Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Алтықарасу мектеп-балабақшасы
Аға тәлімгер: Бисенова Молдир Сабыровна
Мақсаты: Ақынның шығармашылығын, өмірін жас бүлдіршіндерге түсіндіру. Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының құдыретін сезіну, өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту, үлгі алу.
Түрі: танымдық сайыс.
Көрнекілігі: ақынның суреті, стикерлер «Білім ағашы» салынған плакат, слайд, бейнероликтер.
Барысы:
Тәлімгер: Қош келдіңіздер! Құрметті әріптестер мына берілген қиынды суреттерді алып орындарыңызға жайғаса қойыңыздар.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны.
Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын.
Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
Олай болса экранға назар аудайық
Мұқағали Мақатаев туралы 9 дерек
І. кезең«Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны» шығармашылық жұмыс:
Осы төмендегі тақырыптар бойынша мозайка құрастырып табу.
І топ. Үш бақытым өлеңі (Халық суреті, Тіл, Отан суреті) Мәнерлеп оқу.
ІІ топ. Аққулар ұйықтаған (Поэма фотосы) Көрінісін қою кішігірім.
ІІІ топ. Сәби болғым келеді (кішкентай бала суреті) Ән айту.
ІІ. Кезең. «Жырлайды жүрек» деп аталады
1 ұяшық «Саржайлау»
2. ұяшық «Көнемізго»
3. ұяшық «Туған өлке»
4. ұяшық «Бақыт»
5. ұяшық «Сенің көзін»
6. ұяшық «Есіңе мені алғайсың»
7. ұяшық «Ана сен бақыттысың»
8. ұяшық «Күрең күз»
9. ұяшық «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
ІІІ кезең «Шашу» конфеттерге сұрақтар жасыру
Мұқағали ақын есебінде жауап беру
1. Туған жерің?
2. Туған жылың?
3. Жынысың кім?
4. Партияда барсыңба?
5. Шыққан тегің?
6. Білімің ше?
7. Ана тілің?
8. Қайда істедің
9. Міндеттісің бе әскерге?
10. Сөгіс алып көрдіңбе?
11. Шетелдерде болып көрдіңбе?
12. Мекен-жайың?
Рефлексия: «Білім ағашы» стикерлерге алған әсерлерін жазу.
Өлең жазу – дертіне болған дауа,
Оны оқысаң, жұтқандайсың таза ауа,
Бұл ақының - Мұқағали Мақатаев
Өлеңменен рух берген ұлтқа дара!!!
(С). Салқынбек Жәнібек
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі