Оқытушы: Амирова Мадина Ермековна.
Пән: Мейіргерлік істегі психология негіздері және коммуникативтік дағдылар.
Тақырыбы: Тілдік және мәдени айырмалары бар емделушілірмен қарым – қатынас.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тиімді қарым –қатынас жасау дағдыларын, сондай –ақ кәсіби маңызды коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қарым-қатынас принциптерін сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды болашақ мамандығына деген ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: Караев әдісі
Сабақты өткізу жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Теориялық білімін тексеру – 20 мин
ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау– 50 мин
ІҮ Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5 мин
V Оқушылардың өзіндік жұмысы – 90 мин
VI Сабақты бекіту – 15 мин
VII Қорытындылау- 3 мин
VIІ Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
ІІТеориялық білімін тексеру – 20 мин
Тұтығу –кемістіктің өзгеше бір түрі, оның айтарлықтай психологиялық әсері болуы салдарынан тұлғаның мінез-құлқын өзгертіп, жалпы дамуына бөгет жасайды. Тұтығудың пайда болуынан тұлғааралық қарым-қатынас өзгереді. Жиі кездесетін клиникалық белгісіне –сөзден (сөйлесуден) қорқуы жатады (логофобия). Бұған байланысты адам өмірінің коммуникативтік үрдістерінің бұзылуы, тұйық мінезді болуы және қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудан бас тартуы байқалады.
Бұндай науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда, медициналық қызметкерде көптеген қиыншылықтар туады. Медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық көрсетіп, оларға сенімділік арттырып, толық асықпай тыңдауға түсінуге даярлығын білдіруі керек. Медициналық қызметкер олардың вербальды емес коммуникацияларына ( жесттер, мимика, дене қалпы, қол қимылы, т.б) көп назар аударуы қажет.
Соқыр және саңырау науқастармен танырлық әрекеттері бұзылуы салдарынан, олар жасқаншақ, ұялшақ және жақын туысқандарына тәуелді болады. Олар өзіе-өзі кемсітіп сезінеді және сонымен қатар, әділетті, заңда көнімді келеді, озіне және басқаларға жоғары өнегелік көрсетеді. Бұл адамдардың тұлғасы астениялық, ипохондриялық өзгерістерге шалдығады. Олар өкпешіл, үрейшіл болады, сонымен қатар ұяңдық, күдіктілік те байқалады.
Бұл науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық, сезімталдық көрсетіп, жәрдем беруге әрқашанда даяр екенін сезіндіріп, сеніміне кіруі қажет. Вербальды және вербальды емес коммуникация әдістеріне көп назар аудару қажет. Көзі көрмейтін науқаспен сөйлескенде, медициналық қызметкер оған үлкен ұқыптылықпен қарап, аса назар аударғаны жөн, яғни науқастың не мақсатпен келгенін түсінуге тырысқаны дұрыс болады. Науқастың қолынан ұстап, медициналық қызметкер бар екенін білдіру керек. Егер науқасқа бөлме бөтен болса, медициналық қызметкердің қалпы, жесті әсер етпейтінін есте ұстауы тиіс, сондықтан сұхбаттасу барысында ретсіз дауыс көтерудің қажеті жоқ. Егер науқаста көзілдірік болса, оны шешпегеніжөн болады,себебі ол визуальді түрде медициналық қызметкерді түсіну үшін қажетті. Ауызша алынған мәліметтерді жазбаша қайта алып тексеруі керек.
Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте құнды. Қағазға сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай жасамасқа басқа амал жоқ. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет. Егер науқастың есту қабілеті сәл төмен болып, еріннен оқи алса, медициналық қызметкер жарық бөлмеде науқасқа бетімен қарап тұрады. Медициналық қызметкер асықпай, ақырын сөйлеуі керек. Сөйлесудің соңында, дауыс тембрін төмендетпей, ауызды қолмен жаппай, сөздерді тұрақтау үшін жесттерді қолданғаны дұрыс. Егер науқастың бір құлағы жақсырақ естісе, медициналық қызметкер соған қарай жақындап сөйлейді. Науқастың есту аппараты болса, медициналық қызметкер оны ескереді.
ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау
Жоспар:
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Басты ұлттық топ - қазақтардан басқа, елімізге орыстар, украиндер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, түріктер, немістер, курдтар және баска да ұлттар қоныстаған. Қазақстанның экономикалық өсуіне байланысты Реснубликамызға шетелден жұмысшылар көптеп келуде. Мәдениет аралық коммуникадияны «қарым-қатынастың түрлі формаларының жиынтығы, түрлі мәдениетке жататын жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас» ретінде қарастыруға болады.
Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жүмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек
Мәдени ерекшелігі өзгешс науқастармен жұмыс жасауда коммуникацияның мына компонеттерін ескеру маңызды:
Сөздік емес тәсілдер:
Паравербальды тәсілдер
Мәдениет аралық контактіде кандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет
Сөздік емес коммуникация адамдар қарым-қатынасының біршама ежелгі формасы болып табылды. Сөздік емес тәсілдер мен сөздік тәсілдердің арасында біршама артықшылық бар екенін айтып өтелік. Оларға: эмоциональды көркемділік, оларды тікелей қабылдау мүмкіндігі. Кейбір сөздік емес коммуникацияның нормалары индивидтің белгілі-бір ортаға деген әлеуметтенуі барысында калыпасады. Бір гана жест немесе ым-ишара түрлі мәдени ортада, әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Мәселен, қолды ары-бері сермеу орыс мәдениетінде сәлемдесуді білдірсе, Солтүстік Америкада бұл қоштасудың белгісі, ал Орталык Америкада немесе Африкада мұндай ишара арқылы көлік тоқтатып немесе біреуді өзіңе шақырып ала аласың. Ишараның әнгімені бастау немесе аяқтауды білдіретін рөлі кеңінен танымал. Сөздік емес мәдениет аралык қарым-қатынаста окулистика маңызды орын алады. Окулистика дегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен контакт жасау, көзді қозғалту. Шығыс мәдениетіне қарағанда, Батыс мәдениетінде көзге тіке қарау коммуникация кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме барысында адам өзінің сұхбаттасушысына карамаса, онда оны шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп кабылдайды. АҚШ-та визуалды контакт адамдар арасындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсілдердің аймақтық ерекшеліктері де бар. Ағылшындар сөйлеушіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американдықтар сөйлеушінің бір көзінен ауысып, тіпті басқа жаққа қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде әйелдердің ер адам көзіне, әсіресе бөген таныс емес еркектерге қарауына тыйым салынады. Арабтар тіке көзгс қарауды жөн көрсе, жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойынына) қарайды екен. Түрік халқы құрмет көрсету кезінде көзін темен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол суғу, намысқа тию деп қабылдайды.
Мәдениет аралық қарым-қатынас үшін жанасудың қандай манызы бар?
Жанасуға: қол алысу, сипау, сүю, қүшақтасу, арқадан қағу және т.б жатады. Мұны салыстырмалы зерттеу жанасу кеңінен тараған контактілігі мәдсниеттің және жанасу, көп құптала бермейтін истантты мәдениеттің бар екенін көрсетті. Жанасу кеңінен тараған елдерге латын америка және оңтүстік-европа мәдениеті кіреді. Және ортаға қазақ мәдениеті мен аздап орыс мәдениетін кіргізуге болады. Себебі, қазақ ұлты жанасу арқылы түрлі сезімдерін білдіріп жатады. Бұған мәдениеті қайшы келетін елдерге солтүстік Америка, солтүстік Европа, Қытай жэне Жапон елдері жатады. Әсіресе, азия халқы біршама қашықтық ұстанып, жанасуды құптамайды.
ІV. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин
Іс-әрекеттің тапсырмаларын беру және дағдыларын орындату.
V Оқушылардың өзіндік жұмысы 90мин
Түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастыру /оқытушы-студент/
Коммуникативті (қарым-қатынасты) дамытуға арналған жаттығу
Қарым-қатынас әсте таныстықтан басталады. Әйткенмен, өзіңе ұнаған адаммен танысуға деген ықылас қана аздық етеді, таныса білу қажет. Бугін біз сіздермен танысудың рухани техникасымен философиясын меңгереміз,бұл орайда бізге тәжірибелі психолог Николай Казловтың «Шынайы шындық, немесе өмірлік психолог үшін » деген оқулық кітабы көмектеседі.
Мен сіздерді сол кітаптан біраз үзінділермен таныстырамын . Сабырлы да, еш қиындықсыз, балаларға тән жеңілдікпен танысу керек. Танысуды өзіңе мақсат етіп қоймаған адамдар оңай танысады, сізбен сөйлесу ұнайды, сондықтан танысады. Әңгімеңіз жараспады ма, оған бола жабықпаңыз. Адам көп біреумен таныса алмай қалсаңыз , енді біреулер шеттеп қалса оған бола мұңаймаңыз. Дүние –кең. Танысу барысында ең бір маңызды нәрсе өзіңе қарсы жақтың беретін бағасын ойламау. Есіңізде болсын танысқанда сіз өзіңізді емес оны ( танысатын адамдарыңызды) бағалауыңыз керек, ол сізге несімен қызықты. Сіздің ісіңіз таныстыққа тартқан қадамыңызбен емін-еркін әңгіменің қызығына бату.
Қарым-қатынас жасаңыз
Алуан түрлі адамдармен ешбір түпкі ой, түпкі мақсатсыз сөйлесуге үйрену керек, қыз бен жігітпен де, жаспен де, қартпен де, кезекте тұрып та, көлікте жүріп те....Бірдеңе сұрау керек болса сұраңыз. Жымиятын жағдай болса жымиыңыз. Ең болмаса әңгімеге қызу араласыңыз. Мысалы бір қария сізге қарап әңгіме бастады дейік, әңгімеге араласыңыз сол әңгімеден де қызықты, өзіңізге пайдалы дүниелер табуға тырысыңыз.
Әзіл-қалжың сезімін дамытыңыз
Әр жағдайдан көңілді бірдеңе көздеуге тырысыңыз . Күлдіргі бірдеңе айтып, басқалардың да, өзіңіздің де көңіліңізді қөтеріңіз. Ал анекдот айта білу нағыз өнер. Ол өнер біреулерге табиғатынан берілсе, біреулер жаттығып жетеді. Айтушының ең басты сыры әңгіменің орнын тауып айту.
«Сәлемдесіп алайық» жаттығуы
Қол алысу , сәлемдесу мен қоштасудың белгісі ретінде , өзіндік мәдени ерекшеліктерге ие. Қол алысудың бірнеше түрлері бар және оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.
2. Тапсырма: Медицина қызметкері және науқас ролінде сұхбат орнату
- сұхбаттасудың функцияларын білуі;
- сұхбаттасу принциптерін ажырата білуі;
- медициналық сұхбаттасудың кезеңдерін білуі;
Тапсырма жауабы:
Сұхбаттасу функциялары:
- диагностикалық;
- терапевтік;
Олар бірге, паралельді түрде жүзеге асуы керек, себебі тек үйлесуі жағдайында ғана, медицина қызметкері мақсатына (аурудың сауығуы) жетеді. Көбінесе науқас өзінің шағымдарын, проблемаларын және жағдайын сипаттай, түсінікті түрде айта алмайды. Сондықтан, науқастың айтқан проблемаларын мед.қызметкер тыңдай білуі- сұхбаттың бір кезеңі ғана болады.
Сұхбаттыңекінші бөлігінде, науқастың өз проблемасын толық айтуына, мед қызметкердің әдеппен жәрдемдесуі және оның түпкі негізін түсіндіруі жатады.
Сұхбаттасу принциптеріне келесілер жатады:
Медицина қызметкер қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті, науқасқа түсінікті, арнайытерминдерсіз болуы керек.Олар аурудың тілі мен мәдениетіне , біліміне сәйкес келуі қажет.
Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері:
I.Науқас адамның сенімділігін тудыратын жағдай жасау(тыныштық, назар аударуы, тиісті орналасуы,т.б.) құпиясын сақтауға кепілдік білдіру және сұхбаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
II. Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
III. Сұхбаттан және емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру, адамның психологиялық бейнесін анықтау.
IV. Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып, түсіндіру.
Мысалы, алғашқы интервьюде бұл схеманың бірінші үш кезеңі, ал кейінгілерде-төртінші кезең басым түсуі керек. Психологтардың мәліметі бойынша, адам туралы пікір танысудың 18-ші секундінде пайда болады. Г. А. Оразбекова 44-45 бет/
VІ Сабақты бекіту – 15 мин
Ситуациялық есеп:
1.Медицина қызметкері науқаспен сұхбаттасуға сенімділік туғызатын жағдай жасау керек. Медицина қызметкерінің іс-әрекеті.
2. Медицина қызметкерінің белсенділік ролі доғарылып, ол пассивті (белсенді емес) сұхбаттасушыға айналуы неліктен.
Жауабы:
1. Бұл белсенді сұхбаттасудың әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі, сұхбаттың егжей тегжейдің толық ашылуы, пациенттің алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатыны анық . Бұнда медицина қызметкері науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді,бұнда медицина қызметкері ойын тікелей емес жанама түрде «сенімділік дистанциясын» айтуы керек. Мысалы: «егер бұл туралы әрі қарай айтқыңыз келмесе, келесі сұраққа көшейік». Бұндай коммуникация техникасының артында шын көңілден оның дертін анықтап, қолдау жасауды көздейтін, медицина қызметкерінің үлкен ықыласы жатады.
2 Науқас адамға тиісті уақыт беріліп, оның шағымдарын асықпай, ұқыпты, өзі таңдаған бір-ізділікте, қажеттілігі мен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.
VІI Қорытындылау – 3 мин
Оқушылармен кері байланыс, тәжірибелік сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
VІII Үйге тапсырма – 2 мин
М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю.В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар» оқулықтан
Г.А. Оразбекова «Дәрігердің коммуникативтік дағдылары» 43-46 беттер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі