Жетісай жоғары медицина колледжі
Гинекология пәнінен теориялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
Тақырыбы : «Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері.
Сүт безінің обыр ауруы және алдын алуы»
Мамандығы : 0301000 – «Емдеу ісі»
Біліктілігі : 0301023 – «Акушер ісі»
Семестр : көктем
Курс : ІІ
Жетісай 2020
Сабақтың тақырыбы: «Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері. Сүт безінің обыр ауруы және алдын алуы»
Сабақтың түрі: теориялық аралас сабақ
Сабақтың әдісі: конференция
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
- Сыни тұрғыда оқыту технологиясы.
- Интерактивты оқыту технологиясы.
- Дамыта оқыту технологиясы.
- Оза оқыту технологиясы.
- Оқытудың компьютерлік, ақпараттық технологиясы.
- Проблемалық оқыту технологиясы.
- Зерттеу оқыту технологиясы.
- Белсенді оқыту технологиясы.
- Әріптестік серіктестік технологиясы
Сабақтың мақсаты : студенттерге қатерлі ісік дертіне кез келген адам, жас пен кәрі де, бай мен кедей де, ер адам мен әйел де, тіпті жас баланың өзі шалдығуы мүмкін. Қатерлі ісік науқастарға да, олардың ет жақындарына да және қоғамға да айтарлықтай ауыртпашылық әкеледі.
Білімділік:
Дамытушылық: студенттердің клиникалық және логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, теорияны тәжірибемен ұштастыру және студенттердің оқуға деген қабілеттерін дамыту, білім деңгейін жоғарлату.
Тәрбиелік: студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдылығын, төзімділігін қалыптастыру,адамгершілікке, мейірімділікке үйрету.қатерлі ісікке шалдыққан әйелдермен медицина қызметкерлері арасында медициналық этика тұрғысында.
Студент білуі тиіс:
Көрнекі құралдар: плакаттар, слайдтар,
Үлестермелі мтериалдар: сұрақтар, диаграммалар
Техникалық оқу қуралдры: компьютер, интерактивті тақта, проектор
Материалдық- техникалық қамтамасыздандыру.
Құрал жабдықтар: компьютерлер, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, фантомтар, муляждар, симуляторлар.
Қосымша материал: тақырыптық плакаттар, планшеттер, кестелер.
Негізгі әдебиеттер:
«Акушерия». - Алматы. 2004.
жинағы». Жетысай 2013ж.
Қосымша әдебиеттер:
Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттердің сыртқы келбетіне,формасына қарау.Студенттерді түгелдеу, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару – 3 минут.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау: тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, маңыздылығын айту, сабақтың жоспарымен таныстыру – 5 минут.
Сабақтың хронокартасы:
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
3 минут |
2 |
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау |
5 минут |
3 |
Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін бақылап бағалау |
15 минут |
4 |
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру |
50 минут |
5 |
Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау және бекіту |
10минут |
6 |
Сабақты қорытындылау |
5 минут |
7 |
Үйге тапсырма беру |
2 минут |
ІІІ. Студенттердің білімдерін бақылау (өткен тақырып бойынша) (15 минут)
Өткен сабақтын тақырыбы: «Жыныс мүшелерінің обыр алды аурулары»
Сұрақ-жауап арқылы:
Жауабы: жатыр мойнының ісік алдынғы аурулары.
1.Фонды процестер
а) эктопия , псевдоэрозия
б) эктропионды эрозия
в) шын эрозия
г) лейкоплакия
д) эритроплакия
е) полип
2. Ісік алдындағы процесс- дисплазия
3. преинвазивті рак.
4. Инвазивті рак
Фонды процестер – іштен туа біткен немесе жүре болатын патологиялық жағдайлар, онаң жатыр мойнының ісік алдындағы аурулары және рагы пайда болады
Жауабы : 0-ші саты-эндометрийдің гиперпластикалық процессінің малигнизациясына күдікті гистолоиялық өзгеріс
І саты -жатыр қуысының ұзындығы 8см-ден аспайды
ІІ саты – ісікпен жатырдың денесі және мойны зақымдалған
ІІІ саты – ісік параметральды шел қабатына таралады немесе қынапқа метастаз береді.
ІҮ саты – процестің жамбас шегінен тыс таралуы, яғни қуыққа, көтен ішекке қарай өсуі немесе алыстағы мүшелерге метастаз беруі.
3.Жатыр мойнының эрозиясына түсінік беру.
Жауабы : эрозия немесе эктопия жатыр мойны каналының цилиндрлік эпителий және жалпақ эпителий шекарасының жатыр мойнының қынапты бетіне ығысуы.
4.Жатыр эндометриозы дегеніміз не ?
Жауабы: эндометриоз ауруы гормонға бағынышты ауру. Эндометриоз тек жатырда емес , басқа мүшелерде де дамуы мүмкін. Эндометриоз- эндометрийдің гетеротопиясы, яғни жатыр қуысынан тыс жерде құрылысы мен қызметі жағынан жатырдың ішкі- эндометрий қабатына ұқсайтын ұйықтардың пайда болуы.
ІҮ . Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (45 мин)
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері. Сүт безінің
обыр ауруы және алдын алуы»
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама:
Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда жыл сайын 3 мың әйел сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығады екен. Соңғы кездері қыз-келіншектер арасында кең тарала бастаған бұл сырқаттың алдын алумен отандық мамандар қаншалықты күрессе де, жылдан-жылға сүт безінің сырқаты ұлғайып барады
Әлемде кең тараған қатерлі ісік түрлерінің бірі әрі онкологиялық аурулардан болатын әйелдер өлімінің басты себебі де осы дерт болып отыр. Қатерлі сырқаттың салдарынан еліміздегі 3 мың әйелдің 1 мыңнан астамы жарық дүниемен қоштасатын көрінеді. Сол үшін өмірді сүйетін әр әйел заты қатерлі ісіктен сақ болғаны жөн. Бұрын бұл ауруға 50-60 жастағы егде әйелдер көп шалдықса, қазіргі таңда 30-40 жастағы жас азаматшалар жапа шегуде. Жалпы, ісіктің пайда болуына ықпал ететін факторлар көп. Көп жағдайда нәзік жандылар аурудың белгілері бірден білінбегендіктен, әбден асқынғанда ғана дәрігерлерге жүгініп жатады. Емшілердің көмегіне жүгінуді әдетке айналдырғандар, өкінішке орай, өмірлерімен де қоштасып жататын көрінеді. Дер кезінде дәрігерге жүгінген жағдайда дерттің бастапқы сатысында сауығып кету мүмкіндігі әлдеқайда мол екендігін маммолог-мамандар айтудан жалықпауда. Үкіметтен "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында қатерлі ісіктің алдын алу мақсатына қыруар қаржы бөлініп, мекемелер жоғары деңгейлі аппараттармен қамтамасыз етілуде
Сүт безінің зақымданған жағында қолтық астында бір немесе бірнеше жұмыр лимфа түйінділер пайда болады. Ал диффузды қатерлі ісіктің белгілері көбінесе жас әйелдерде кездеседі. Оны кеуденің сыртқы сипатына қарай ажыратуға болады. Басты белгілері: әйелдің омырауы ісіп, қабынып, қатаяды. Ісік қатерлі болған жағдайда омырау үлкейіп, оның ұшы мен ареон қыртысы жуандайды. Сондай-ақ, кеуде аумағында сыздау сезіліп, қолайсыздық туындайды. Мұндай жағдайды сезген сәттен-ақ, ауруды дер кезінде емдеуге әрекет жасаса, науқасты аман алып қалуға зор мүмкіндік бар.
Маманның айтуына қарағанда, сүт безінің қатерлі ісігі төрт сатыдан тұрады: 1-ші және 2-ші сатыларда сүт безі ісігі емделуі мүмкін. Оның белгілері: омыраудың әр тұсында түйін немесе томпайған жердің пайда болуы мен кеуде ұшынан сұйықтықтың бөлінуінен басталады. Оған қоса, ұдайы ауырсыну, қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен болатын шөлдеу, жиі зәр қысу, лоқсу, іш қату, мінез-құлықтың өзгеруі және қолтық астында, қол бойында ісіктің пайда болуы да жатады. Қатерлі ісікпен ауырған науқастар қатты шаршап, әлсірейді. Әлсіздік, жүдеу бірнеше күн, апта, тіпті айлап созылуы мүмкін. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерілуі қиындайды. Күнделікті төсек жинау, жуыну, ас дайындау секілді қимылдардың өзі өте ауыр тиіп, қатты қалжырайды. Сондықтан да, осындай жайттарды басынан өткерген әйелдер міндетті түрде мамандарға қаралуы тиіс.
Мамандармен сырқаттың 4 түрлі себебі анықталған
Олар:
1. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды көп пайдалану, сыра, алкогольді ішімдіктерді ішу, сонымен қатар, радиацияның, зиянды газдардың, улы химикаттардың, синтетикалық бояулардың ұзақ мезгіл әсер етуі себеп болады.
2. Әйелдердің сексуалдық, репродуктивтік және лактациялық функцияларына байланысты 25-50 жас аралығында 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда босану немесе түсік жасатуы, кеш босануы, климакстың кешігуі (53 жастан асқанда), лактация кезінде сүттің көп бөлінуі, бірінші баланың 4 келіден артық салмақпен туылуы, етеккірдің ерте (12 жасқа дейін) немесе кеш (16 жастан кейін) басталуы, баланы бес айға жетпей емшектен шығару оқиғалары қатерлі ісікке жол ашады.
3. Адам бойында қатар жүретін аурулар жатады. Мәселен, сүт безінің ауруы, гинекологиялық сырқаттар, бауыр, оның ішінде бұрын болған сарыауру, артық салмақ, қант диабеті, жатырдан қан кету, қан қысымының тұрақсыздығы, қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безінің, жатырдың жарақаттануы.
4. Тұқымқуалаушылық (жақын туыстарының бірінде емшек безі қатерлі ісігінің болуы) әсер етеді.
«Қатерлі ісік ауруларының құрылымдары бойынша, сүт бездері қатерлі ісігі бірінші орында тұр – 12,7%, 2-ші орында – өкпе обыры – 10,1%, 3 орында – асқазанның қатерлі ісігі – 7,9%. Статистикаға сәйкес, Қазақстанда гематологиялық және онкологиялық аурулар кездейсоқ оқиғалар мен суицит және жол апатынан алатын жарақаттардан кейінгі екінші орында тұр. Бір жасқа дейінгі балалардың шетінеуі де дәргерлерді алаңдатумен қатар, осы мәселенің алдын алу мықты назарға алынған. Ал жоғарыда айтылған аурудан көз жұматындар саны 61 жас және одан жоғарылар арасында көбейіп келеді. Дерттің 3-4 сатысында және әйелдер мен ерлер арасында жиі кездесетіндігі де көңілді алаңдатады», - делінген Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі таратқан ақаратта.
Науқастардың жартысынан көбі дәрігерге ауруды өткізіп алып барып көрінетіндер. Мұны медиктердің қазір барлығы да дәлелдеп отыр. Сондықтан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың арасында қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау мақсатында скринингтер өткізілуде.
Скринингтік зерттеулер өткізудегі мақсат – ауруларды ерте кезеңде анықтау, белгілі бір ауру түрлеріне шалдығу тәуекелі бар тұрғындардың мақсатты топтарын тексеру, ауруларға соқтыратын тәуекел факторларын анықтау болып табылады.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, скринингтік зерттеулер сапасын жетілдіру мақсатында тұрғындарды скринингтік зерттеулермен қамту көлемі 100%-дан 70% өзгертілді.
Алғаш рет Қазақстанда 2009 жылы скринингтің үш түрі: артериалдық гипертензия, сүт безі обыры және жатыр мойны обыры скринингі енгізілді. Қазір ол Ұлттық скринингтік бағдарлама боп кеңейтіліп, 11 түрлі скрининг ел тұрғындарының 30% қамтиды. Оның ішінде 6 скрининг түрі қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалауға бағытталған.
2013 жылдың өзінде скринингтік зерттеулер нәтижесінде 879 мың адамнан алғаш рет түрлі аурулар анықталды.
Қатерлік ісік ауруларын ерте анықтауға жүргізілген скринингтер өткен жылы 1370 науқастан обыр дертін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді және обырға алып келуі мүмкін жағдайдағы 67400 адам анықталды.
2013 жылы 380 мыңға тарта әйел сүт безі обырына тексеріліп, 45 мың әйелден қатерсіз, ал 616 әйелден қатерлі ісік аурулары анықталды.
Жатыр мойны обыры скринингісінен 445 мың әйел өткізіліп, 190 жағдай ерте кезеңде белгілі болды.
Тік ішек обырына 895 мың адам тексеріліп, 6904 жағдайда ауру белгілері байқалды.
Өңеш және асқазан обырына скринингпен 150 мың адам қамтылып, 29 жағдайда өңеш, 66 жағдайда асқазан обыры анықталды.
Осы мерзімде 77 мың ер адам еркектік безі обырына тексеріліп, ерте кезеңде 156 ауру белгілі болды.
Скринингтік тексерулер өткізуді жетілдіру мақсатында халықаралық тәжірибе, Қазақстанда соңғы 5 жылда қатерлік ісікке шалдыққандардың жас ерекшеліктері зерттелді. Алынған мәліметтер тәуелсіз сарапшылармен бірге талқыланып, есеп құжаттамаларын, скринингтік тексерулер өткізу әдістері бойынша кеңестер берілді.
Анықтама: 2013 жылы өңеш, асқазан және еркектік без обырын ерте анықтауға скринингтік тексерулер пилоттық режімде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында өткізілді. 2014 жылы мұндай скринингтік тексерулер Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында енгізіледі.
Онкологиялық ауруларды мысалға ала отырып, ауруларды ерте кезеңде анықтаудың экономикалық тиімділігін көрсетсек: сүт безі обырының 1-2 кезеңінде анықталған 1 адамды емдеу мемлекетке 780 мың теңгеге шықса, 4 кезеңінде бір науқасқа 26,5 млн. теңге жұмсалады. Яғни, 34 есе көп. Егер 4 кезеңде сүт безі обырымен анықталатын науқастар санын 15%-дан 5%-ға дейін азайтуға қол жеткізілсе, тек 4 кезеңдегі сүт безі обырын емдеуге кететін қаржыдан 9 млрд. теңге үнемделеді. Бұл бір ауру түрі бойынға ғана келтірілген мысал.
Әйелдерде сүт безі қатерлі ісігі - жиі кездесетін әрі өмірге қауіпті сырқат. Бұл аурудан шипалы емделудің арқасында толық жазылып кетуге болады және бұл әркімнің өз қолыңда. Оны емдейтін және зерттейтін сала - маммология.
Маммология сөзі грек тілінен шыққан. Маммология - әйелдерде (сүт), еркектерде (кеуде) бездеріндегі түрлі дерттерді (тіпті ауру алдындағы өзгерістерді де) тексеретін, яғни олардан сақтану, анықтау, емдеу тәсілдерін қарастыратын, ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан зерттейтін және ауырған адамдарға реабилитациялық (қайтадан тез сау қалпына келтіру) шараларды да ойластыратын клиникалық медицинаның бір бөлімі. Мүшенің табиғи немесе жасанды ауытқулығы, кемістігі, өспей қалуы да осы салаға жатады. Маммолог дәрігердің негізгі мақсаты - тек қана сүт немесе кеуде бездерінің ісік ауруларын емдеумен ғана шектелмейді, осымен қатар ана сүтінің биологиялық қасиеті, оның балаға және анаға деген әсерін де тексеріп, зерттейді. Қазақстанда жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Ал дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлiм соңғы 20 жылда 22 пайызға көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осыған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүниежүзi әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi» деп жариялануы да тегін емес. Бұл проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын (2009 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республикада 2008 жылы қатерлi iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2009 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлi iсiгi әрi қарай өсуi әбден мүмкін көрінеді (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректерi бойынша). Сондай-ақ сүт безi қатерлi iсiгiмен ауыратындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеу жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазiргi таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен аурыратындар да жиі ұшырасады. Қатерлі ісік ауруының пайда болуына толып жатқан факторлардың әсері бар. Оларды 4 топқа бөлуге болады. Өмiр сүру салтына, кәсiптiк дағдыларға байланысты болып келетiн аурулар бiрiншi топқа жатады. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды кеңiнен пайдалану, үнемi немесе тiптi аз мөлшерде сыра iшу, алкогольдi iшiмдiктi асыра пайдалану, сонымен қатар радиацияның, зиянды газдардың, улы химикаттардың, синтетикалық бояулардың ұзақ мезгiл әсер етуі. Екiншi топ: әйелдердiң сексуалдық, репродуктивтiк және лактациялық функцияларына байланысты: 25-50 жас аралығында әйелдердiң 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда соңғы босану немесе түсiк жасату, бiрiншi босанудың 28 жастан кейiн болуы, климакстың кешiгуi (53 жастан асқанда), лактация кезiнде сүттiң аз бөлiнуi, бiрiншi баланың 4 келiден артық салмақпен туылуы, етеккiрдiң ерте (12 жасқа дейiн) немесе кеш (16 жастан кейiн) басталуы, жыныс қатынасына шамадан тыс құштарлық, баланы 5-6 айға жетпей емшектен шығару. Үшiншi топқа: ағзада қатар жүретiн бірнеше аурулар жатады, сүт безiнiң ауруы, гинекологиялық аурулар, бауыр ауруы, оның iшiнде бұрыңғы болған сары ауру, артық салмақ, қант диабетi, жатырдан қан кету, артериялық гипертензия, қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безiнiң, жатырдың жарақаттануы. Төртiншi топ: тұқым қуалаушылық, яғни қатерлі ісік ауруына бейiмдiлiк болуы мүмкін. Ал сүт безiнiң қатерлi iсiгi төрт сатыдан тұрады: I және II сатыларда сүт безi қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ықтимал және аурулардың 80-92%-ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV сатылар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауiптi жағдайға жатады. Өкінішке орай, iсiктiң ерте сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қаралатын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60 пайызы бiрiншi қаралған сәтте сүт безi қатерлi iсiгiнiң III және IV сатысында болады екен. Сондықтан дер кезiнде қаралып, асқындырып алмай емделген дұрыс. Бүгінде қатерлі ісік дертін емдеудің үш түрлі жобасы бар. Оның біріншісі - оталау, яғни операция жасау, екіншісі - түрлі әдістерді (химио+сәуле+гормон) қабаттастырып қолдану, үшінші жоба - асқынған дертке сиптоматикалық емді ұсыну. Аурудың белгiлерi: емшектiң әр тұсында түйiн немесе томпайған жердiң пайда болуынан, емшек ұшынан сұйықтың көрінуінен басталады. Есте сақтайтын бір жайт - ол дерттің алғашқы өсу кезеңдерінде, яғни бірінші өсу сатысында ауру адам ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда өзін-өзі сипағанда емшекте 1-2 сантиметр көлемдей түйінді табады. Дерттің екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошынып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады, дерттің алғашқы кездерінде олар мүлдем кездеспейді. Қатерлi iсiкпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, әлсiрейдi. Әлсiздiк, жүдеу бiрнеше күнге, аптаға, айға созылады. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерiлуi қиындап, кiшкене қашықтыққа жүруi, күнделiктi төсек жинау, жуыну, ас дайындау секiлдi қимылдардың өзi өте ауыр тиiп, ауру адамды мүлдем қалжыратады. Кiтап оқу, теледидар көру кезiнде ойлары шатысып, шешiм қабылдау, ойлау қабiлетi де төмендейдi. Осы айтылғандардың барлығы сырқат бүкіл денеге таралғанда ғана байқалады. Бұл аурудан сақтануға бола ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, болады. Ол үшін мына талапты әркім біліп жүргені абзал. Сүт безi iсiктерiнiң алдын алу шаралары: (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұсынымдары бойынша) - Бiрiншi жүктiлiктi мiндеттi түрде сақтау және сәбиге 24-36 айға дейiн емшек емiзу. - Қайта жүктi болу жиiлiгiн және жүктiлiк санын қазiргi кезде дамыған әрі зиянсыз - екіқабаттылықтан сақтану тәсiлдерiн пайдалану жолымен реттеу (бiрiншi босанудан 4-5 жылдан соң ғана қайта жүктi болу ұсынылады). - Емшектен баланы шығару біртіндеп-біртіндеп орындалуы керек және әр емізуден кейін сүт сорғышпен емшекті толық сауып, босату қажет, содан кейін барып, оны сыртынан қатты қысып байлаған жөн. - Тиiмдi тамақтану қағидаларын сақтау. - Салауатты өмiр салтын ұстау. - Некеге тұру және әйел толық пiсiп-жетiлген кезде (шамамен 20-25 жаста) үнемi жыныстық қатынаста болу әрі одан ләззат алу. - Емшекті ай сайын сипап отыру, егер одан кездейсоқ жағдайда түйін табылса, онда міндетті түрде уақытты созбай, тез арада дәрігер-маммологқа көріну. - Бұл жерде дәстүрсіз медицина өкілдеріне барып, олардың кеңесін, ұсынысын қабылдау - өте зиян. Осы тұрғыда біз Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, еліміздің Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бас маммологы, медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Әскер Есенқұловқа жолығып, сөзге тартқан едік: - Әйел адамның өмірінде атқаратын қалыпты төрт функциясы бар. Олар - етеккір, жыныстық қатынас, жүктілік, өмірге бала әкеліп, емізу. Дәл осы төртеудің біреуі бұзылса, ол - ауруға жолбастаушы болды. Егер қарапайым осы заңдылықтар сақталса, қауіптің беті әр уақытта аулақ болатыны хақ. Алайда өкініштісі сол, қоғамның ауыр дертіне айналып отырған індеттің соңы асқынған ісік ауруына шалдыққан әйелдердің 40-60%-ның өліміне әкеліп отыр. Аурудың арты осындай қайғыға соқтырмау үшін алғашқы белгілері байқалысымен, яғни І сатысында дәрігерге жүгінсе, кеселдің алдын алу мүмкіндігіне және дене мүшесінің толықтай сақталып, ана болу мүмкіндігінің жоғалмауына толықтай кепілдік бар. Сондықтан қалыпты төрт функцияның бірі бұзылса, дереу дәрігерге көріну керек, - дейді маман. - Жалпы, сүт безінің негізгі қызметі - сүт жинау және оны бала емізу арқылы сыртқа шығару. Осы функциялар бұзылса онда: біріншіден, емшекте неше түрлі ауруларға жол ашылады, солардың ішіндегі өте жиі кездесетіндері ісік аурулары және ісік алды өзгерістер; екіншіден сүт емшекте қалып қойса немесе сыртқа шықпай жиналып қалса, онда ол сарысуға айналады да кистозды фиброзды мастопатияны тудырады. Сырқаттың пайда болу себептеріне, мүшеде сүттің жиналуы, ананың баланы емшектен дұрыс шығармауы жатады - емізуді табан астында үзу, емшекті сормау және оны сыртынан байламау. Аталмыш ауру қазір 40-тан асқандардың екеуінің біреуінде кездесіп жүр. Үшіншіден, мүшенің қалыптан тыс кішірейіп кетуі, қисаюы, тартылып қалуы, т.б. өзгеруі жиі анықталынады, себебі оның табиғи қызметі - сүт өндіру, оны сыртқа шығару бұзылады, яғни ол дұрыс орындалмайды. Мұндайда қазір пластикалық операциялар жиі қолданылуда. Қазіргі таңда емшек аурулары тым көбейіп кетті, әсіресе, асқынған ісік аурулары, осыдан барып, өлім де жиілеп жатыр. 40-тан асқан әйелдер, бала-шағалы болып, оларды өсіріп, енді солардың өмірде қызығын көрем дегенде өмірден озып жатыр, бұл қайғылы және ең негізгі өкінішті жағдай. Сонда «неге бұлай» деген сұрақ туады. Оның жауабы әйел ағзасының сүт өндіру, шығару функциясынан басқа да табиғи қызметтерінің өзгеруінде жатыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ісін жаңарту мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылдан бастап сүт бездері қатерлі ісігін ертерек анықтау, сондай-ақ Еуропа елдеріндегі сияқты қатерлі ісіктің өлім көрсеткішін азайту мақсатында үш жылдық маммографиялық скрининг өткізу қолға алынды. Бүгінде сол скринингтің көмегімен ауылдық жерлерде және Алматыда жұмыс істелуде. Соның нәтижесінде барлық облыс, қалада 35-60 жас аралығындағы әйелдер маммографиялық тексеруден өтті. Тексеру кезінде елімізде 2 миллионға жуық әйелдер тексеріліп, олардың арасынан 2000-ға жуық қыз-келіншектерде сүт бездерінің қатерлі ісігі табылған. Бір қуанарлығы, сол адамдардың мыңнан астамында (70 пайызында) қатерлі ісік алғашқы сатылары (0-1) анықталған. Демек, науқастың ол аурудан айығып кетуіне толық негіз бар деген сөз. Сүт бездері қатерлі ісігінің алдын алу үшін, кез келген 35-40 жастан асқан әйел жылына бір рет маммографиядан және УЗИ-ден өтіп, маммолог дәрігерге көрінгені абзал. Және де әрбір әйел күнде айнаның алдында қолымен кеудесін сипалай отырып, омырауында қандай да бір өзгерістің бар-жоғын бақылауы қажет. Егер сүт бездерін саусақтың ұшымен сипағанда қандай да бір өзгерістерді, яғни түйін табылып немесе емізік ішке қарай кіріңкіреп тұрса, үрпіден сұйық көрінсе немесе байқаса онда ол адам міндетті түрде дәрігерге көрінуі тиіс. Қатты түйіншек пайда болғанын сезсе, сүт бездерінің ұшы ішіне кіріңкіреп тұрса, үрпіден сұйық бөлінген жағдайда да дәрігерге жүгінген дұрыс. «Сақтаңсаң сақтаймын» демекші, дер кезінде емделсеңіз аурудан мүлдем құлан-таза жазылып кетесіз. Бұған еш күмән келтіруге болмайды, әсіресе, қатерлі сүт безі ісігінен. Сондықтан ана сүтінің тәрбиелік рөлі зор. Өз сүтін ұзақ уақытқа «иіп» берген ана ұрпақтың ширақ, денсаулығы мықты болуын толық қамтамасыз етеді әрі балаларымыз таза ұлт болып шығады, одан әр уақытта «ұлттық иіс».
Жатыр мойны обырына қарсы вакцина - қатерлі ісіктің алдын алуға арналған таптырмас құрал
Қатерлі ісік дертіне кез келген адам, жас пен кәрі де, бай мен кедей де, ер адам мен әйел де, тіпті жас баланың өзі шалдығуы мүмкін. Қатерлі ісік науқастарға да, олардың ет жақындарына да және қоғамға да айтарлықтай ауыртпашылық әкеледі. Бұл дерттің салдарынан әлемде, оның ішінде еуропа елдерінде өлім атаулы көбейіп барады. Қатерлі ісік дертінің жүздеген түрі бар. Бұл адам денесінің кез келген мүшесінде кездесуі мүмкін. Алайда көпшілік қатерлі ісіктен туындайтын өлімнен құтылудың жолы бар екенін білмейді. Қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын себеп-салдардың отыз пайызынан салауатты өмір сүру салтын ұстану мен осы ауруды қоздыратын инфекцияларды иммунизациялау арқылы құтылуға болатынына көз жеткізіліп отыр. Ал өзге ебептердің алдын алуға, дерттің жаңа басталған кезеңінде емделіп, біржола сауығуға болады.
Әлемдегі қатерлі ісік дертінің бестен бір бөлігі созылмалы инфекциялардың салдарынан пайда болады. Айталық, адамның папиллома вирусы жатыр мойны қатерлі ісігіне әкеледі. Әлемдегі әйелдердің дені қатерлі ісік дертінің мынандай бес түрінен: кеуде обыры, өкпе, тоқ және тік ішек, жатыр мойны қатерлі ісігенен көз жұмады. Көптеген дамушы елдерде осы қатерлі ісік түрлері аса кең тарап отыр.
Еуропада қатерлі ісіктің салдарынан бір жылда отыз мың әйел көз жұмады. Ал Қазақстанда жатыр мойны обырынан күніне екі әйелдің өмірі қиылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық деректер бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстан жатыр мойны қатерлі ісігі дерті бойынша Еуроодақ елдері ішінде төртінші орынға шығып отыр. Ал Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын әрбір 100 000 әйелдің жиырма екісі осы дертке шалдықса, сегізі жатыр мойны қатерлі ісігі дертінен ажал құшады. Алайда біздің елде мұның ақ-қарасын ажырату қиынға соғады. ДДСҰ болжамынша, таяу арада жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың қатары 25 пайызға арта түспек.
Әйелдердің көбісі жатыр мойны қатерлі ісігі дертінен күш-қуаты тасып тұрған жас шағында өмірімен қош айтысып жатады. Олар балаларының қызығын көріп, отбасына қамқорлық жасап, қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағдайына үлес қоса алар еді ғой. Әлі айқындала қоймаған ақиқат, бірақ берік дәлелденген дүние. Ол - жатыр мойны ісігі дер кезінде анықталса және тиімді емделген жағдайда қатерлі жаңа ісіктердің алдын алуға және емдеп жазуға әбден болатыны.
Жатыр мойны қатерлі ісігі адам ағзасында көбінесе жыныс қатынасы арқылы жұғатын папиллома вирусы қоздырады. Алайда жыныстық қатынасқа түспей, тері үйкелісінен де жұғуы мүмкін екенін белгілі. Бұл қатерлі ісік ауруын инфекция туғызатын түрлерінің бірі ғана. Мамандардың пайымдауынша, аталмыш вирус жер шарында тұратын белсенді жыныстық қатынаста өмір сүретін халықтың 90, 7 пайызында кездеседі. Бүгінгі күні аталған вирустың 140 түрі белгілі. 15 түрі - онкогендік. Тек солардың ішінде екеуі, 16 мен 18 ғана, көп таралған. Ал жатыр мойны қатерлі ісігінің 80 пайызында ауру ошақтары осы вирустың 2 түрі арқылы пайда болады екен.
ДДСҰ деректерінше, қатерлі ісік дертінің 80 пайызы полиэтиологиялық факторлардың, яғни жұқпалы инфекциялық дерттердің салдарынан туындайды. Жалпы жатыр мойны қатерлі ісік дертінің пайда болуының бірнеше қауіпті ықпалдары бар. Жыныстық қатынасты ерте бастағаннан, жыныстық қатынастарда жиі болғаннан, ерте босану, шылым шегу, иммунитеттің әлсіреуі әсер етеді.
Қазақстанда аурудың бастапқы кезеңін анықтайтын онколог мамандары бар мықты клиникалар жеткілікті. Алайда көптеген әйелдер бұл дерт туралы ештеңе білмейді. Оның үстіне дәрігерлік профилактикалық қадағалаудан да құр қалып жатады. Егер елімізде жаппай скринингтік тексеруден кез келген әйелді міндетті түрде өткізсе, онда науқастар жайлы мәлімет жан шошытарлықтай болатыны ақиқат.
Жатыр мойны қатерлі ісігі өте баяу пайда болады. Нақты белгілері де жоқ. Оның пайда болуының нақты белгілері ұзақ уақытқа дейін сезілмей жүреді. Міне, бұл дерттің қауіптілігі де осында жатыр. Дерттің белгісі ретінде, әдетте, әйелдер қансырап дәрігерге көрініп жатады. Қан белгілері жыныстық қатынастан соң, кейде етеккір кезінде байқалып жатады. Ауру меңдеп бара жатқанда және қатерлі ісік жайылғанда құйымшақтың төменгі жағы, бел, аяғы ауырады, кейде аяғы ісіп кетеді, дәрет сындыру қиынға соға бастайды, минструалды цикл бұзылады, түрлі қоймалжың сұйқтықтар бөліне бастайды.
Таяу араға дейін қатерлі ісіктің бастапқы кезеңін диструктивті жолмен емдеп келді. Ал адамның папиллома вирусына қарсы вакцинасы қатерлі ісіктің кең етек алған түрінің алдын алуға арналған таптырмас құрал болып отыр. Адамның жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын папиллома вирусына қарсы вакцинасын егу әйелдердің денсаулығына елеулі әсерін тигізбек.
2006 жылы қатерлі ісік дертіне шалдықтыратын ең көп таралып жүрген адамның папиллома вирусына қарсы профилактикалық шаралар ретінде алғашқы вакцинаға қол жеткізілді. Содан бері 120 ел вакцинаны лицензиялап алды және осы мемлекеттердің 33-і вакцинация бағдарламаларын мемлекеттік тұрғыда жүзеге асыра бастады. Бұл әсіресе жасөспірім қыздарды қамтып жатыр.
Қазақстанда да осындай келеңсіздіктен құтылуға мүмкіндік бар. Көптеген зерттеулер аталған вакцинаның жоғары тиімділігін көрсетті. Оның үстіне, жас мөлшерге қатысты ешқандай шектеу жоқ. Дәрігерлер, алайда, бұны қағида бойынша еккізуді ұсынады. Егуді неғұрлым ерте бастасаң, соғұрлым жақсы дегенді айтады. Вакцинацияның ең тиімді кезеңі - 9 бен 15 жас аралығы. Осы кезде жатыр мойны қатерлі ісігінен 100 пайыз сақтануға мүмкіндік болады.
Ана мен бала өлімінің көрсеткішін азайту - мемлекеттің алдына қойған басымды міндеті. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ана мен бала денсаулығын арттыру бағдарламаның басты мақсаттарының бірі екені анық.
Ү . Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау және бекіту (10мин)
Сұрақ жауап арқылы:
ҮІ. Сабақты қорытындылау ( 5 мин)
ҮІІ . Үйге тапсырма беру (2 мин)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі