Өлең, жыр, ақындар

«Экология және адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

Пән: _Биология       

Оқыушы:     Матаева А.К.

Мамандық:  Емдеу   ісі

Курс:   І_

Топ:  «А»_

Күні:  .18.2021ж.

Тақырыбы: «Экология және адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға  әсері».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылырдың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

-қалдықтарды кәдеге жаратудың маңызын;

-экологиялық бақылау қажеттілігін;

-табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту мәселесін;

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтымды жауап беруге, пандемияға байланысты арақашықтықты сақтай отыруды дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық өз

бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық

ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: конференция.

Сабаққа бөлінген уақыт: 45 минут

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікір-талас, т.б.

Пән ішілік байланыс: Биосфера, экожүйе, популяция

Пән аралық байланыс: Экология, География, Биология.

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: Биология оқулығы, оқу жұмыс бағдарламасы, силлабус

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта 

Пайдаланылған әдебиет:

Негізі: https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра   https://www.okulyk.kz/10-class

2. Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 сынып  – Алматы: 2019, Мектеп https://www.okulyk.kz/10-class

Оқушы білуі тиіс: экологиялық мәселелер, ластану, кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық бақылау, табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігі.

 

Сабақтың хронокартасы:

 

Ι. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)

ΙΙ. Конференция жоспары:  (20мин)

ІІІ. Әр топқа Қазақстанның экологиялық проблемалы аймақтары туралы тапсырмалар беріледі. (10 мин)

ІV. Ситуациялық сұрақтар. (10 мин)

V. Сабақты қорытындылау  (3 минут)

 

Сабақтың өту барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі  "Конференция" сайысына хош келіпсіздер!

Конференциялық сайыстың негізгі шартымен, топтардың атымен, кезеңдерімен таныстырып өтейін.

3 топ қатысады: І Емдеу ісі "А" тобы.  Әр топ 4 студенттен құралған.

 

  1. І топ  «Атмосфера» тобы
  2. ІІ топ  «Гидросфера» тобы
  3. ІІІ топ «Биосфера» тобы

І топ қатысушылары

  1. Алтыбай Нұрдәулет
  2. Парманова Сабина
  3. Жалғасбай Оралбек
  4. Әлеухан Бекарыс

ІІ топ қатысушылары

  1. Егентай Ақдидар
  2. Мұқанғали Бақберген
  3. Химматов Фарух
  4. Мамрежепов Ерасыл

ІІІ топ қатысушылары

  1. Анапия Ұлнұр
  2. Бөрібай Балнұр
  3. Қайырбай Шыңғыс
  4. Қырланбай Бекнұр

 

ΙΙ. Конференция жоспары:  (20мин)

1.мұғалімнің кіріспе баяндамасы.

Баяндама.

Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай , елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы Заң қабылданды. Кодекс ұғымы бір жүйеге келтірілген заңдар мен ережелер жүйесінің біртұтас заңдастырылған жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуына негізінен, өнеркәсіп орындарынан , жанармайды пайдаланатын көліктерден бөлінетін су буларының, көмірқышқыл газының , азот оксидінің , күкірт ангидридтерінің , метанның және тағы басқа улы қоспалардың әсері мол. Мұндай улы қоспалар жер бетінің атмосфера қабатында жылу энергиясының жинақталып, жер бетінің жаппай жылынуына әсер ететіні де белгілі. Жер бетінің ғаламдық жылынуы Антарктидадағы, Арктикадағы мұздың және биік таулы аймақтардағы мұздықтардың жаппай еруіне әсер етеді деген пікірлер де бар. Қазіргі ғылыми деректер бойынша соңғы әрбір 10 жылда әлемдік мұхит деңгейі орта есеппен             6 см-ге көтерілетіні анықталған.

Жер бетіндегі ғаламдық өзгерістердің бәріне де адамның шаруашылық іс - әрекетінің әсері айқын байқалуда. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер баршылық. . Олар ауаның , судың ластануы , өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің бәрі адам өміріне , денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.

 Үздіксіз экологиялық тәрбие беруде мемлекеттік деңгейде мән беріліп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында  республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында табиғат байлықтары, оның ішінде тіршілік көзі – су мәселесіне де арнайы тоқталған болатын. Онда: «Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз»,-деп атап айтқан болатын. Әсіресе, су мәселесіне қорғау, оны болашақтың үлкен байлығы ретінде жеткізу аса маңызды.

Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барың сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға    - деп бабамыз жырлағандай бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған экология мәселесі.

Атап айтар болсам , қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы – экологиялық жағдайлардың күннен-күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде.

Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері - оқушылардың табиғи ортадағы адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерді көре білуі, сол табиғи ортаны қалпына келтіруге атсалысуы, оның сапалы болуын қамтамасыз етуін, оқушылардың табиғи ортаға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды.

«Экологиялық тәрбие» қоршаған ортаға саналы түрде қарайтын, оның байлықтарын парасаттылықпен игеретін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу.

«Табиғатты қорғайық, аялайық

Барды - жоқты пайымдай баяндайық.

Болашақта қызығын көру үшін

Қатысса деп ойлаймыз барша халық ! »

 

2. Оқушылардың экологиялық тақырыптарға дайындап келген баяндамаларын қорғауы.

 

1-тақырып бойынша баяндамашылар:

  1. Парманова Сабина  Экология ғылымы нені зерттейді?
  2. Алтыбай Нұрдәулет  Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?

 

2-тақырып бойынша баяндамашылар:

1.    Мамрежепов Нұрасыл  Судың ластануы қандай ауруларға әкеп соқтырады?

2.    Егентай Ақдидар    Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай?

 

3- тақырып  баяндамашылар:

  1. Анапия Ұлнұр      Өзіміздің Семей қаласының экологиясы туралы не білесің?
  2. Қырланбай Бекнұр  Қаламыздың экологиясын қалай жақсартуға болады?

 

1-тақырып бойынша баяндамашылар:     

Парманова Сабина  Экология ғылымы нені зерттейді?  Экология (грек тілінен аударғанда: οἶκος, «үй» немесе «тірі қатынастар») - қоршаған ортаны қорғау жүйесін зерттейтін биология ғылымдарының бөлімі, оның ғылыми зерттеу саласы -

Сондықтан экология қоршаған ортаны қорғау жүйесін зерттейді, ал экология табиғат әлемінде оқшауланған жеке компоненттерге емес, керісінше осы бөліктердің өзара әрекеттесу тәсіліне қызықтырады деп айтылады.

Экология биоалуантүрліліктің кез-келген түріне қатысты болғандықтан, экологтар қоректік заттарды қайта өңдеудегі ұсақ бактериялардың рөлінен бастап, жердің атмосферасына тропикалық орманның әсеріне дейін зерттейді.

Экология пәні 19 ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарынан пайда болды. Айта кету керек, экология қоршаған ортамен, экологизммен немесе қоршаған ортаны қорғау ғылымымен синоним емес. Бұл физиология, эволюция, генетика және мінез-құлық пәндерімен тығыз байланысты.

 

Экологияның зерттеу саласы

Көптеген жаратылыстану ғылымдары сияқты экологияның тұжырымдамалық түсінігі зерттеудің кеңірек мәліметтерінде кездеседі, соның ішінде:

 

1-Бейімделуді түсіндіретін өмірлік процестер.
2-Организмдердің таралуы және көптігі.
3-Тірі қауымдастықтар арқылы материалдар мен энергияның қозғалысы.
4-Экожүйелер қалай дамиды.
5- Биоалуантүрлілік қалай және қаншалықты таралады.

 

Экологияны табиғатты қорғау биологиясында, батпақты алқаптарды басқаруда, табиғи ресурстарды басқаруда (ауыл, орман, балық шаруашылығы), қала жоспарлауда (қала экологиясы), қоғам денсаулығын сақтау, экономика, іргелі және қолданбалы ғылымда көптеген практикалық қолданбалар бар және олардың тұжырымдамалық негіздерін ұсынады адамдардың әлеуметтік өзара әрекеттесуін түсіну және зерттеу (адам экологиясы).

Биологиялық әртүрліліктің ғаламдық заңдылықтары күрделі. Экологияның күрделілігі кем дегенде алты түрлі болады: кеңістіктік, уақыттық, құрылымдық, процедуралық, мінез-құлық және геометриялық.

Мысалы, кішігірім заңдылықтар ауқымды құбылыстарды міндетті түрде түсіндіре бермейді.

Экологтар пайда болған және өзін-өзі ұйымдастыратын құбылыстарды анықтады, олар қоршаған ортаға әсер етудің әртүрлі масштабтарында, молекулярлықтан планетарлыққа дейін жұмыс істейді және әртүрлі ғылыми түсіндірулер жиынтығын қажет етеді.

 

Алтыбай Нұрдәулет  Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?

 Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

-организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

-табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

-адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

-биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

-биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

-көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптасты.

Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзар әсерлесуі туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі кезеңінде пайда болды. Оның қалыптасуы қоғамның сондай-ақ өндірістік күштердің даму деңгейімен де  тығыз байланысты. Ф.Энгельстің айтуынша , «ғылымның ең  бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді» депті.

Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э.Геккельдің анықтамасы бойынша , экология- бұл организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Басқа жұмысында(1868ж.) Геккель жазған: «Біз экология деп экономика туралы, жануар организмінің үй тұрмысы туралы ғылымды ұғынамыз» дейді. Ол қоғам өмір  сүруінің  маңызды жағдайы ретінде табиғат экономикасын  зертейді, сөйтіп ол тек биологиялық қана емес , сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады

    

Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.


1Аутэкология  - особьтар экологиясы.

             Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері.


2. Демэкология - популяциялық экология.

Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

            Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология  - қауымдастық экологиясы.

Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
 

2-тақырып бойынша баяндамашылар:     

Мамрежепов Нұрасыл  Судың ластануы қандай ауруларға әкеп соқтырады? судың ластануы немесе гидро - бұл қоршаған ортаға және тіршілікке зиянды физикалық-химиялық немесе биологиялық сипаттамаларының кез-келген өзгерісі. Ол сондай-ақ судың ластануы деп аталады және ластаушы заттардың болуымен анықталады.

Ластаушы заттар химиялық, физикалық немесе биологиялық болуы мүмкін, олардың ішінде химиялық заттар ең көп кездеседі. Бұлар суға ағызу, төгілу, қалдықтар және тікелей немесе жанама шөгінділер арқылы жетіп, оны мекендейтін немесе тұтынатын организмдерге зиян келтіреді.

Суды ластаушы заттарға жуғыш заттар, майлар, мұнай және оның туындылары, тыңайтқыштар мен пестицидтер, ауыр металдар және пластмасса жатады. Ластанудың негізгі көздері - ірі қалалар, өнеркәсіп орындары, мұнай қызметі, тау-кен өндірісі, ауылшаруашылығы, теңіздер мен өзендердің көлігі.

Суды ластау мәселесін шешу үшін шешім күрделі және ғылыми зерттеулер мен халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Сонымен қатар, ағынды суларды тиісті деңгейде тазарту қажет және қатаң экологиялық ережелер белгіленуі керек.

Судың бүкіл әлем бойынша ластануы

Латын Америкасында судың ластануының күрделі проблемалары бар, олардың көпшілігі тазартылмаған қалалық және өндірістік сарқынды сулар мен тау-кен жұмыстарынан туындайды.

Мексикада елдің солтүстігі, негізінен, ауыр металдардың әсерінен судың ең жоғары ластануы бар аймақтардың бірі болып табылады. Бұл салада ластану көздері қалалық, өндірістік, тау-кен және ауылшаруашылық ағынды сулар болып табылады.

Судың ластану себептері

Судың әр түрлі қолданыстары бар, және оны қамтитын процестердің әрқайсысында ол ластануға бейім.

Ластану көздері ластану көзі мен жолын нақты анықтауға болатын кезде ерекше болады. Ластанудың нүктелік емес көздері жағдайында ластаушы заттың төгілу нүктесін нақты көрсету мүмкін емес.

Кейбір табиғи ластаушы көздер бар, мысалы, кейбір геоморфологиялық түзілімдердің эрозиясынан пайда болатын ауыр металдар. Алайда ластанудың ең маңызды және ауыр көздері адамның іс-әрекетінен туындайды.

Қалалық қызмет

Үйде әртүрлі заттар қолданылады, олар тиісті түрде жойылмаған кезде, төгіліп, су қоймаларына өтеді.

Тұрмыстық қызметтің нәтижесінде кейбір қатты қалдықтар, егер олар дұрыс басқарылмаса, сулы горизонттарға өтуі мүмкін.

Электрондық құрылғылардың, батареялардың және басқа компоненттердің қалдықтары сынап, қорғасын және кадмий сияқты ауыр металдарды қосады. Бұл қалдықтар тікелей немесе жанама түрде жер үсті немесе жер асты су айдындарына жетуі мүмкін.

Өндірістік қызмет

Өнеркәсіп саласында өндірілетін химиялық заттар әр түрлі, олар ауыр металдарды, мұнай туындыларын, азот пен күкірт оксидтерін, майларды, майларды және жуғыш заттарды таба алады.

Мұнай қызметі

Мұнай мен оның туындыларын өндіру, сақтау және тасымалдау суды ластаудың қауіпті көздерінің бірі болып табылады.

Мұнайдың теңіздер мен өзендерге төгілуі су жануарларының өлуіне себеп болатын оттегінің таралуын болдырмайтын кең қабаттар түзеді. Судағы құстардың ерекше жағдайында, олардың қауырсындары маймен сіңген кезде оларға қатты әсер етеді.

Екінші жағынан, қалпына келтіру шаралары қымбат және қиын және олардың ластаушы әсері ұзақ уақытқа созылады.

 

Егентай Ақдидар    Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай?

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда. Оның мәні экономика, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекеттестігінің бір қатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары жасалған және біз нақты экологиялық мәселелерді шешуге бел шеше кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады.

Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады.

Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларындағы ластанудың негізгі көздері мыналар болып саналады.

  • өнеркәсіптік мекемелер
  • жылу беруші қондырғылар
  • көлік
  • ауылдық аудандардың ауа бассейінін ластау көздері
  • радиактивтік ластану

Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы

Ертіс – Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен Обьтың сол саласы. КХР-дегі Моңғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі мұздықтардан басталады. Жалпы ұзындығы 4248 км . Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарын бірі болып табылатын Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік шығысында орналасқан аймақтарды, яғни түсті металлургияның дамыған орталықтарын басып өтеді.

Сонымен Ертіс өзені алабы- Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік , ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабына Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд.м3

-ті құрайды, оның шамамен 10 проценті ешқандай тазаланбай, ал 30 процентке дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі.

Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтың су ресурстарының жағдайына тау-кен өнеркәсібінің бос қалған рудниктері мен шахталары, сонымен қатар Шығыс Қазақстандағы орманды кесуде елеулі әсерін тигізеді. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады. Ертіс өзенінің ластану деңгейі, Шығыс Қазақстанда 2002 жылы орташа деп сипатталғанмен де, өзен алабына түсетін өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдық сулардың мөлшері жылына шамамен жүздеген мың тоннаға жетті. Ертіс өзені алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды ластануы , тазарту қондырғылары ескі Серебрян ,Өскемен және Семей аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға ұшыраған кезіндегі тау-кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш , 3 тонна мыс, 2 тоннаданда кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖК (шектеулі жіберілетін концентрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағысынан Обь өзеніне құятын жеріне дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді . Бұл жерде өте назар аударатын жағдай оң жақ жағалау салалардағы мырыштың ерітіндісі сол жақ салаларға қарағанда 8,1 есеге көп , бұл жағдай Ертіс өзенінің оң жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі,Үбі,Глубочанка, Красноярка сияқты өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан-магний және қорғасын-мырыш, Ертіс химия-металургиялық комбинаттармен және де тағы басқа өнеркәсіп орныдарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі.

Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізгі көздері Өскемен, Лениногор, Зырян, Семей және Глубокойдағы өнеркәсіп орындары. Ертіс өзені алабының табиғи және климаттық жағдайларының ерекшеліктері және техногендік ластанудың өте күштілігі, топырақ жамылғысының бұзылуы мен ластануының жоғары деңгейде екенін анықтайды. Ертіс өзені алабының Шығыс Қазақстан аймағы бойынша тұтасымен улылықтың жоғары деңгейіндегі өзіндік геохимиялық ауытқуы пайда болды. Бүкіл осы аймақ бойынша 1 гектар жерге жүргізілген жұмыстың орташа құны 150-200 мың теңге болатын 6300 гектар жер шұғыл тезарадағы өңдеуді қажет етеді. Түсті және тау- кен өндірісінің өнеркәсіптерінің улы қалдықтарымен залалсыздандыру әдістері және қалдықтарының қоршаған табиғи ортаға көмілуі, оның ластануына әкеп соғады, тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың көмілу полигондарын өңдеу жеткіліксіз көлемде жасалынуда.

Қорыта келгенде, Балқаш көлі алабының өзендер ағыны ресурстарының экологиялық бағасы және Іле-Балқаш аймағындағы жер асты сулары ресурстарын пайдалану перспективаларының бағамдары: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы транс шекаралық өзендерді тиімді пайдаланып , Балқаш көлінің

деңгейі төмендеп құрғап кетпеуіне барынша мүмкіндік жасау біздің ең басты мәселеміз болып табылады.

 

3-тақырып бойынша баяндамашылар:     

Анапия Ұлнұр    Өзіміздің Семей қаласының экологиясы туралы не білесің?

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан

адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

Ядролық сынақтар

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

 

Қырланбай Бекнұр  Қаламыздың экологиясын қалай жақсартуға болады?

Экологиялық кодекстің жаңа үлгісі әзірленіп жатыр, «Атамекен» құжатқа нақты жұмыс істейтін өзгертулер ұсынбақ

Биыл өнеркәсіптік, жер қазба байлықтарына бай, әйтсе де тарихында зиянды реактивтер сыналған ядролық полигоны болған Қазақстан үшін экология жылы болып бекітіліп отыр. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экологияның маңыздылығы ерекше айтылған. Атап айтқанда кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек. Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.

«Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді. Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық. «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды» делінген. Сонымен қатар Экологиялық кодекске өзгертулер енгізу тапсырылды.

Қазақстан Республикасы жер қойнауында құнды металдары, мұнай-газымен әйгілі мемлекет. Кейбір сирек кездесетін металдар бойынша әлемнің көш басында еліміз тұр. Жер қойнауындағы байлықты игеру басында орта және ірі кәспорындар тұр. Өндірістік қалалар, өңдеу зауыттары ел экономикасының басымдыққа ие салалары. Алайда ірі өндірістің адамзатқа әкелетін пайдасымен қатар зияны да көп. Қазақстан өңіріндегі өндірістік қалалардың экологиясы құлдырап барады. Жергілікті халық та қоршаған ортаның ластануына наразы, балалардың денсаулығына алаңдайды. Жыл сайын бала сүймеген отбасылар саны артып, қатерлі ісік, өкпе, тыныс алу жолдары аурылары көбейіп келеді.

Көмір генерациясы 

Қазақстанда көмір ірі кең орындары: тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Қазақстанның энергетика саласы 80%-ға көмір генерациясына негізделген. Демек, республика бойынша 38-ге жуық энергия мен жылу станциялары көмір отынынан алынады. Ал көмірден бөлінетін ұлы заттар ауаны ластайды. Әзірге басқа баламаға көші мүмкін емес.

ІІІ. Әр топқа Қазақстанның экологиялық проблемалы аймақтары туралы тапсырмалар бойынша «Еркін жазу» стратегиясы бойынша. (Оқушының өз пікірлерін жеткізу)  

(10 мин)

 

І топ  «Аралым арым»

ІІ топ   «Балқашым бағым»

ІІІ топ  «Байқоңыр – ғарыш айлағы»

 

ІV. Ситуациялық сұрақтар  (10 мин)

І топ.

  1. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды…
  2. Бір топ демалушылар орманға барды олардың арасында сіз де барсыз. Бір мезгілде отын жағу барысында сіздің достарыңыз отты сөндірмей кете барды. Сіз оларға ескерттіңіз, бірақ олар тыңдамады. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

 

ІІ топ.

  1. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді….
  2. Сіз көшеде келе жатып шөлдеп, жолдан дүкенге кіріп сусын сатып алдыңыз. Оны лақтырайын десеңіз жақын жерде қалдық салатын жәшік көрінбейді.Ондай жағдайда не істейсіз?

 

ІІІ топ.

  1. Егер сіз көршіңіздің үйінен шығарған қалдығын көшеге лақтыра салғанын көрсеңіз. Сіздің іс-әркетіңіз?
  2. Біздің ауылымызда қоршаған орта, ауа қандай көздер арқылы ластанады деп ойлайсың?

 

Мұғалім: Қазақстанның және ауылдың экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар жасауға болады? Осы жайында ұсыныс, пікірлерің болса,ортаға салуларыңа болады..

 

Қорытынды: Құрметті оқушылар! Міне, бүгінгі сабақта өздеріңмен «Экология және адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбында қазір заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық . Әрине , экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз  

 

 Сабақты мынандай  экологиялық тірек-сызбамен қорытындылағым келеді.

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз