Атырау қаласы
№11 Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектептің саз пәні мұғалімі
Жексенгулова Куляш
Сабақтың тақырыбы: Кино және музыка
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды кино өнерімен таныстыру, музыканың кинода алатын орны аса зор екенін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді сүйетін, қадірлейтін, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Есту, есте сақтау, шығармашылықпен ойлай білетін, қиялдай білетін қасиеттерін, музыканың, суреттің мән-мағынасын терең түсіну қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, музыка тыңдату, ойын элементтері.
Техникалық құралдар: Компьютер, проектор, интербелсенді тақта.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Үлкендерге біз
Күйшілерге сіз
Құрметпенен бас иіп
Сәлембердік біз
II. Үй тапсырмасын тексеру: Топтық жұмыс
1-топ - Қуыршақ бейнесі бар қиынды суреттерді құрастырады.
2-топ - Сол суреттегі қуыршақтардың қай халықтың туындысы екенін айырады.
Үйге берілген ән: А.Маханбетованың «Менің әжем осындай» әнін 4 оқушыдан сұрау.
III. Жаңа сабақ: Кино және музыка.
- Кәне, балалар, сүйікті фильмдерімізді есімізге түсірейікші, киноны музыкасыз елестету мүмкін бе, әрине өте қиын. Ең алғашқы фильмдердің дыбысы болмайтын, сөздерін экранға жазып шығартын, ал пианист болса, экранның жанында отырып, фильм аяқталғанша бүкіл көріністі сүйемелдейтін.
- Ең алғашқы дыбысы бар кино пайда болған кезде экранда музыкалық комедиялар көбейе бастады. Қазір музыка кинофильмдердің басты көркемдеуші құралына айналды. Фильмдегі музыканың алғашқы дыбысынан-ақ фильмнің мазмұнын анықтауға болады. Егер үрейлі, ауыр музыка ойналса, фильмнің қорқынышты немесе «атыс-шабыс» екендігін түсінеміз. Ал егер ойнақы, жеңіл музыкадан басталса, онда комедия, күлкілі немесе балаларға арналған фильм екенін білеміз.
«Менің атым Қожа» фильмін еске түсірейікші, бәріңде көрдіңдер, қай ән орындалады? (Н.Тілендиев-«Саржайлау» әні). Бұл кинолардың музыкасын атақты қазақ композиторы Н.Тілендиев музыкамен көркемдеген.
«Біздің сүйікті дәрігер» атты фильмнің музыкасын орыс композиторы А.Зацепин жазған.
IV. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
- Видеороликтер, анимациялық фильмдер мен қазіргі заманғы фильмдерден үзінділер көрсету.
«Менің атым Қожа», « Қыз-Жібек », «Біздің сүйікті дәрігер», «Алпамыс мектепке барады».
V. Сергіту сәті: «Біздің оркестр»
Өтпейді әр кеш құр,
Ойнаймыз оркестр.
Дауылпаз бастайды,
Даңгыра қостайды.
Там,та-та-там
Бум,бу-бу-бум,бум.
VI. Музыка тыңдау: «Ортеке» биі-«Секіртпе»
VII. Ән үйрену: Н.Тілендиевтің«Меніңатым Қожа» фильмінен «Саржайлау» әнін үйрену.
- Дауыс жаттықтыру: -ма-мо-мэ-ми-му- бірте-бірте жарты тонға көтереміз.
Әнді тыңдау, орындап беру.
Фразаға бөліп үйрету.
Оқушылардың дұрыс дем алуына,әуенін бұзбай таза айтуына көңіл бөлу.
Сипатын айыру (көңілді,көңілсіз). Оқушылар смайликтерін көрсетеді.
VIII. Сабақты бекіту:
- Музыка өнерінің қандай жанрларын білеміз? (Халық әндері, ұлт аспаптар оркестрі, джаз музыкасы, қуыршақ театры, кино және музыка)
- Сабақ қандай көңіл күйде өтті? (көтеріңкі)
- Мақсатымызға жеттікпе? (жеттік)
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, түсініктерін айту, «Саржайлау» әнін жаттау, табиғатқа байланысты суреттер салып келу
Гүлнұр Асанханова
Керемет мына сабақ жоспары