Өлең, жыр, ақындар

Майлар

 

Пән: _______Химия__________________

Мамандық: ___ 0301000 «Емдеу ісі»___

Курс: ___I__________________________

Топ:   103Ак________________________

Күні: __17.04.18ж____________________

Тақырыбы: Майлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға майлар, олардың табиғаттағы кездесуі, маңызы, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; майлардың ағзаға өте қажетті, бағалы қоректік зат екендігі туралы, майлардың гидролизі мен майларды техникада қолдану туралы білімді қалыптастыру;

Тәрбиелік: Cабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа, тез ойлауға, жылдамдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Майлардың адам өміріндегі маңызын, қолданылуын білім және дағдыларын жетілдіру

Сабақтың уақыты:   

Сабақты өткізу орны: 4-41 аудитория

Сабақтың түрі: Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Проблемалық оқыту технологиясы, топтап оқыту технологиясы, өзара белсенді оқыту технологиясы

Пәнішілік байланыс: Көмірсулар. Ақуыздар

Пәнаралық байланыс: биология, медицина, тарих, физиология, физика, математика

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: слайд-презентация, плакаттар, периодтық кесте, лабораториялық ыдыстар, химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтер (сутектің асқын тотығы 3%, этил спирті, калий перманганаты, жасыл бриллиант, иод ерітіндісі, ас содасы, сірке қышқылы, жұмыртқа, сіріңке, желім, су, ақ мата, аммиак ерітіндісі. бензол, күнбағыс майы, картоп, лимон қышқылы).

Техникалық-программалық: компьютер, проектор, интерактивті тақта, флеш карта

Оқушы білуі тиіс:

  • Майлардың құрамы мен қасиетін;
  • Майлардың табиғатта кездесуі мен жіктелуін;
  • Майлардың адам ағзасына пайдасы мен зиянын және маңызын.

Оқушы істей білуі тиіс:

  • Майлардың физикалық қасиеттерін;
  • Майларды бір-бірінен ажыратуды;
  • Майлардың күнделікті өмірде қолданылуын.

                                                                     

Сабақтың хронокартасы

І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ. Теориялық білімін тексеру – 20 мин

ІІІ. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин

ІҮ. Оқушылардың өзіндік жұмысы – 90 мин

V. Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау – 38 мин

VI. Сабақты бекіту – 15 мин

VII. Қорытындылау - 5 мин

VIІІ. Үйге тапсырма – 2 мин

 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру және оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау.

ІІ. Теориялық білімін тексеру.

Барлық өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде майлар болады.  Көмірсулар мен ақуыздар сияқты майлар тағамның негізгі құрам бөлігі. Жануарлар мен адам жасушаларындағы майдың мөлшерi 90%-ға жуық болу мүмкiн. Майлы тағамдарға сары май, мал майы және өсімдік майы жатады.

Адамға тәулігіне 50—70 г май қажет. Үнемі майсыз тағаммен қоректену жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Адам организмі қанықпаған май қышқылдарын өздігінен синтездей алмайтын болғандықтан, оларды дайын күйінде тағаммен қабылдауы керек. Мысалы, сұйық майдың құрамында витамин Е және қан тамырларында холестериннің жиналуына кедергі келтіріп, атеросклерозды болдырмайтын зат — β-ситостерин кездеседі. Сары майда көздің көруі мен адамның бойы мен шашының өсуін қолдайтын зат β-каротин болады. Тазартылмаған (рафинадталмаған) майда организмге аса қажет фосфолипидтер болады.

Май ыдырағанда көміртек (IV) оксиді мен суға айналады. Бұл процестер экзотермиялық — организмнің тіршілігіне қажетті энергия бөледі. Осылайша май биологиялық отын, тірі организм үшін энергия көзі болып табылады. Май қорытылғанда бөлінетін энергияның мөлшері көмірсулар мен ақуыздардан бөлінетін энергиядан екі еседей артық.

 

Майлардың құрамы мен құрылысы

 

                    

                    Марселен Бертло                                        Мишель Эжен Шеврёль 

 

Майдың құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда, глицерин жәнө карбон қышқылдары түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді (1854 ж.) Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.

Алу жолдары. Майларды жануарлар мен өсімдіктерден алады. Тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды.

Физикалық қасиеттері. Майлар судан жеңіл, тығыздығы 0,9-0,95 г/см³. Суда ерімейді, көптеген органикалық еріткіштерде (бензол, бензин, дихлорэтан) ериді. Майдың балқу температурасы оның құрамындағы карбон қышқылы қалдығына байланысты. Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді. Өсімдік майы, әдетте, сұйық, ал жануар майы қатты болады. Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы, ал өсімдік майларының қаттысы да кездесіп қалады. Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамына кіретін карбон қышқылының табиғатына байланысты. Құрамына қанықпаған карбон қышқылының қалдығы кірсе, май сұйық, ал қаныққан қышқыл қалдығы кірсе, май қатты болады.

 

Майлардың жіктелуі

Майлар

Тегі

Мысалдар

Құрамындағы карбон қышқылының қалдығы

Сұйық

Негізінен, өсімдіктектес

Күнбағыс, мақта, жүгері, зәйтүн балық майы

Негізінен, қанықпаған

Қатты

Негізінен, жануартектес

Қой, сиыр, шошқа, кит, түлен, кокос майы

Негізінен, қаныққан

 

Сұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау үшін саломасқа аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен қатар дәм және түс беретін қоспалар қосады. Сары майдан маргариннің дәмі өзгеше, ал калориясы және сіңімділігі жағынан кем емес. Сары майға қарағанда маргаринде қанықпаған глицеридтердің көбірек болуы қан тамырларында майдың жиналуына кері әсерін тигізеді. Құрамында майы бар дәмді тағамдардың бірі — майонез. Ол, негізінен, өсімдік майынан (65%) тұрады. Майонезді майға су (25%), жұмыртқа ұнтағын (5-6%), құрғақ сүт (2-3%), қант, сіркесуын және дәм беретін заттар қосып дайындайды. Сонымен қатар майларды техникалық мақсаттарға да пайдаланады. Мысалы, олардан сабын жасайды. Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде АлматыдаӨскемендеШымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар.

            Майлардың қызметтері

Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

Құрылыс қызметі. Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.

Майлар - энергия көзі. Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны - майлар. Майлар - организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25-30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан белінетін энергиядан екі есе көп.

 Май - қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинақталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

            Майдың қорғаныштық қызметі. Май жылуды нашар өткізеді. Осыған байланысты жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы - жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

            Май — су көзі. 1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды «метаболиттік су» деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

 

ІІІ. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық.

Әр топқа өзіндік жұмыс көлемі мен орындалу уақыты беріледі. Өзіндік жұмыс орындауға арналған барлық материал әдістемелік әзірлеменің қосымшасында беріледі. Майлар туралы видеоролик көрсетіледі.

 

ІҮ. Оқушылардың өзіндік жұмысы

Майлар тақырыбы бойынша өздерінің ізденген материалдарын бір-бірімен алмасады, жан-жақты сараптап, талдайды.

 

Адам денесі орташа алғанда 15 — 20% нәруыздан, 0,6% көмірсудан, 19% майдан, 60 — 65% судан, 5,8% тұздан тұрады. Толыққанды азық құрамында организмге қажетті заттардың барлығы, ең алдымен, көмірсулар, нәруыздар, майлар болуы қажет.

 

 

 

Сары майдың пайдасы мен зияны

Сары майдың құрамы минералды заттарға бай тағам. Оның құрамында калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, мыс және марганец бар. Оған қоса, кейбір түрлерінің құрамында А, Е және К дәрумендерімен қатар, РР, В1, В2, В5 және D дәрумендерін де кездестіруге болады. Дей тұра, сарымайдың құрамындағы май үлесі адам ағзасына қажетті шамадан 2,5 есе көп екендігін ескеру керек. Осы жағдай холестеринге де қатысты.

Зияны: Сарымай дене салмағы артық адамға, әлбетте зиянын тигізетін тағам. Сүт өнімдеріне, соның ішінде сиыр сүтіне аллергиясы бар жандарға сарымайды тұтынбаған абзал. Сарымайдан аулақ болудың тағы бір себебі - оның құрамындағы холестерин мөлшерінің тым жоғару болуы.

Пайдасы: Әйел ағзасында холестерин  жетіспеген кезде, бұл оны бедеулікке алып келеді. Оған қоса, майды аз тұтыну – менопауза уақытын жақындата түседі. Өзінің тамақ рационына қажетті мөлшерде сарымай қосқан адамның асқазанындағы кішкентай жаралар жазыла бастайды. Сондықтан асқазаны ауыратын адамдарға сарымайдан бас тартпаған жөн. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Сарымай адамның иммунитетін күшейтіп, белсенділігін арттыра түседі. Ағзаға қажетті мөлшері Сарымайдың зияны мен пайдасын бір таразы басына қойсақ, пайдасы басымдырақ екендігіне көз жеткізуге болады. Сарымайдан мүлдем бас тарту, денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді. Бірақ егер Сіз күнделікті тамақ рационына 30 грамм сарымай қосатын болсаңыз, бұл сіздің сымбатыңызға еш қауіп төндірмей, ағзаңыздың сау болуына көмектеседі. 

Жылу мен күш-қуат. Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді.

Дәрумендер. Сары майдағы А, D, E, K дәрумендері терінің жұмсақтығы, шаштың әдемілігі мен тырнақтың саулығына үлкен әсер етеді. Мысалға айтсақ, А дәрумені майлардың арасында тек осы сары майда бар. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Иммунитетті жақсартатын майды суық маусымда 60-70 граммға дейін көбейткен дұрыс. А дәруменіне байланысты май тыныс мүшелерін ішінен "майлап", жөтелді емделуді тездетеді. Ал Е дәрумені қан тамырларын  тазалап, берік қылады, шаршағандық сезімін басады.

Көңіл-күй. Бәріміз де шоколад құрамында бақыт гормоны серотонин бар екендігін білеміз. Алайда бұл гормон сары май құрамында да бар екендігін біле бермейміз. Серотонин тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай ұйқыны реттеп, ауру сезімін, аштықты баса алады.

Ми жұмысы. Сүттің майлары адам ағзасындағы жасушалар алмасуы үшін өте маңызды. Бұндай қосылыстар әсіресе мида көп. Сары майдан толықтай бас тарту ми жұмысындағы қиындықтарға әкеле алады. Бұл ақыл мен ой-өріске зиянын тигізуі мүмкін.

Холестерин. Холестерин ұғымын бұрыннан бері денсаулыққа зияны бар зат деп санаймыз. Бірақ қажетті мөлшерде холестерин ағзамызға өте қажет. Ағзаның холестериндегі қажеттілігін басу үшін сары майды күніне 30 грамм шамасында қабылдау керек.

Біз қазірдің өзінде майларды қолдану адамның денсаулығына айтарлықтай пайда әкеледі. Бұл өнімнің пайдасы дәл осы:

  • майда құрамында еркін радикалдар ағзасынан ағзаға ықпал ететін күшті антиоксидант болып табылатын селендің жоғары құрамдасы бар;
  • гликозфинголипидтер түрлі жұқпалардан ішек сақтайды;
  • сары майдағы лавр қышқылы - саңырауқұлақтар мен микробтардың күресудің тамаша құралы;
  • линол қышқылы онкологиялық ауруларды болдырмайды;
  • олеин қышқылы адам ағзасындағы қалыпты метаболизмге әкеледі;
  • бутир қышқылы ішектің қоректенуін қамтамасыз етеді және бүкіл асқорыту жүйесін ынталандырады. Сондықтан асқазанның немесе ішектің жарасына адамдарға сары майды қолдану ұсынылады, себебі бұл емдік лак шырышты қабығын сауықтыруға ықпал етеді.
  • ДНҚ-ты жасушаларда сақтайды;
  • атеросклероздың алдын алады;
  • еркін радикалдардың әсерінен қорғайды;
  • шлактар ​​мен токсиндерді жоюға көмектеседі.

 

Зәйтүн майы

Зәйтүн майында холестерин деңгейінің түсуіне әсер етіп, қан ұюын қалпына келтіретін пайдалы қанықпаған майлар бар. Аталған майды тағамдық мақсатта жиі қолданатын адамдарда жүрек аурулары мен инсульт пайда болуы қаупі айтарлықтай төмендейді.

Антиоксиданттар көзі. Зәйтүн майында күшті антиоксиданттар болып табылатын Е дәрумені мен каротиноидтер бар. Олар организмдегі бос радикалдар мөлшерін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар өнімде олеокантал табиғи қосылысы бар. Ол қатерлі ісік жасушаларымен күресуге қабілетті.

Қан қысымын қалпына келтіру қасиеті

Қанықпаған майлардан бөлек, зәйтүн майында Омега-3 май қышқылдары бар. Омега-3 май қышқылдарының қан қысымын қалпына келтіріп, жүрек денсаулығын ұзақ жылдарға сақтайтыны дәлелденген. Бұл пайдалы май қышқылдарын дене өздігінен өндіре алмайды. Сондықтан оларды тағамнан алуға мәжбүрміз.

Күйзелістен қорғайды. Зәйтүн майы адамның көңіл-күйіне де ықпал етеді. Наварра және Лас-Пальмас-де-Гран-Канария университеттері зерттеу жұмысын жүргізіп, оған 12 000-нан астам адам қатысқан. Ғалымдар зәйтүн майы мен көп қанықпаған майлардың көп мөлшері негізінде ұсталатын емдәмнің психикалық ауруларға шалдығу мүмкіндігін азайтатынын анықтаған.

Остеопороздың алдын алады. Зәйтүн майын жиі қолдану организмдегі кальций мөлшерінің артуына ықпал ететінінің дәлелі күн сайын артуда. Өз кезегінде ол остеопороз дамуының алдын алуға себін тигізеді.

Альцгеймер дертінің пайда болу мүмкіндігін төмендетеді. Алғашқы зерттеу жұмыстары зәйтүн майының жасқа байланысты когнитивті бұзылулардың алдын алып, Альцгеймер дертінің пайда болу мүмкіндігін төмендететінін көрсетті. Әзірге мәселенің нүктесін қоятын дәлелдер жоқ. Бірақ зәйтүн майы жерорта теңізі аумағындағы емдәмнің бір бөлігі болып табылатыны бәрімізге аян. Ал бұл жүйенің Альцгеймер дертінің алдын алу мақсатындағы пайдасына ғалымдар күмән келтірмейді.

Қабынуды басады. Зәйтүн майы қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектер әсеріне ұқсас ықпал етіп, құздамалық шорбуын сынды ауруларда көмектесетіні анықталған. Пайдалы қосылыстар созылмалы және асқынған қабыну процесіне әсер ете алатын қабынуға қарсы ферменттерді баяулатады. Құздамалық шорбуын ауруын зерттейтін ғалымдар зәйтүн майының 3-4 ас қасық мөлшері ибупрофен таблеткасының баламасы бола алатынын айтады.

Шашты қатайтатын маска: 2 жұмыртқаның сарысын езіп, 5 ас қасық зәйтүн майымен араластырамыз. Шашқа жағып, жарты сағат ұстаймыз. Содан соң шампуньмен жуамыз.

Бал маскасы: 3 ас қасық зәйтүн майын 2 ас қасық балмен араластырамыз, қоспаны шаштың араларына жағамыз. Басты полиэтиленді пакетпен ораймыз. Жарты сағаттан соң шашты шампуньмен жуамыз.

 

Шаштың түсуінің алдын алатын маска: 1 пиязды алып, сығамыз да, сөлін 1 ас қасық қыздырылған зәйтүн майымен араластырамыз. Қоспаға 1 шайқасық майонез және бал қосамыз. Қоспаны шашқа жағып, орамалмен ораймыз және 1 сағаттан соң жуамыз.

 

Кәуаптың зияны

Жуырда америкалық ғалымдар қуырылған ет адам денсаулығыны айтарлықтай зиян келтіріп, оның ішінде жиі кәуап жейтін адамдар бүйрек обырына жиі шалдығатынын анықтады.

Зерттеушілер компьютер көмегімен етті отында дайындау кезінде орын алатын процестерді модельдеген екен. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны, ашық отта немесе мангалда дайындалған тағам зиянды концерогенді заттар бөліп шығарған. Ғалымдардың пікірінше, бұл заттардың адам азғасына зияны автокөліктерден бөлініп шығатын газдармен бірдей көрінеді.

Сондай-ақ етті мангалға дайындау кезінде пайда болатын түтіннің кесірінен адамның ДНК жасушаларының өзгеріске (мутацияға) ұшырау мүмкіндігі 100 есеге дейін өседі екен. Ал бұл өз кезегінде онкологиялық ауруларға шалдығуға алып келмек. Одан бөлек, ғалымдар отыннан шыққан түтіннің құрамындағы улы заттар темекідегіден әлдеқайда зиянды дегенді де айтып отыр.

Отқа қуырылған тағамдар құрамында PhIP және MeIQx канцерогенді заттары көп болады. Дәл осы химиялық қосылыстар ағзада қатерлі ісік ауруларын туғызады. Адам ағзасындағы зат алмасуда бүйрек сүзгі қызметін атқаратынын ескерсек, осы канцерогендер қабынуға әкеліп соқтырады. Зерттеушілер деннің саулығы үшін жоғары температурада отқа қуырылған тағамдарды сирек тұтыну керегін ескертеді. Өйткені, бұл тағамдар құрамындағы PhIP канцерогені бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан адамның ауруына 54%-ға, MeIQx канцерогені одан екі есе қоздырады екен. Сондықтан да отқа қуырылған тағамдарды жиі қолданудан бас тартқанымыз абзал.

50 түрлі дертке дауа болатын қара зере майы

Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл  өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды.

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:

  • Қандағы холестеринді азайтады;
  • Ағзаны улы заттардан тазартады;
  • Иммунитет жүйесін күшейтеді;
  • Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;
  • Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;
  • Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;
  • Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;
  • Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;
  • Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;
  • Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);
  • Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;
  • Несеп жолдарын тазалайды;
  • Ішті жүргізеді;
  • Ішек құрттарын жоюға көмек береді;
  • Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;
  • Сүйелді кетіреді;
  • Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;
  • Белсіздікке  ем;
  • Семіздіктен арылуға көмектеседі;
  • Тәбетті арттырады;
  • Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,
  • Етеккiр циклын қалпына келтіреді, т.б.

Қорыта келгенде, Қара зере - расында да емдік қасиеті мол шипалы өсімдік. Оның өлімнен басқаның бәріне ем екендігін бүгінгі медициналық зерттеулер бірінен соң бірі  дәлелдеуде. 

 

Майсана майы

 

               

 

Майсана майын жүкті әйелдер мен нәрестелерден басқа адамдардың барлығына қолдануға болады. Жалпы оның пайдасы өте көп.
1. Түрлі жарақаттар, сызаттар, тыртықтар мен ара шаққан жерлерді майсана майын жақса, жылдам жазылады.
2. Сүйел майсана майын жаққаннан соң төрт аптада кетеді.
3. Май аяқтағы мүйізгекті де кетіруге болады.
4. Майсана майы – кірпіктерді ұзартуға және шаштың жағдайын жақсартуға арналған керемет май.

5. Қайызғақтан құтылу үшін 2 ас қасық майсана майы мен 2 ас қасық қырмызыгүл (календула) майын араластыру керек. Осы қоспаны бастың терісіне жағып, 20-30 минутқа орау керек. Сосын жуып тастаған дұрыс.
6. Конъюнктивит кезінде көзге күнінен 2 рет 1 тамшыдан тамызу керек. 
7. Майсана геморроймен күресуге де жақсы.
8. Суық тиген кезде, әсіресе қатты жөтел болғанда, майсана майымен кеудені уқалау керек.
9. Майсана жыныс инфекциялары мен қуық қалбыршағын емдеу үшін қолданылады.
10. Құрсақ бөлігіне жағу арқылы етеккір кезінде ауырсыну белгілерін жояды.
11. Бұл керемет май беттегі қара дақтарды ағартуға көмектеседі.
12. Майсана майын пайдалана отырып жасалған массаж аяқтағы ауырсынуды азайтады.
13. Тітіркенген қызарған көзді де майсана майының көмегімен қалпына келтіруге болады. 1 тамшы майсана майын тамызып, көздегі шелден арылуға көмектеседі.
14. Майсананың шаштың түсуіне қарсы да көмегі көп. 

15. Майсана майын ас қорыту жолдары мен ішек қабынған кезде, іш қатып, жел толған кезде ішуге болады.
16. Майсананың ішті жүргізетін әсері артық салмақпен күрес кезінде көмектеседі.
 

Жануарлар майлары

Қойдың майы. Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді. Тымаудың алдын алуға жақсы пайдасы бар.


                   

Начало формы

 

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Борсық майының пайдасы. Борсық майының бронх қабынуында, өкпе қабынуында, туберкулез және басқа да өкпе ауруларында айрықша пайдасы мол. Тыныс алу жолдарында орын алған қиындықтарды емдеуде борсық майы жиі қолданылады. Борсық майы мына дерттерден арылуға көмектеседі:

  • Иммундік жүйе қызметінің бұзылуы;
  • Тыныс алу органдары мен тыныс алу жолдары аурулары;
  • Ішек-қарын жолы аурулары;
  • Ашық жаралар мен күйіктер;
  • Буын аурулары мен жарақаты;
  • Тері мен бас аурулары;
  • Шашпен байланысты қиындықтар;
  • Жәндіктер шағуы мен жануалардың тістеуі салдарынан жараның зақымдалуы.

 

Кетчуп пен майонездің құрамы және зияны.

Кетчуп құрамында қызанақ көп болғандықтан ликопен көп. Ликопен тек қызанақтың құрамында бар. Адам ағзасына тағам арқылы ғана жетеді. Ликопен ісікті басады, атеросклероздың дамуын бәсеңдетеді, жүрек пен көз ауруларының алдын алады. Сондай-ақ кетчуптың күйзеліске қарсы күшті әсері бар. Себебі құрамындағы серотонин «бақыт гормоны» саналады. Барлығы кетучптың өндірушісі мен бағасына байланысты. Неғұрлым қымбат болса құрамында табиғи әрі пайдалы заттар соғұрлым көп. Толық ақпаратты қаптамасынан оқуға болады. Неғұрлым арзан болса табиғи заттар синтетикалық ингредиенттерге алмастырылады. Қызанақты бір жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды. Ал бір жастан асқан балаларға аздап беруге болады. Ал жүкті келіншектердің қалауына қарай тұтынғаны абзал.

Майонездің зиянды деп саналуының басты себебі – оның құрамында май көп. Майдың көптігі алушыларды шошытпас үшін өндірушілер құрамында майы аз арнайы жеңіл майонездер шағарады. Мұндай майонездер сымбатыңызға ғана емес, денсаулыққа да зиянсыз секілді көрінеді. Алайда, өндірісте төмен калориялы соустарға зиянды жануарлар майынан бөлек өсімдік майларын да қоспайды. Оның орнына түрлендірілген крахмал, эмульгатор мен желатиндер қолданылады.

Әдетте майонез құрамындағы осындай қоспалардан денсаулыққа зиян болады. Күнделікті тұтынған сайын ағзадағы бауырға көп салмақ түседі. Майонез құрамында E415, E440 стабилизаторлары, E1414 және E1422 қоюландырғыштары кездеседі. Олар асқазан ауруларына шалдықтыруы, E301, E302, Е951 – 959 тәттілері тіс эмальдарын құртуы мүмкін.

Е951 қоспасын зияндылығы үшін көптеген елдерде тұтынуға тыйым салынған. Мәліметтерге сүйенсек, ол қанттың орнына қолданылатын тәтті. Оның тәттілігі кәдімгі қанттан 200 есе көп. Мұндай қоспасы бар майонездерді ыстық тағамға, сорпаларға қосуға болмайды. Ол адам ағзасын әлсіретіп, жүректі айнытады, бас ауыртып, көз жанарын нашарлатады. Диетаман тамақтанатын адамдарға тіпті кері әсерін беруі мүмкін.

Сондықтан майонезді аса сақтықпен таңдаған жөн. Майонез сыртында жазылған құрамын оқыңыз. Этикетте ГОСТ талаптарына сәйкес екені жазылуы керек. Майонездерді Е қоспасы азын алыңыз. Е951 қоспасы барын алмауға тырысыңыз. Негізінен зәйтүн майынан жасалған майонездер пайдалы. Егер тауар сыртында «ГМО жоқ» деп жазылса, өндірушінің өз өнімінің сапасына немқұрайлы қарамайтынын білуге болады.

Сонымен қатар, құрамында сірке суы көп майонездер де адамның ас қорыту жүйесіне зиян келтіреді. Диетологтар майонезді сүйіп жейтіндерге оның зәйтүн майынан, қышадан, жұмыртқадан жасалғанын алуға кеңес береді. Олардың еш зияны жоқ. Тек құрамында майы көп. Майонезді шамадан тыс көп тұтынбаңыз. Күніне бір асқасық майонез тұтыну жеткілікті. Күнделікті ас мәзірінде май 60-80 грамнан аспауы тиіс.

 

Транс майлар

Америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмек бақылау орталғы (FDA) Америкада дайын азықтардағы транс май қолданымына тыйым салды. Оның артынша Еуропалық кардиология орталығы іске кірісіп Еуропада да осы мәселенің күн тәртібіне енуіне ат салысуда. Транс май дегеніміз табиғи өсімдік майларының сутегі газымен өңделіп химиялық құрамының өзгертілуі. Яғни бұлар толығымен синтетикалық, яғни жасанды майлар болып табылады. Қалыпты майлардың да (үйде де) тұрақты түрде жоғары температурада күйдірілуі, қуырылуы да транс май қалыптастырады. Бұл майлардың қолданылу себебі азықтардың бұзылмай, ұзақ мерзімге жарауы. Сондай-ақ ең басты себеп бағасының өте арзан болуы. Транс майдың зияндылығы соншалық тіпті микроптар одан қашады, оңайшылықпен тіршілік етіп, көбейе алмайды. Үйде пісірген тоқаш, бәліштеріңіз аз уақытта ескіріп, бұзылып кеткенімен, маркеттердегі бәліштердің қалайша бұзылмастан айлап, тіпті жылдап сақталатынын ойлап көріңіз. Бұл зиянды майлар ең көп поп корн, чипс, фри, бисквит, вафля, шоколад, кекс, тоңазытылған тағамдар, балмұздақ, дайын шұжықтар сияқты т.б. азықтарда қолданылуда. Дәм беруі үшін кафе, дәмхана, кондитер өнімдерінде де қолданысқа ие. Аурулардың артуына басты себеп болатын осындай химиялық өңдеулерден өткен азықтар.

Бұлардың зияндары:

Жаман холестеринді (LDL) арттырып тамыр қатаюына алып келеді.

Жақсы холестерин деңгейін азайтады.

Қанда триглицерид мөлшерін көбейтеді.

Қант диабетіне себеп болуда.

Жүрек ауруларына себеп болуда.

Омега 3 май қышқылдарының қызметін бұзады.

Жүктілік кезінде баланың дамуын тежейді.

Аллергиялық реакцияларды қоздырады.

Жасушаларда мутацияға себеп болады.

Семіздікке себеп болуда.

 

Майлар – косметикада

Майлар косметикада кеңінен кеңінен қолданылады. Әсіресе қыздарға, әйелдерге көктем айларында және үнемі қажетті табиғи маскаларды ұсынамыз.

Майлы теріге арналған маскалар

Ашытқы маскасы

1 ас қасық бал, 1 ас қасық ашытқы, 1 ас қасық кез клге қышқыл шырын немесе сүт алып, барлығын араластырыңыз. Бетіңізде 15 минут ұстаңыз.

Жұмыртқа ақуызынан жасалатын маска

1 жұмыртқа ақуызы, 2 шай қасық крахмал, 3-5 тамшы шай ағашы майы. Барлығын көбік шыққанша араластырып, бетіңізде 10 минут ұстаңыз.

Алма маскасы

2 қышқыл алма, 1 жұмыртқа ақуызы. Алманы үккіштен өткізіп, жұмыртқа ақуызына қосыңыз. Бетіңізде 20 минут ұстап, салқын сумен жуып тастаңыз.

Балдан жасалатын маска

2 ас қасық бал, 2 ас қасық йогурт немесе кілегей, 2 тамшы лимон қышқылы. Араластырып, бетке қалың қабат жағасыз. 20 минуттан соң жуып тастаңыз.

Қара топырақта жасалатын маска

2 ас қасық қара топыраққа (дәріханада сатылатын) жылы су құйып, 2 сағатқа қалдырасыз. Бетіңізге жағып, үстінен полиэтиленмен жабу қажет. 20 минут ұсталады.

Картоп маскасы

Шикі картопты үккішпен үгіп, жұмыртқа ақуызының жартысын қосып, тұздаңыз. Араластырып, 30 минутқа бетіңізге жағыңыз.

Ең алдымен, бет терісі әркімде әртүрлі.  Әркім өзінің терісін зерттеу керек. 25 жастан аса бетті күтіп үйренсе, 40-50 жаста бетіңіз өңін бермей тұрады. Қай кезде құрғайды, қай кезде майланып кетеді соның бәрін қадағалап жүріңіз. Мысалы,  құрғақ бет үшін май жағып жүру қажет. Жалпы майлардың пайдасы ұшан теңіз.

Құрғақ бетке солкосерил мазь (2000-2400тг) керемет көмектеседі. Солкосерил кез келген аптекада бар, қатайып тұратын шынтаққа, өкшеге де жағып бинтпен байлап қойсаңыз, азанда жұп-жұмсақ болып тұрады. Ұйықтар алдында, теледидар қарағанда бетіңізге массаж жасап үйреніңіз. Майларды жаққанда асықпай аялап жағыңыз.

 

Сегіту жаттығулары

1.«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы

Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

2.Жағымды сөздер жаттығуы.

Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
3.«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

 

V. Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау

Бүгінгі майлар тақырыбы бойынша қызықты тәжірбиелер жасаймыз. Бұл бөлімде оқытушы  өзіндік жұмыс жасауға әдістемелік нұсқаулықтар береді, жұмыс орнын дайындау ережелерін және қауіпсіздік сақтау шараларын түсіндіреді, оқушыларды орындалатын жұмысқа салғырт қарамауға баулиды. Оқушылардың өз бетінше жұмысы кезінде оқытушы оқушылардың қасында жүріп бақылайды. Оқушыны жеке үйретеді. Оқу процесін белсендіреді, оқушыларды бағалайды.

Қызықты тәжірибелер

1. Майдың еруі

Қажетті заттар: сұйық май, су, бензол

Жүргізілуі: Май органикалық еріткіштерде ериді. Бір стаканға су, екінші стаканға бензол құямыз. Оның үстіне сұйық май құямыз. Нәтижесінде суы бар стакандағы май ерімей бетіне қалқып шығады. Ал бензолда май толық ериді.

2. Газды сусын дайындау.

Қажетті заттар: Су, ас содасы, лимон қышқылы

Жүргізілуі: Стакандағы азғана суға 1 ас қасық ас содасын саламыз. Араластыра отырып, 1 ас қасық лимон қышқылын саламыз. Нәтижесінде газ көбішіктері пайда болады.

3. Крахмалға тән сапалық реакция

Қажетті заттар: Картоп, иод ерітіндісі

Жүргізілуі: Картоп тіліміне 1-2 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз. Нәтижесінде картопта көк түс пайда болады. Бұл картопта крахмалдың бар екенін білдіреді. Яғни, крахмалға тән сапалық реакция болып табылады.

4. Ақуыздың спиртен әрекеттесуі

Қажетті заттар: Этил спирті, жұмыртқа ақуызы

Жүргізілуі: Адам ағзасының мүшелері: тері, қан, сүйек және ми ақуыздан тұратыны белгілі. Жұмыртқа ақуызы адам миының аналогы болып табылады. Стаканға жұмытқаның ақ уызын құйып, үстіне 1 ас қасық этил спиртін құямыз. Нәтижесінде ми клеткалары өледі. Адам қаншалықты спиртті ішімдікті көп айдаланса, соншалықты ми клеткалары өле береді.  

5. Сіріңкесіз от жағу

Қажетті заттар: стакан, сутектің асқын тотығы, калий перманганаты, сіріңке.

Жүргізілуі: Стакандағы сутектің асқын тотығына аз мөлшерде калий перманганатын саламыз. Сіріңкені жағып, сосын өшіріп стаканға салса, сіріңке өздігінен қайта жанады. Бұл ыдыста оттегінің бар екенін және оттегі жануды қолдайтынын білдіреді.

6. СО2 көмірқышқыл газының қасиетін анықтау 

Қажетті заттар: ас содасы, сірке қышқылы, балауыз, сіріңке.

  • Ыдысқа 1 ас қасық ас содасын саламыз. Үстіне азырақ сірке қышқылын құямыз. Ас содасы мен сірке қышқылының әрекеттесу нәтижесінде СО2 көмірқышқыл газы бөлінеді. Ыдыстағы ерітіндіні жанып тұрған балауызға жақындатқанда балауыз өшеді. Бұл СО2 көмірқышқыл газының жануды қолдамайтынын білдіреді.

7. Киімдегі дақты кетіру

Қажетті заттар:  ақ мата, жасыл бриллиант ерітіндісі, иод ерітіндісі, сутектің асқын тотығы, аммиак ерітіндісі, мақта.

  • Ақ матаға жасыл бриллиант және иод ерітінділерін тамызамыз. Үстіне азырақ сутектің асқын тотығын құямыз. Содан кейін аммиакқа батырылған мақтамен сүртеміз. Нәтижесінде дақ жоғалады.

8. Жанбайтын орамал

Қажетті заттар: орамал, желім немесе клей, су, спирт, қысқыш, сіріңке.

Жүргізілуі: Стаканға су құйып, үстіне азырақ желім құйып, орамалды салып аламыз. Сосын орамалды спиртке батырып, қысқышпен ұстап тұрып сіріңкемен жағамыз. Нәтижесінде орамал жанбайды.

 

VI. Сабақты бекіту. Кім жылдам?

І-топ. Адам 1 сағатта 3,75 г майды керек етсе, 1 тәулікте қанша майды пайдаланады?

1сағ – 3,75г

24сағ – хг

Х = 3,75г*24сағ/1сағ = 90г

Жауабы: 90г

ІІ-топ. 1 г май тотыққанда 40 кДж энергия бөлінеді, 90 г май тотыққанда қанша энергия бөлінеді? Адам күніне 90-100 г май жейді десек, қанша энергия бөлінеді?

1г – 40кДж

90г – хкДж

Х = 40кДж*90г/1г = 3600кДж

Жауабы: 3600кДж

 

VIІ. Қорытындылау

Май - маңызды биологиялық отын, жан-жануар үшін энергия көзі, қажетті тағам, зат алмасу процесіне қатысатын маңызды қосылыс. Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі. Май сүт өнімдерінің,жұмыртқаның құрамында мол болады. Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді. Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет. Денсаулық алтыннан да қымбат – деген екен Шекспир. Дұрыс тамақтаныңыз, деніңіз сау болсын!

 

VIIІ. Үйге тапсырма

Түйелердің «Шөл қайығы»  екені белгілі олар жарты жылға жуық су ішпей өмір сүре алады. Себебі ол кезде түйелерге су өркешіндегі жиналған майлары арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Түйеде 120 кг жуық май қоры болады. Егер түйенің майы ең көп таралған глицериннің тристеараты эфирінен түзіледі деп есептесек С57Н110О6. Онда майдың толық тотыққан кездегі  судың массасын есепте. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз