Өлең, жыр, ақындар

Әр түрлі науқастармен қарым-қатынас жасау

Ашық сабақ жоспары:

Тақырыбы: Әр түрлі науқастармен қарым-қатынас жасау

Модуль\пән атауы:«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар»

Дайындаған педагог: Минбарханова Л.Қ.

Мамандық: «Емдеу ісі»

Біліктілік : «Акушер ісі»

Курс: 1

Топ: 101 Ак

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап, көргізбелі,

Блум таксономисын пайдалану.

Сабақтың мақсаты: Пациенттің  психологиясын, оның психикасының ерекшеліктерін, аурудың қалай өтіп жатқандығын түсіну үшін науқастардың ауру кезіндегі мінез құлықтарын зерттеу және әрбір пациентке қатысты ең дұрыс шешім қабылдау.

Білімділік: Медицина саласында нәтижелі жұмыс істеу үшін қарым-қатынас дағдыларын әрдайым дамытудың маңыздылығын түсіну және пайда болған дағдыларды әрдайым жетілдіріп отыру.

 

 

Тәрбиелік: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.

 

Дамытушылық: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.

Сабақтың өзектілігі: Медицина қызметкері мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін медицина қызметкерінің  де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: лекция,

Техникалық-программалық:

 

 

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин

Ү Қорытындылау –5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин

 

І Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу

-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

-Оқушылардың формасын  тексеру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Коммуникативтік құзіреттілік туралы түсінік. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциялық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

        Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальды және вербальды емес тәсілдері.Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары. Вербальдық қарым-қатынас: дауыс, интонация, артикуляция. Вербальды емес қарым-қатынас: визуалдық байланыс, дене қимылы, дене қалпы. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес  тәсілдері көмегімен медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністікті орнату, белсенді және енжар тыңдаушы дағдыларын алу. Көшбасшылық түсінігі, көшбасшылар. Типтері көшбасшылықтағы гендерлік айырмашылық. Медицина қызметкерінің көшбасшылық қасиеттері. Қызметтік өзара қарым-қатынас, субординация қағидалары. Шағын топтардағы психологиялық үрдістер: шешімдер қабылдау, топтық қысым, жанжалдар. Жанжалдар формуласы. Жанжалдық әсер ету стратегиясы.

 

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

            Кейінгі 10 жылдықта медицина мамандары аурулардың көптеген этиологиялық факторлар негізінде пайда болатынын түсіне бастады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың алатын орны мен коммуникация  роліне ерекше қызығушылық туа бастады.

Сол себепті болашақ медицина қызметкерлерін психологиялық тұрғыда дайындауда келесі мәселелер аса маңызды.

  • Философиялық көзқарастың қалыптасуы мен коммуникациялық мәдениет деңгейінің жеткіліктілігі;
  • Адамның кез келген іс- әрекеті және ең алдымен, медицина қызметкері іс-әрекеті белгілі бір құндылықтармен реттелініп отырады, бұл құндылықтар дүниеге көзқарастың ең басты құрамдас бөлігі болып табылады.
  • Медицина маманының «Мен-концепциясының» қалыптасуы және өзіндік бағалауы қалыпты болу керек;
  • Эмпатия деңгейі және «клиникалық ойлау мен кәсіби ұстанымның жоғары дамуы (...өз құндылығын және басқа адамның құнды екенін сезіну, науқасқа емдеу процесінің белсенді қатысушысы ретінде қарым-қатынас жасау).

 

  1. .Бұл бағытты ұстану науқаспен сенімді қарым-қатынас жасауына, мәлімет жинау үшін психологиялық контакт орната алуына және науқасқа қажетті ақпаратты дұрыс жеткізуіне көмектеседі.

 

  1. .Коммуникациялық біліктілік «дәрігер-науқас»альянсын орнатудың басты шарты ретінде, емдеу кезінде науқасқа субьективті ұстанымның қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

  1. . Медицина қызметкерлеріне алуан түрлі науқастармен қарым-қатынас жасауға тура келеді( мазасыз, депрессивті, агрессивтіжәне т.б. , олардың психикасына қайсы бір ауру әсер етіп, бұл жағдай оның өміріне деген , қызметіне, туыстарына өзіне деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді. Медицина қызметкері осындай науқастардың әрқайсысымен дұрыс қарым-қатынас орната алуы керек.

Біз дәрістер барысында меңгердік:

Коммуникативтік жете білушілік түсінігін. Медицина қызметкерінің коммуникативтік жете білушілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамаларды.

Қарым-қатынастың принциптерін және түрлерін.

            Ежелгі грек философы Сократ айтқан «Жанды емдемей , тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда. Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлықтай. Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде, сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан  әрбір  медицина қызметкері жақсы маман болуы мен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болуы қажет деп ойлаймын.

            Ал қазіргі уақытта медицина қызметкері мен науқас арасындағы қарым-қатынас әлі де болса, субьект-обьект сипатында екенін айтуға тура келіп отыр және оның 3 басты себебі бар:

 

1.Медицина қызметкері науқаспен терапевтік процес барысында коммуникациялық кеңістік пен қарым-қатынас орнатуға және оған дайындалу керектігіне аса мән бермейді.

     2. Медицина қызметкері  өзінің потенциалды мүмкіндіктеріне барлық жағдайларда сүйене бермейді . Медицина қызметкері өзін эмоциясыз, жыныссыз «ойлаушы-нұсқаушы» және бақылаушы машина іспетті сезініп, дәл осындай көзқараспен қарым-қатынас жасайды. 

3.Медицина қызметкері науқасқа тек медициналық нұсқаулардың орындаушысы, медициналық біліктілікке қабілетсіз обьект деген түсінікпен қарап, емдеу барысында осындай ойды  ескереді.

 

 

Негізінен медицина саласындағы медициналық қызметкер мен науқастың қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан бері қалыптасқан.

«Адам  өміріндегі ең тамаша нәрсе –оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»деп, ғалым А.Микольн айтпақшы әрбір есі кіріп етек жапқан адам белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады. Ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.

          Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау ерекше көңіл аудару ол әр медицина қызметкерінің міндеті болып табылу керек.

«Ак халатты абзал жандар» деп атағаны медицина қызметкерінің адам алдындағы адамгершілік  парызы  деп санауымыз қажет.

Науқас адамдармен жұмыс жасау қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Медицина қызметкері мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін медицина қызметкерінің  де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс. (Дәрігер әр түрлі адамдармен қарым –қатынас жасайды Мысалы: Жасы егде адамдармен,балалармен, жасөспірімдермен . Соның ішінде ...

Жасы егде ауру адамдармен қарым-қатынас жасау.

 

Жастары ұлғайған науқастармен сұхбаттасудың, қарым-қатынас жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен жастағы науқастармен қарым-қатынас кезінде кездесетін  көріністер. Олар: (қарым-қатыстағы проблема осы)

Қария адамдар ұмытшақ, өкпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмалы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақтылы нәтиже бермеуі. Медицина қызметкеріне олармен қарым-қатынас жасауына бірталай қиыншылықтар тудырады.

  1. Есту, көру қабілеті төмен болуы;
  2. Олар көбінесе қимылдарын шектейтін , қиындықтар туғызатын созылмалы аурулармен ауруы мүмкін;
  3. Емдеу ақысын жоғарлатудан қорыққаннан немесе диагностикалық , емдеу процедураларымен  байланысты туатын қиындықтардан қашу мақсатында өзінің симптомдарын ашық айтудан бас тартады;
  4. Көрініс берген симптомдарды кәрілік әсерінен деп қабылдауы т.б.

Жастарға қарағанда ,жасы үлкен науқастар сырқаты туралы аздап қана, баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сұрақтарына жауап беругекөбірек уақыт бөлген жөн. Медицина қызметкері сабырлы, байыпты сөйлеуі керек. Жылы әрі тыныш, сұхбатқа ешнәрсе кедергі келтірмейтін бөлмеде науқастан мәлімет жинағаны дұрыс.Медицина қызметкері бір сұхбаттан кейін мәліметті «толық жинадым»-дегені кате себебі бірнеше рет сұхбаттасудан кейінгі жиналған мәлімет продуктивті, толығырақ болады.

Жасы келген кісілер өз жастарын сезіне отырып , енді қанша өмір сүретінін есептей бастайды. Үлкен жастағы науқастар өткен өмірдегі күндерді, қуаныштарды, реніштерді еске алуға бейім болып табылады.  Сол себепті қарым –қатынасты  бір қадам жақындатуымыз үшін және олардың денсаулығына, жасына байланысты, ойын, проблемаларын білу маңызды. Мысалы: ( емделуші қарт адамның ойын білу үшін)

  • «Сізді қазір не қуандады немесе не уайымдатады, егер  қолыңыздан келсе өз өміріңізге қандай өзгерістер енгізер едіңіз? »

деген сұраққа оңтайлы жауап берсеолардың өмірге құлшынысын, тез емделіп айығып кетуіне өзінің жәнесанасының дайын екенін анықтауға болады.

Сондықтан медицина қызметкері бұндай адамдармен қатынасып, ем жүргізген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделуі керек:

  • Егде емделушімен құрмет, сыйлы қарым-қатынас жасау керек.
  • Оларға ерекше назар аударып, жағдайына қамқорлық көрсету керек: (жатқан төсегі жәйлі және ыңғайлы, тамақтануы дұрыс болуы, т.б.
  • Емделушінің әлеуметтік , жанұялық жағдайын да ескере отырып, психологиялық  проблемаларын шешуге жәрдем беру керек.
  • Медицина қызметкері аурудың жағдайын , ауру белгілерін мәліметтеген кезде, ешқашан оның егде жасымен байланыстырмау керек.
  • Емдеу жүргізген кезде де ауру адамға оның қарт болуына байланысты, ем нәтижесіз болатындығын айтпаған жөн, мысалы, атеросклероз, стенокардия және т.б.
  • Егде адамдардың ұмытшақ болатындығын ескере отырып, медицина қызметкері оларға ем шараларын, әсіресе дәрі қабылдау ережелерін асықпай толық түсіндіру керек.

 

  • Дәрінің мөлшерін, қабылдау уақытын, арасындағы ұзақтығын асықпай толық түсіндіру керек. Кейбір жағдайда олардың  туған туыстарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме беру немесе жазбаша түрде де беру керек. 

Қарт емделушілер уайымшыл болуына байланысты, медицина қызметкері олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп  төзімді болып, оларды өкпелетіп алмауы үшін әр сөзін іс әрекетін бақылап қадағалап отыру керек.

Келесі кезекте балалармен қарым-қатынас жасау.

 

Балалармен қарым- қатынас жасағанда медицина қызметкері балалардағы мына ерекшелікті түсіне және ажырата алуы керек. Мысалы:

  • Балалардың организмі, психикасы даму үстінде болуы;
  • Ойы тұрақталмағаны,әлсіз және нәзік болуы т.б. ерекшеліктері қарым-қатынас жасауға шектеу болып кедергілер тудырады.
  • Психогенді бұзылыстар балаларда жиі дамып нақтылы және ашық түрде айқындалады.
  • Олардың вегетативтік функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда құсуы, диарея, ентігу, жөтелу байқалады.
  • Балаларда қорқудың әсерінен депрессия пайда болып қарсылық білдіреді.

Осыған байланысты науқастанған балаларды емдеп қарым-қатынас жасаған кезде  медицина қызметкері келесі принциптерді қолданып арқа тұтады.

  1. Медицина қызметкері қатынасу түрін таңдауы қажет.
  2. Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет.
  3. Медицина қызметкері сөз байлығын артистік қасиетін және мимика мен жест әдістерін кеңінен қолдану керек.
  4. Медицина қызметкері қарым-қатынас жасағанда сұхбатты ойын түрінде жүргізгені тиімді болады.
  5. Сұхбаттасуды қызықты , қорқынышты емес заттарды сұраумен басталуы керек. (Мысалы, мектепте бүгін қандай сабақ болды немесе үстіңдегі киімің қандай келісімді.) сұхбаттасуды ақырын, жылы сөйлеу, баланы өзіне баулу арқылы жүргізіледі.

 

  • Сенің анаң мағансенің ішің қатты ауырады деп айтты. Өзің осы туралы айтшы, қалай ауырады?
  • Мектепте жиі сабақты жібересің бе?сенің ауырсыну сезіміңді басайын ба? сенің ойыңша неге ауырады?Бүлдіршін симптомдарды субьективті түрде бағалау үшін келесі сұрақтар қойылады:
  • Қай жерің ауырады , көрсетші?
  • Осы жеріңді ауырмайтын етеміз бе? 

дей отырып медициналық жәрдімді қөрсетсек болады.

Жасөспірімдермен сұхбаттасу

Медицина қызметкерлері жасөспірімдермен сұбаттасқанда көптеген қиыншылықтарға тап болады.

Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жасөспірімдік кезең қиын әрі өте маңызды деп анықталды. Жасөспірім кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер А.Е. Личко, Л.С. Выготский, т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл  бөлу керек екендігін атап өткен.

Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерінен қарым-қатынастарын өмірге деген қөзқарасын түбірінен өзгердеді.

Бұл өзгерістер қысқа мерзімде секірмелі қауырт даму сипатында болып, бала өмірінде әр түрлі субективтік қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өз бетімен шешуді талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Олар төмендегідей:

  • Олардың өсіп жетілуінде жасөспірімдік жасының алатын орны;
  • Баланың ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістердің орын алуы;
  • Қоршаған ортаға , адамдар арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының өзгеруі;
  • Ересектердің ықпалына көне қоймауы, қиқар мінез көрсету, дөрекілік, қарсылық тентектік, бүкпелік, тұйықтық сияқты ерекшеліктер орын алады. 

 

 

 

Жасөспірімдермен карым-қатынас жасағанда мына жайттарды ескерген жөн.

  • Жасөспірімдер басқа адамдар секілді, айналадағыларына мейірімді, адам ретінде сыйлап қызығушылық білдіреді;
  • Жасөспірімдермен бөлек сұхбаттасқан жөн;
  • Сұхбаттасуды әңгімелесуден, яғни оның достары, мектеп, отбасы туралы сұраудан бастау қажет;
  • Медицина қызметкері жасөспірімнің тиісті құпиясын сақтауы –негізгі міндеті болып табылады;
  • Егер жасөспірім үшін, конфиденциальді мәліметті басқа біреумен талқылағыңыз келсе, емделушіден рұқсат алуы керек.
  • Көптеген жағдайда мейірімді формальді емес орта құру арқылы, жасөспіріммен тілдесуге болады.
  • Медицина қызметкері емделушінің жасына лайықты өзін-өзі ұстап қарым-қатынас жасаса үлкен жетістіктерге жетеді.
  • ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту. Блум таксономисы аясындағы тапсырмалар

 

  • Білу:

 

  • Түсіну:

 

  • Қолдану:

 

  • Талдау:

 

  • Бағалау: 

 

Медициналық манипуляцияларды түсіндіру бойынша коммуникативтік дағдыларды студент әрекет ету алгоритмін және орындау критерилерін білу

Науқас және медицина қызметкері тиімді қарым-қатынас жасау қағидаларындиалог құрып түсінгенін білу

Диалог құру :

«науқас және медицина қызметкері ролі»

Диалог дұрыс не бұрыс болғанын талдау

Студенттер өз жұмыстарының барысын өздері дұрыстығын не бұрыстығын айтып талдайды, бағаланады.

 

Ү Қорытындылау-5 минут Студенттер өз жұмыстарының барысын өздері дұрыстығын не бұрыстығын айтып талдайды, сол нәтиже айтылып  бағаланады.

 

  • ҮІ Үйге тапсырма

Асимов М.А., С.А. Нұрмағанбетова , Ю.В.  Игнатьев « Коммуникативті дағдылар» оқулық 30-60 беттер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз