Өлең, жыр, ақындар

Ө. Тұрманжанов «Қарлығаш»

Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Қарлығаш»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды-идеяны ұғындыру.

2.Ой өрісін дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

3.Құстарға қамқор болуға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілігі,сурет.

Пән аралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,бейнелеу.

Көрнекілігі:Суреттер,қосымша материалдар, т.б.

Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру

2.Психологиялық дайындық..

3.Үй тапсырмасы:С.Сарғасқаев «Шыбық» мазмұнын айту.

                             1 – қатар.Бақытқа мінездеме беру.

                             2 – қатар.Темірге мінездеме беру.

                             3 – қатар.Мәтінге байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

                             Үй тапсырмасын бекіту.

Оқушыларға сұрақ қойып бекіту.

4.- жылдың қай мезгілі?

   - көктем айында ауа райы қандай болады?

   - балалар не істейді?

5.Қарлығаш суреті.

6.Жаңа сабақ «Қарлығаш»

7.Авторға шолу.

Өтебай Тұрманжанов (1905 - 1978) Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келді.Қазақ мақал-мәтелдерін құрастырған, балаларға арналған «Біздің қарлығаш» әңгімелер жинағы, «Бозторғай»,  «Жауқазын»,                                  «Ұршық» өлеңдер жинағы бар.

Тұрманжанов творчествосының тағы бір қызғылықты қыры бар. Ол ес жиып, ер жете бастаған жылдардан бастап қазақ ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын ел арасынан жалықпай жинап, өңдеп басиырды, зерттеді. Мәселен, ол жинаған қазақ халық мақал-мәтелдері санының өзі 40 мыңнан асады.Соларды бес рет кітап етіп бастырып, елге таратты. Бұл да – өлмес, өшпес өрелі еңбек. Оның 1963 жылы «Асыл сөздер» деген атпен жеке кітап болып шықты. Автор бас-аяғы 40-қа жуық кітап жазды. Қазақ совет балалар әдебиеті негізін салушылардың бірі Ө. Тұрманжанов әдебиетіміздің жас қаламгерлерін баулумен де шұғылданды, балалар әдебиеті және коммунистік тәрбие мәселері жөнінде көптеген мақалдар жазды, ол ұзақ уақыт «Жазушы» баспасында балалар әдебиеті редакциясын да басқарды.

8. «Қарлығаш» өлеңін мазмұнын түсіндіру.

Қарлығаштар әр түрлі жерде тіршілік етеді, олар бір-бірінен түр-тұрпаты жағынан да, тіршілік ету жағынан да ерекшеленеді.  Бірақ барлығының да қанаттары ұзын, жіңішке және үш жағы сүйір болып келеді,қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы оншалықты ойық емес, ал қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады.

Қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып, ойнап, күн нұрына шомылып жүр ғой деп ойлайсың. Ал іс жүзінде олар үнемі жұмыс істеп – насеком аулап жүреді.Ұялайтын жерлеріне, мәселен, Қазақстан территориясына, наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартас қуысына, жар қарлығашының ініне, шатырға және басқа жерлерге сала береді.         

9.Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңді шумаққа бөліп мәнерлеп оқу.

2.Өлеңді қара сөзбен айту.

3.Сергіту сәті.

4.Сұрақтар мен тапсырмалар.

5.Суретпен жұмыс.

10.Дәптермен жұмыс. Құстардың атын дәптерге жазу.

11. «Дәуіт пен қарлығаш» сахналау

12.Топпен жұмыс.

1 – қатар. «Құстар – біздің досымыз» шығарма жазу.

2 – қатар. «Қарлығаш» бес жол өлең құрастыру.

3 – қатар. Өлеңнің ұнаған шумағын қағазға бейнелеу.

                                  «Бес жол» өлең

1.Қарлығаш

2.Ала,қараша

3.Ұшады,қонады,Қалықтайды

4.Мен қарлығашты жақсы көремін

5.Адамның досы

13.Үй жануарлары

14.Ойын: Ұшты-ұшты

15.Қорытынды

1.Қорытынды

2.Бағалау

3.Үйге тапсырма:мазмұнын айту, ұя жасау, құстардың суреттерін жинақтау.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз