма – 3 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
ІІ Теориялық білімін тексеру – 15 мин
1-тапсырма
1. Қатаң төсектік тәртіп кезінде:
+А) төсек үстінде қимылдамау;
В) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;
С) аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;
Д) ешқандай шектеусіз төсекте белсенді қозғалыс жасау;
Е) бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді.
2. Төсектік тәртіп кезінде:
+А) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;
В) аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;
С) ешқандай шектеусіз төсекте белсенді қозғалыс жасау;
Д) төсек үстінде қимылдамау;
Е) бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді.
3. Жалпы тәртіп кезінде:
А) бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді;
В) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;
С) аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;
+Д ) ешқандай шектеусіз белсенді қозғалыс жасау;
Е) төсек үстінде қимылдамау.
4. Палаталық тәртіп кезінде:
А) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;
В) таза ауада серуендеуге рұқсат беріледі;
+С) аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;
Д) ешқандай шектеусіз белсенді қозғалыс жасау;
Е) төсек үстінде қимылдамау.
5. Кейбір ауыру кезінде науқас дәрілік затты қабылдағанда ауырсыну сезімін басу мақсатында төсектегі қалпы :
А) төсектік.
В) белсенді;
С) жартылай отырып;
Д) пассивті;
+Е) мәжбүрлі;
6. Ес – түссіз жағдайдағы науқастың төсектегі қалпы:
А) бос қалыпта;
+В) пассивті;
С) мәжбүрлі;
Д) белсенді;
Е) жатқан қалпында.
7. Қан айналымның жеткіліксіздігі және кіші қан айналымында қан іркілісі мен науқас аяғын төмен түсіріп отыру қалпы:
+А) ортопноэ;
В) тізе – шынтақ;
С) пассивті;
Д) Фаулер күйінде;
Е) Симс күйінде.
8. Кереуетте тік қалпында отырған науқас күй – жайы аталады:
+А) Фаулер;
Б) тізе – шынтақ;
В) Симс;
Г) ортопноэ;
Д) жартылай отырып.
9. Іші мен және бір бүйірі мен хал – жағдайы арасындағы аралық күй – жайы аталады:
А) пассивті;
В) Фаулер;
С) тізе – шынтақ;
+Д) Симс;
Е) жартылай жатқан қалыпта.
10. Бөлімшеде мейірбикелік пост болуы қажет:
+А) 15 – 20 жатын орынға;
В) 10 – 15 жатын орынға;
С) 25 – 30 жатын орынға;
Д) 35 – 40 жатын орынға;
Е) 40 – 50 жатын орынға.
2-тапсырма.
Тақырып бойынша теориялық білімді тексеру үшін «Блум түймедағы» әдісі арқылы ауызша сұрау жүргізіледі.
«Блум түймедағы» тапсырмасы жеке сұрау өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары.
Нәтижесі ауызша марапатталады.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, қандайда бір дәлелін айту, еске түсіру, қандайда бір мағлұматты жеткізу. Қандай...?, қайда...?, қашан...?, қалай..?
ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау -45 мин
Науқас күтімі – емдік үрдістің бөлінбейтін бөлігі, ол науқас зардабын азайтуға бағытталған және емге басым жағдайды жасайтын іс-шаралар кешені. Дұрыс ұйымдастырылған күтім емнің, ауру болжамының тиімділігін анықтайды, сондықтан «ем» және «күтім» түсініктерін шектемеу керек.
Күтім – науқастың түрлі қажеттіліктерін қанағаттануына көмектесу: тағамда, сусында, жуынуында, қозғалысында, физиологиялық қажеттіліктерінде. Күтім сапасы емнің және ауру болжамының тиімділігінің көзі болып табылады. Науқас күтімі емнің негізгі тиімді бөлігі болып табылады.
Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық- жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет.
Күтім шарттары:
Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс.
Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім.
Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды, науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды (науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда, тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап етеді.
Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары – хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау.
Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.
Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.
Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.
Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.
Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады
Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру
а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.
2. Жастықтантысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.
3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.
4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.
6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.
8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.
9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.
10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.
12.Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.
13.Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
14.Қолғапты шешеміз
15.Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
Іс-шараның орындалуы:
1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.
2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.
4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.
6.Науқастан тізелерін бүгуін сұрап,табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі).
7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.
8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.
9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманыысырып тазаны жаямыз.
10. Науқас аяғын түсіреміз.
11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.
12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
13. Қолқапты шешеміз
14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс
Науқас жейдесін ауыстыру
Іс-шараның орындалуы:
1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.
2.Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз.
3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.
4. Науқас басын жастыққа түсіреміз.
5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.
6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:
1. Таза жейдені арқасында жинаймыз
2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз
3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз
4. Төменге дейін жейдені жазамыз.
2.2 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Фаулер қалпы —бұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу мақсатында қолданады (сурет 59).
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:
1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай өкпе вентиляциясын жақсартады, сонымен қоса науқаспен қатынасуға жайлылық тудырады.
2. Науқас басына төмен жастық қою мойын бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасынан сақтайды.
3. Егер науқас қолдарымен өз бетінше қозғалыс жасай алмаса қолының астына жастық қоямыз. Қолға тіреу қою веноздық іркілуді азайтады және қол және қол басы бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасының алдын алады.Сонымен қатар, тіреулер иық жарақатының алдын алады.
4. Бел аймағының омыртқаларына жүктемені азайту үшін науқас бел астына жастық немесе поролонды төсем салған жөн.
5. Науқастың дене салмағының ауырлығы әсерінен тізе асты артериясының басылуының алдын алу үшін сан астына жастық немесе бұрау салады.
6. Өкше астына кішкене жастық салу (өкше сүйегінің ойық жарасының алдын алу мақсатында) және науқас табанына 90 бұрышта тіреу қоямыз («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа бүгуін қолдау).
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Симс қалпы – ішпен жатумен және бүйірімен жату арасындағы аралық қалып. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Науқастың мәжбүр пассивті қалпы үшін және ойық жараның алдын алу үшін қолданылады
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:
1.Төсек бас жағын горизонтальді қалыпта ұстаймыз.
2. Науқасты «бүйіріне жату» және жартылай «ішімен жату» қалпына келтіреміз (төсекте науқас ішінің жартысы орналасады);
3. Науқас басына мойынның бүйірлік бүгілуінің алдын алуы үшін жастық саламыз.
4. Жастықты иық деңгейінің бүгілген шынтақ және иық буындарының 90 градустағы бұрышқа саламыз. Басқа қолын бүкпей жаймаға саламыз (дененің дұрыс биомеханикасын сақтау үшін); Мұның барлығы науқас денесінің жазылуына және иықтың ішкі бұралуының алдын алады.
5. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастық салу, себебі аяғы сан деңгейінде орналасуы үшін (санның ішке айналуының, тізе буындарының және тобықтың ойық жараларының алдын алу үшін қолданылады);
6. Аяқ табанының астына құм салынған қапты қою («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа дұрыс бүгуін қолдау).
Науқасты жоғарыда аталған қалыптарға жатқызып, оның ыңғайлы жатқандығына көз жеткізу керек. Барлық қалыптар төсек тартып жатқан ойық жара дамуының қаупі бар кезде әрбір 2 сағат сайын бір науқасқа қолдана алынады.
3- тапсырма
«Мәтінді толықтырыңыз»
Жауабы: Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті.
Жауабы: Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады
Жауабы: Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады
4-тапсырма
№1 бланк |
||
ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ |
|
|
Төсек |
Skin care |
Уход за кожей |
Ойылу |
От пролежней |
Личная гигиена |
Тері күтімі |
Bed |
Personal hygiene |
Жеке бас тазалығы |
From bed sores |
Кровать |
№2 бланк |
|
||||
ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ |
|
|
|||
From bed sores |
Skin care |
Уход за кожей |
|
||
Личная гигиена |
Төсек |
Ойылу |
|
||
Тері күтімі |
Bed |
Personal hygiene |
|
||
Жеке бас тазалығы |
От пролежней |
Кровать |
|
||
№3 бланк |
|
||||
ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ |
|
|
|||
From bed sores |
Skin care |
Кровать |
|
||
Личная гигиена |
Төсек |
Ойылу |
|
||
Тері күтімі |
Bed |
Personal hygiene |
|
||
Жеке бас тазалығы |
От пролежней |
Уход за кожей |
|
||
№4 бланк |
|||||
ТОПТАСТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ |
|
||||
Төсек |
Skin care |
Уход за кожей |
|||
Ойылу |
От пролежней |
Жеке бас тазалығы |
|||
Тері күтімі |
Personal hygiene |
Кровать |
|||
Личная гигиена |
From bed sores |
Bed |
|||
5- тапсырма
Крассворд.
ІV Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин
Студенттер тәжірибелік дағдыларды машықтану.
V Оқушылардың өзіндік жұмысы 90 мин
1.Дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындау.
Техника қауіпсіздік ережесін сақтау 10 минут
2. Стандарт бойынша іс-әрекеттерді муляждарда орындау. 60 минут
3.Орындалған іс-әрекет дағдылардың қатесін түзету. 10 минут
4.Тест сұрақтарын талқылау. 10 минут
VІ Сабақты бекіту – 10 мин
Ситуациялық есептер
VIІ Қорытындылау- 7 мин
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
VIІІ Үйге тапсырма – 3 мин
«Мейірбикелік іс негіздері» С.А.Мухина, И.И.Тарновская
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі