Өлең, жыр, ақындар

Әдепті бол

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

№264 мектеп-лицейі

Музыка пәні мұғалімі

                                                       

Сыныбы

Даярлық сыныптары

Сабақтың тақырыбы

Әдепті бол

Сабақтың мақсаты

Кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету. Музыка арқылы бойларына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберліктерін дамыту. Тіл байлығын, таным белсенділіктерін арттыру. Би ырғақтарын еркін билеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау

Көрнекілігі

Қажетті суреттер, аспап, үнтаспа

Күтілетін нәтиже

Кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйренеді. Музыка арқылы бойларына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жиренеді. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберліктері, тіл байлығы, таным белсенділіктері артады.

Би ырғақтарын еркін билеуге дағдыланады.

Негізгі идея

Музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Бейнелі қимылдарды бере білуге талпындыру.

Сабақтың жоспары

1.  К.Қуатбаев «Балдырғандар маршы» – тыңдау

2.  И.Нүсіпбаев  «Мен әдепті баламын» - үйрену

3.  Ырғақ қимыл – қазіргі би ырғақтары «Сәлемдесу-қоштасу»

 

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

II. Үй тапсырмасы

 

 

III   Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Музыка тыңдау

 

 

 

 

 

 

V. Ән үйрену

 

VI. Ырғақ қимыл сәті

 

 

 

 

 

VII. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

VIII. Бағалау

 

IX. Кейінгі тапсырма

 

 

 

 

а)  Оқушылармен сәлемдесу

ә)  Сабаққа дайындықтарын қадағалап,  назарларын аудару

б) Музыкалық жеті дыбыс арқылы  дауыс жаттығуын жасау.

    Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бірқалыпты   

     шығуын,  тыныстың дұрыс алынуын қадағалау.

 

1. Тақырыпты әңгімелеу

2. Н.Дүкенбаев «Бағдаршам» - әнін жатқа орындау

 

«Миға шабуыл» стратегиясы

-Әдептілік деген не?

-Әдепті болғың келе ме?

-Әдептілікті кім үйретеді?

-Әдепсіз бала қандай болады?

(Оқушылар пікірлерін тыңдау, талқылау, қол шапалақтау арқылы мадақтау)

Ендеше мына суретке қарайық . Қандай балалар?

(әдепті, әдепсіз баланың суреттері арқылы мағынаны таныту).

 

           

         Әдепті бала                            Әдепсіз бала

             ұқыпты                                    еріншек

            таза жүреді                               тіл алмайды

            мейірімді                                  өтірікші

            білімді                                       нашар оқиды

 

Демек, адам бойында жаман, жақсы қасиеттер болады екен. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретсе, жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреді екенбіз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болу керек.

 

К.Қуатбаев «Балдырғандар маршы» – тыңдау, талдау

-Ән қалай орындалады?

-Әнде не туралы айтылған?

-Ән неге «Балдырғандар маршы» деп аталады?

Елін сүйген, ержүрек, құрметтеуге тұрарлық адам болып өсу үшін не істеу керек?

 

 И.Нүсіпбаев  «Мен әдепті баламын» - үйрену

 

Қазіргі би ырғақтары - «Сәлемдесу-қоштасу»

Өздіктерінен би қимылын музыкаға сәйкес бастау, аяқтау. Бір-біріне қарсы жүріп, кездескенде – бас иіп сәлем беру. Бір-бірінен алшақтап, артқа қарай жылжыған сәтте, қоштасып қол бұлғау. Қазіргі заман би қимылын еркін, көңілді орындай білу.

 

Кері байланыс. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

-Әдепті бала деген кім?

-Әдепсіз бала деген кім?

-Әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады?

-Біз әдепті болу үшін қандай қасиеттерден аулақ болуымыз керек?

-Әдептілікті кімнен үйренеміз?

Оқушылардың рефлексиялық ойларын тыңдау.

 

Мақтау, мадақтау, қол шапалақтау, бармақпен бағалау.

 

Тақырыпқа сай суреттер әкелу, тақпақтар жаттау, әннің сөзін жаттау

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз