Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Сиқырлы лимон»
Мақсаты: Іс-тәжірибе жасау арқылы лимон және оның қасиеті туралы білімдерін кеңейту; лимонның қасиетімен танысу барысында балалардың танымдық қабілеттерін, сұрақтарға толығымен жауап беру, қорытынды жасай білу біліктіліктерін дамыту. Іс-тәжірибеге деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-тәжірибе жасауда бір-бірін сыйлауға,тәртіп сақтауға, көмектесуге, мұқият, таза, өз бетімен тәжірибе жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Ғажайып сандық, лимон, пенапластан жасалған жанартау, лупалар, су, стақандар, лимон қабығы, пластикалық қасықтар, , екі су құйылған ыдыс, лимон қышқылы, ас содасы, ас бояуы, фери,алма
Билингвальды компонент: Саяхат-путушествие, қышқыл-кислый, ас содасы-пишевая сода.бұдыр-шуршавый.
Оқу іс-әрекеті |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
-Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қәне, сәлем сөздің анасы демекші бірініші қонақтармен амандасып алайық. - Балалар сендердің көңіл – күйлерін қалай? Ғажайып сәт: -Балалар біздің топқа хат жіберіпті оның Балапан телеарнасының кішкентай зертеушілер болуға шақырады. (Педагог жұмбақты оқиды.) -Балалар, ойланып жауап береді? -Сандықтың ішінде мынадай лимон бар. -Дұрыс таптыңдар. - Лимонды зерттеп көргілерін келе ме? -Ендеше бүгін сендермен лимонды зерттеуге шақырамын. Билингвальды компонент: зертхана-лабаратория. - Балапан телернасын көздерін ашып елестеді -Балалар зертханада кім боласыңдар? –Ал мен кім боламын? |
-Сәлеметсіздерме! -Здраствуйте!
-Жақсы -Қол шапалақтайды. -Қабақ түйеді. -Көздерін бақырайтады. - Күледі.
Балалар көздерін жұмып елестетеді.
Балалар таң қалады
-Балалар жауаптарын айтады.
Кішкентай зерттеушілер Жетекші.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
-Балалар, ендеше теледидарға қарайық. - Қараңдаршы не туралы екен. - Лимон туралы қысқаша мағлұмат тыңдайық -Ендеше зертханада лимонның сиқырын зерттеп көрейік. Іске сәт балалар -Балалар, зертханаға кіргенде қандай ережелер сақтау керек. -Шулауға болмайды. -Айтқанды тыңдау керек. -Әр жасаған тәжірбиемізді мұқият білу керек –Рұқсатсыз ештенеге ұстауға болмайды. -Ұқыпты,абай болу керек. Тәрбиеші балаларға алжыпқыш кигізеді. Алжапқышты киіп, столға келіп, орындықққа отырады. 1 тапсырма. -Балалар, біз қазір мына алманы екіге бөліп, жарты бөлігін қызыл, жарты бөлігін сары тарелкага салып,сары тарелкадағы алма бөлігіне лимон шырынын жағып қоямыз. Сабақтың соңында алманың қай бөлігі қарайғанын байқаймыз. - Қорытынды: Лимон шырыны жағылган алма бөлігі қараймады,ал екінші бөлігі қарайыпты. Лимон тамақты бұзылудан сақтауға болады екен. 2-тапсырма: - Балалар қараңдар мына ыдыстың ішінде су бар, осы суға бір лимон қабығымен бір лимон тазаланған қабықсыз лимонды ыдыстағы суға саламыз. –Ал, балалар ыдыстағы суға қарайық. - Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Қорытынды: Қабығы тазаланған лимон суға батып кетті,ал тазаланбаған лимон суға батпады. Лимонның қабығында ауа көпіршіктері болады. -Жақсы балалар. Біз шаршадық, біраз сергіп алайық. Сергіту сәті: Музыка әуенімен іс қимылдар жасайды. 3- тапсырма: Стакандағы судың дәмін көреді, суда дәм болмады, енді стакандағы суға лимон бөлігін қасықпен салады. Қорытынды: Лимон дәмі кышқыл болады. 4-тапсырма: Лупамен лимон қабығын қарау. Қорытынды: Лимон қабығы бұдырлау болады. Онда ауа көпіршіктері бар. Дидактикалық ойын: «Лимонды сипатта» Тәрбиеші допты кезекпен береді. Балалар шеңбер құрып тұрады.
Билингвальды компонент: Қышқыл-кислый, сопақ-овальный.сары-желтый. Бұдыр шуршавый. 5-тапсырма: Лимон қышқылын қоып жанартау лава атқылаын көрсету. Тәрбиеші пластикалық пенадан жасалған жанартауға ас бояуы,феери,су,лимон қышқылын пенадан жасалған жанартауға құяып,ас содасын қосады.Жанартау лава сияқты көпіршіктер пайда болады. Қорытынды: Лимон қышқылы мен ас содасында газ пайда болады. Копіршіктенеді.
|
Лимоның ағашы Балалар слайд көреді.
Балалар ережелерді айтады. Алжапқыш тағу керек, тәрбиешінің айтқанын тыңдау керек, мұқият болуымыз керек.
Балалар бақылап қарайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар мұқият бақылайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар қайталайды. Балалар допты кезекпен алып лимонды сипаттап айтады.
Балалар тапсырманы орындайды лупамен қарайды.
Билингвальды компонент: бұдыр шуршавый. Балалар кезекпен допты алып лимонды сипаттайды.
-Кішкентай кілтпен.
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
-Балалар бүгін біз қайда бардық? -Нені зерттедік? -Қандай тапсырмалар орындадық? Әр балаға лимон суреттері таратып береді. -Бүгінгі оқу іс-әрекетінде бәрі түсінікті болса жасыл түсті тарелкаға, ал біраз қиыншылықтар болса сары түсті тарелкаға, сабақ ұнамаса қызыл түсті тарелка суретіне жапсырыңдар ұсыныс беріледі. |
Балалар қандай тапсырмалар орындағандарын айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Іс-тәжірибе жасау арқылы лимон туралы, лимонның құрамы туралы біледі.
Игереді: Магнитті қолдану барысындағы ерекшеліктерді.
Меңгереді: Іс –тәжірибе жасауды меңгереді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі