Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Балабекова Қ.А.
Күні : 13.03.2015ж.
Пән: қазақ тілі
Сынып: 3 «А»
Сабақ тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру, болымсыз етістіктердің –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен таныстыру.
Оқу нәтижесі: Оқушылар етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсінеді, болымсыз етістіктердің –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен танысады, тәжірибеде пайдалана алады..
Оқыту әдістері: «Пресс-конференция», «Дөңгелек үстел», «Сөздер банкі», «Басбармақ», «Бағдаршам»
Барлық оқушылармен (А,В,С) жұмыс: Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазады.
Сабақ барысы:
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар |
Кіріспе 5 мин
Қызығушылықты ояту. |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырамасын пысықтау. «Пресс-конференция» дидактикалық ойынының шартын түсіндіреді. Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» сұрақтар қояды.
Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтарады. |
Оқушылардың бірі санамақты айтып, оқушыларды рет бойынша қолымен көрсетіп, меңзеп отырады: Қуыр-қуыр қуырмаш, Балаларға бидай шаш! Тауықтарға тары шаш! Бас бармақ,Балалы үйрек,Ортан терек,Шүлдір шүмек,Кішкене бөбек! Бұл санамақты бірнеше рет қайталайды. Оқушылар бес топқа бөлініп, топтар саусақтар бойынша аталады: «Бас бармақ» тобы, «Балалы үйрек» тобы, «Ортан терек» тобы, «Шүлдір шүмек» тобы, «Кішкене бөбек» тобы. Оқушылар сұрақтар қояды. Тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды:
«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап береді. |
Үстел интербелсенді тақта.
Слайд |
Таныстырылым 5 мин |
Етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуі туралы ережемен таныстырады. (Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бар – барма, айт – айтпа, кел – келме.) |
Ережені пысықтап, мысалдар келтіреді. |
Слайд |
Сергіту сәті 5 мин |
Геометриялық фигуралардан жасырын сөзді табуды ұсынады |
Оқушылар геометриялық фигуралардан жасырын сөздерді табады, мағынасын түсіндіреді. Оның ішінде болымды, болымсыз етістікті табады. |
Слайд |
Негізгі бөлім 20 мин Мағынаны тану |
Оқулықпен жұмыс. Тапсырма беріп, қадағалап, бағыт, бағдар береді.
Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталады |
Топтар тапсырмаларды «Дөңгелек үстел» әдісімен талқылай отырып, орындайды. (Барлық топ) 1-жаттығудағы берілген етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғап жазады. Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады. Бірнеше сөйлем құрастырып жазады. (1-2 топтар) 2-жаттығудағы сөйлемдерді оқып шығады, ішінен тыйым салынған сөздерді көшіріп жазады. –ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етістіктерді басқа етістіктермен салыстырады. Олардың мағынасын түсіндіреді. (3-4 топтар)3-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жазады. Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады. (5-6 топтар) 4-жаттығуда берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазады. Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастырып жазады. Мәтінге ат қояды. |
Оқулық. |
Сергіту сәті 5 мин |
Мұғалім ойыншықты оқушыға болымды етістік айтып лақтырады. |
Ойыншықты қағып алған оқушы болымсызға айналдырып айтып, қайтарады. |
Ойынщық |
Қорытынды 10 мин Ойтолғаныс.
|
Әр топқа бірнеше болымды етістікті болымсыз етістікке айналдаруды тапсырады, тапсырманы постерде жазып, қорғауды, бір-бірін тексеріп, бағалауды ұсынады.
Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды.
Үйге тапсырмаға 60 беттегі 6-жаттығуды беріп, қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
«Сөздер банкі» әдісімен болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады.
Топтар бірі-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кері байланысты «Таңдау» тәсілімен жазады. |
Постер, маркер.
Күнделік |
Сабақтан кейінгі кері байланыс |
|
|
|
Қосымша 1
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
«Пресс-конференция» ойыны |
Топтық жұмыс (оқулықпен) |
Топтық тапсырма «Cөздер банкі» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 2
«Таңдау» (Кері байланыс)
Мен сабақта жұмыс істедім Мен сабақтағы жұмысыма Сабақ маған Мен сабақта Менің көңіл-күйім Сабақ мен үшін |
белсенді, құлықсыз ризамын, риза емеспін қысқа, ұзақ шаршамадым, шаршадым көтерілді, түсіп кетті түсінікті, түсініксіз |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі