Өлең, жыр, ақындар

4 санының құрамы

Күні: 24.10.2014ж

Математика

Сабақтың тақырыбы: 4 санының құрамы. 46 бет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  4 санының құрамына қатысты теңдіктерді жазуға, және 

оқуға үйрету. 4 санының құрамы, 4 санын салыстыруды үйрету. Мысалдар арқылы 4 санын ұғындыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, білімділікке баулу.

Дамытушылық: Ой-өрісін, сана-сезімін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын   дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар..

Сабақтың көрнекілігі: 1 мен 4 цифрларының үлгісі, электронды оқулық, мазмұнды суреттер, кестелер, үлестірме қағаздар, слайд, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қатар – қатар тізіліп

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп – түзу болып тұрайық

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа – нақ

Дайындалдық бәріміз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

1. Сандар қатарындағы бірінші сан.

2. 4 саны неше элементтен тұрады?

3. 4 саны сандар қатарында қай саннан кейін тұрады?

4. 4 санын тақтаға салып көрсету.

 ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

№5

3см+1см═ 4см

1см+3 см═4 см

4см- 1см═3 см

4см- 3см═ 1см

ІҮ.Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы –4 санының құрамы .

Ү. Жаңа сабақ: 

1. Мұғалімнің түсіндірмесі:

Оқушыларды шапалақты соғу арқылы өзіне қарату. Менің сөзіме құлақ саламыз.

                            Арбаларда жөн бөлек

                            Оларда 4 дөңгелек

                            Туралап тарт бұлтарма

                            4 тұяқ бар тұлпарда

                            4 бұрышты орамал

                            4 қабырға қоралар

                            Бір жылда 4 маусым бар

                            Қане соны айтыңдар:

                            Қыс пенен көктем екеуі

                            Жаз да күзде бар

                            4 түлік мал дәулетің

                            Оған ие әулетің

Мамыр айының ашық күндерінің бірінде жасыл жапырақта 2 қаңқызы қонып отырды. Оларға тағы 2 қанқызы келіп отырды. Жапырақта барлығы неше қанқызы қонып отыр? Барлық қанқызыны санаймыз. Жапырақта 4 қанқызы отыр.

Тақтаға қарайықшы, мен сандар қатарын жазайын  1, 2, 3, 4. Біз қандай санмен тоқтап тұрмыз балалар? 4 саны. Осы 4 санының құрамы болады.

2 мен 2 нің қосындысы 2+2= 4ке тең болады екен. 3пен 1дің қосындысы 3+1=4 ке тең болады екен. Олай болса 4 санының құрамы мынада.

 

 

       4

2

2

1

3

Слайдтағы 6,7,8,9 беттерді көрсетіп мысалдармен түсіндіру.

Ал енді балалар, 4- пен 4- тің азайтындысы нешеге тең деп ойлайсыңдар? 0-ге тең себебі саннан санды алсақ 0-ге тең деген ұғым бар.

2. Дәптермен жұмыс:

Слайдтағы есептерді дәптерге көшіріп аламыз.

2+2=4    3+1=4    4-4=0

3. Оқулықпен жұмыс:

№ 2. Кесінділерді сыз. Салыстыр:

4см   3см     3см  4 см                        

№3 Кім жылдам?

Қалып қойған сандарды ата:

 

1

 

3

 

4

 

2

 

0

0

 

2

 

4

 

3

 

1

 

4. Сергіту сәті

Ролик көрсету арқылы балалар сергіту сәтін қайталап отырып жасайды.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:

№4 Салыстыр:

0*4                     4см*2см

4*4                     4см*4см

2*4                      3см*4см

4*3                      2см*1см

         5. Үлестірмелі қима қағазымен жұмыс

1+0 =1   3+1=4   1+2=3   2+0=2    2+2=4     1+1=2      3-1=2     4-1=3      4-4=1

3+0 =3   2+1=3   3-2=1    1+3=4    4+0=4     0+1=1     0+2=2     0+3=3     0+4=4

 

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

- Біз бүгін нені үйрендік?

-Қай санды қайталадық?

-Жаңадан не білдіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

5- есепті шығару.

Бағалау:

Белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз