Назар аудар:
Тортай мінер ақбоз ат (толық әңгіме)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы
Мұғалімнің аты-жөні: Борина Ақкенже
Күні:
Сынып: 6
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Оқу мақсаттары
6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлері Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Тілдік мақсат Ауыл өмірі, жетім бала тағдыры, арман-қиялы, ақбоз ат.
Пәнаралық байланыс қазақ тілі
Алдыңғы оқу О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат
Жоспар.
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. Оқушыларға түсі әр түрлі қағаздардан алуларын сұраймын.Қағаздағы түстердің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады. Тапсырманы орындаған әр баланы бағалау.
1-топ «1-сурет» 2-топ «2-сурет» 3-топ «3-сурет» 4-топ «4-сурет» Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» Суреттер.
Жаңа білім
Қызығушылықтарын ояту.
Білу және түсіну Сұрақтар: 1.Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы не білдіңдер? 2.Әңгіме неліктен «Тортай мінер ақбоз ат» деп аталады? 3.Тортайдың жеке басының арманы не? 5.Тортай өмірінде кітаптың орны қандай болды? 6.Тортайдың «Ақбоз атқа» міне алмауына кім кінәлі? Оқулық, мәтіндер.
Ортасы
Талдау. 1.Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. 2.Венн диаграммасын қолданып, Тортай мен Аян образдарын салыстырыңдар. 3.Соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдаңдар. 4.Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазыңдар, оны автор мінездемесімен салыстырыңдар. Жинақтау. Тортайға тән қасиеттерді топтау сызбасы арқылы көрсетіңдер. Қолдану. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасап, «Түйін» кестесін толтырыңдар. Әңгімеден эпитет, теңеу, мақал-мәтел, фразеологизмдерді табыңдар. Оқулық,кес-пе қағаздар, түрлі-түсті маркерлер
Сергіту сәті «Көңілді күн» Оқушылар сергіп қалады.
Соңы 1.«Тортай мінер ақбоз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді...» деген жолдарды қалай түсінесіңдер? 2. Әңгіменің атауы мен Тортай арманының қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? 3.Шығарманы оқып шыққаннан кейінгі сезімдеріңмен бөлісіңдер? Шығарма сендерге қалай әсер етті? Топтық жұмыс. Постер қорғау. Тортайдың арманы. Топ мүшелері тапсырма орындайды.
Бағалау
Оқушылардың білімі өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалау арқылы тексеріледі. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
Кері байланыс
«Білім ағашы» әдісі бойынша өз ойын жазады, ортаға салады. Үйге тапсырма: әңгіменің мазмұны, әңгіме желісі бойынша сурет салу. Стикер
Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады.
Рефлексия
Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сұрақтарға жауап беру.
2:Шығарманы талдау.
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Шығарманы жүйелі талдау.
2:Топтық жұмыстар.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Назар аудар:
Тортай мінер ақбоз ат (толық әңгіме)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі