Өлең, жыр, ақындар

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"№11 "Жеңіс" мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Эльвира Арипбековна

Білім беру ұйымының  атауы

№11 «Жеңіс» МГ

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Құндылықтар

Педагогтің аты-жөні:

Утегенова Э.

Күні:

18.10.24

Сынып: 4 «Ә »

  Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақтың тақырыбы:

№28  Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем 64-68 - жаттығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.3.7.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою

Сабақтың мақсаты:

- -мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтайды және ондағы негізгі ойды тұжырымдап анықтайды;

- құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қойып жазады.

Құндылықты дарыту

Құрмет , ынтымақтастық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

 Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 мин

    Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

 

 

ІІ. Өткен сабаққа шолу

«Серпілген сауал» әдісі арқылы сабақты бекіту

1.Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер)

2.Сөйлем, айтылу мақсатына қарай, дауыс  ырғағына қарай  нешеге бөлінеді?( Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып үшке бөлінеді)

3.Синтаксис  дегенді қалай  түсінесің? (синтаксис  сөйлем  мен  сөз  тіркесін  зерттейтін ғылым)

4. Сөз  тіркесі  неден  құралады? (Сөз тіркесі басыңқы  және  бағыныңқы  сөзден  тұрады).

5. Сөйлем құрылымына  қарай қалай аталады?(жай  сөйлем мен құрмалас  сөйлем)

6. Жай  сөйлем мен құрмалас  сөйлемнің өзгешелігін  айтып бер.(Жай сөйлем екі  сөзден құралады. Құрмалас сөйлем одан да көп жай  сөйлемнен құралады.)

 

 

 

Оқушыларды топқа  бөлу.

1-топ: Хабарлы сөйлем

2-топ: Сұраулы сөйлем

3-топ: Лепті сөйлем

 

 

Ребус  шешу арқылы жаңа   тақырыпты ашу.

 Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады.

«Жай  сөйлем мен құрмалас  сөйлем»

 

 

.

 

Оқушылар  сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Әр  топтан   оқушы шығып сұраққа  жауап береді.

 

 

Ою – өрнек арқылы бөлу

 

 

«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.

 

 

Қ.Б:  Асық арқылы бағалау

 

 

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді(1)

 

Психологиялық ахуал

 

 

 

 

 

Слайд 1

Ортасы

25 мин

 

Жаңа сабақ

1-тапсырма

64-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.

 1. Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.

 2. Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы.

3. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

• Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір, әр тыныс белгісінің өзіндік ерекшелігін айт.

• Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

 

2-тапсырма.Топпен жұмыс

65-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

 

Бір топ бала іске жұмыла кірісіп, коньки тебетін мұзайдын жасап жатты. Олар алаңның қарын күреп, тегістеді. Мұзайдын дайын болғаннан кейін балалар конькилерін аяқтарына байлап, сырғанақ тебуге кірісті. Одан кейін екі топ құрап, хоккей ойнамақшы болды.

Мәдіхат Төрежанов

• Құрмалас сөйлемдерді көшіріп жаз, олардың жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндір.

 

• Әңгімені әрі қарай жалғастыр.

Қай  топ  ұтса, сол  топқа   медаль берілетін  болды.

Сергіту сәті.

«Әке толғауы» күйіне  ритмикалық  жаттығу.

3-тапсырма.  Жеке жұмыс

66-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Оның жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем екенін айт.

1.Ұлдана бірінші орын алды. (жай сөйлем)

2.Жаңбыр жауса, шөп шығады. (құрмалас сөйлем)

3.Ұлдана бірінші орын алды, ол қатты қуанды. (құрмалас сөйлем)

 

Жұптық жұмыс.

Ұлттық  құндылықтар арқылы сәйкестендіру.

Жай  сөйлемді  құрмалас  сөйлемге  айналдырып, тыныс белгісін қою.

 

Асқар  мектепке  келді.  Сабақ  басталып кетіпті.

Күз  келді.  Құстар  жылы жаққа ұшты.

Маржан  гүлге  су құйды. Гүл жайқалып өсті.

 

 

 

Үй тапсырмасы

4-тапсырма.68-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.

 

• Осындай келеңсіз жағдайды көрсең, не істер едің?

• Суреттегі балалардың әрекетіне өз пікіріңді білдір.

 

Айдос пен Бекзат мектептен шығып келе жатқан еді. Бір кезде Бекзат қолында тұрған құтыдан суды ішіп болды да, жерге тастай салды. Бұны көрген Айдос Бекзатқа қарап, бұл әрекетінің дұрыс еместігін айтады. Сол кезде олар жанында жердегі қоқыстарды тазалап тұрған атаны көреді. Бекзат бұл әрекетіне қатты ұялып, жерде жатқан құтыны алып, қоқыс жәшігіне тастайды. Балалар бұдан былай көшеде қоқыс тастамайтын болды.

Мақалдарды оқиды, жатқа жазады. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген  сөйлемді құрмалас  сөйлемге  айналдырады.

 

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгіме құрап жазады.

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

- Мақалдарды оқып, жатқа жазады;(1б)

- Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді;(1б)

- жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды.(1б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

- Мәтінді түсініп оқиды;(1б)

- Құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазады;(1б)

- Әңгімені әрі қарай жалғастырады.(1б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

- Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазады;(1б)

- жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем екенін айтады(1б)

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

Берілген жай  сөйлемді құрмалас сөйлемге  айналдырып  жазады;(1б)

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

- Сурет бойынша әңгіме құрайды;(1б)

- Суреттегі балалардың әрекетіне өз пікірін білдіреді.(1б)

Слайд 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба

Слайд 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 5

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

Слайд 6

Соңы

10 мин

Сабақты бекіту

«Микрофон» әдісі

1.Зат  есім дегеніміз  не?

2.Сын есім дегеніміз не?

3. Сан есім дегеніміз не?

4. Етістік  дегеніміз  не?

5. Жай  сөйлем дегеніміз не?

6. Құрмалас  сөйлем дегеніміз не?

 

Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

Бағалау. 

«Асық»  арқылы бағалау.

 

 Рефлексия

«Киіз үй»  әдісі.

Оқушылар  өздеріне рефлексия жасап, кері байланыс береді.

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды.

 

 

 

Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады.

 

Слайд 6

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 7

 

 

 

 

 

Сөз тіркестерін кестеге ажыратып жаз.

Ағаш қасық, төрт тоқсан, тез оқу,  мектепке келу, әдемі жаз, есеп шығару, екі оқушы, жүк тасиды, бес жаңғақ, көк шөп, жуас ат, ауыр жүк, он екі ай.

Зат есім+етістік

Сын есім+зат есім

Сан есім+зат есім

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз