Өлең, жыр, ақындар

Петр Ильич Чайковский «Грустная песенка» пьесасы

О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің
бас қобыз пәнінің мұғалімі Домашева Аяулым Бақытбекқызы

Ашық сабақ Пәннің аты: бас қобыз

Сыныбы: 3

Оқушының аты-жөні: Ахментеева Ақниет

Оқытушы: Домашева А.Б

Сабақтың тақырыбы: П.И.Чайковский «Грустная песенка» пьесасы.

Сабақтың мақсаты:

а) Эстетикалық тәрбие, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, іздемпаздық, өнер сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

б) Нотаны өз бетінше оқып-үйренуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі:

- Классикалық музыканы жақсы түсініп, меңгере білу.

- Балаға әртүрлі жанрлы музыканы үйрете отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (бас қобыз, саз әдебиеті, сольфеджио).

Күтілетін нәтижелер: - Нотаны бірден оқып кетуге үйрету.

- Баланың жан-жақты болып өсуіне ықпал ету, баланың өзіне деген сенімін арттыру.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Құрметті әріптестер, бүгінгі онлайн өтетін сабағымызға қош келдіңіздер! 3-сынып оқушысы Ахментеева Ақниетпен өтетін сабағымды сіздермен бөлісетін боламын.

- Ақниет, үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушы: - Неміс композиторы Х.Шлемюллердің «Марш» пьесасы. Сондай-ақ орыс композиторы П.И.Чайковский туралы оқып, біліп келу.

Мұғалім: Олай болса, қолымызды жүргізіп алу үшін гамманы әртүрлі штрихтармен ойнап көрсетейік.

Оқушы: Мен сізге «фа-мажор » гаммасын « detashe» және « legato» штрихтарында орындап беретін боламын. (гамма ойналды.)

Мұғалім: Жақсы, енді Х.Шлемюллердің «Марш» пьесасын ойнай ғой. (шығарма ойналды)

Жарайсың! Қанеки саған П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығын оқып, танысып келуді тапсырған болатынмын. Ендеше ұлы композитор туралы білгеніңмен бөлісе ғой.

Оқушы: 1840 жыл 7 сәуірде Ресей Империясында дүниеге келген. Ол –композитор, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. П.Чайковскийдің отбасы 1852 ж Санкт-Петербургке қоныс аударған. Алғашында ол құқықтану учелищесінде оқып жүріп, заң министрлігінде лауазымды қызмет атқарады. Оның музыкаға деген шексіз махаббаты оны консерваторияға алып келеді. Оның консерваториядағы ұстазы әйгілі Рубенштейн болған. Петр Чайковский консерваторияны үздік бітіріп шыққан. 1862 ж Мәскеуде ұстаздық етеді. Сондай-ақ ол Ресейде гармония пәні туралы алғаш оқулық жазған ұстаз.

Шығармалары: Оның 10 операсы бар. Мысалға: «Евгений Онегин»,

«Мазепа»және т.б

3 балеті бар: «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик», «Аққу көлі».

Сонымен қатар ол фортепианоға арнап көптеген шығармалар және виолончельге арнап «Вариации на тему Рококо»жазған.

Мұғалім: Керемет! Рахмет Ақниет, бұл оқыған түйгендерің сенің есіңде ұзақ сақталады деген ойдамын. Сабақтың соңында бұл еңбегіңді ескеретін боламын.

Жаңа сабақ

Мұғалім: Біздің бүгін өтетін жаңа шығармамыз, Петр Ильич Чайковскийдің «Грустная песенка»пьесасы. Жаңа сабағымыз қызықты болу үшін алдымен менің орындауымда яғни виолончельде кейін смартфоннан фортепиано аспабында орындалуын бірге тыңдайтын боламыз. ( пьеса тыңдалды)

Ақниет, енді біз нотаға қарайтын болсақ пьесамыз бізге таңсық тенор кілтінде жазылған. Біз сенімен оңай болу үшін алдын-ала тенор кілтін жаттап қойдық, иә? Енді пьесаны талдайтын болсақ, пьеса соль-минор тональдігінде жазылған. Оны біз кілттік белгінің жанындағы си-b және ми-b арқылы таптық.Кілттік белгіден кейін не тұрады? Әрине, пьессаның өлшемі. Пьесаның өлшемі:4/4 екен.

Яғни, тактінің ішін 1ге, 2ге, 3ке, 4ке деп санайтын боламыз.

Сенімен бүгін пьесаның алғашқы 8 тактісін өтетін боламыз. Неге, себебі біріншіден бұл жерде бізде жаңа кілттік белгі болса, екіншіден біз жаңа штрихпен танысатын боламыз. Бұл штрихымыздың аты- Portato штрихы. Сонымен қатар бізге legato штрихы да кездесетін болады. Кездесетін динамикалық белгілер: р- пиано, сосын росо rit.- яғни, белгілі бір фраза біткенде нотаны баяулату деген сөз. Сонымен қатар пьесаның арасында бізде р-дан f апаратын бірнеше сызықшалар бар. Жаңа шртих Portatoны қазір сабақ барысында ойнап, үйрететін боламын.

Мұғалім: Ақниет, бүгінгі сабағымыздың сергіту сәтіне П.И.Чайковскийдің шығармалары орындалатын бірнеше сұрақ- жауап дайындадым. Олай болса, тауып көрелік.

- 1 суретте көріп тұрғаның қандай шығармасы? Оқушы: - Бұл ұлы композитордың «Аққу көлі»балеті. Мұғалім: - 2 сурет жайлы не айтасың?

Оқушы: Бұл «Щелкунчик» балеті ғой.

Мұғалім: - Ал, мына суретте не көріп тұрсың?

Оқушы: Апай, бұл ұлы композитордың балеті, әрі бәріміз сүйіп көрген мультфильм «Ұйқыдағы ару» .

Мұғалім: Жарайсың, Ақниет, дәл солай.

- Енді соңғы суретке көз салайықшы, бұл қай шығармасы екен?

Оқушы: - Бұл менің сүйікті аспабым виолончельге арнап жазылған

«Вариации на тему Рококо» ғой.

Мұғалім: Керемет! Бүгінгі еңбегіңе көп рахмет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз