Өлең, жыр, ақындар

Мәңгі өшпес жарық жұлдыз

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Алтықарасу мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Гатауллина Дамегуль Вазиховна

Тақырыбы: «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз»

Мақсаты: Шоқан мұрасынан жан –жақты хабардар ету, өмір сүрген қоғамдық әлеуметтік кезеңімен таныстыру; Өміріне шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын оятып елжандылық, эстетикалық және ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер.
Барысы:
Тобымыз: Шоқан Уәлиханов.
Ұранымыз: Ізденген жетер мұратқа.
Психологиялық сәт
Кіріспе: Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі - ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани- әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым Шоқан Уалиханов.Бүгін біз, балалар ұлы ғалым Шоқан өмір сүрген дәуірге ойша шегініп, көз жүгіртіп көрейік.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды кезеңдерге бөлу арқылы өткіземіз.
Шоқан! Қандай қысқа ғұмыр!? Қандай таусылмас шежіре?! Шығыстану көгінде халқымыздың тарихи болмысының биігінде мәңгілікке жарқырап тұрған жұлдыз ғой бұл.
1. Кезең: Есті тентек
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Бабасы Абылай Қазақ Ордасының, атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Ал Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан ретінде Аманқарағай округін билеген. Шоқанның азан шақырылып қойған аты Мұхаммед –Ханафия. «Болашақтың Мұхаммед –Ханафиясы болар ма екен?» дегшен тілекпен Қалқай ишан осы атты қояды. Анасы Зейнептің бұл есімге тілі келмей, сәбиін «Қанаш» деп, былайғы жұрт «Шоқан» деп атаған. Бала кезінен –ақ қабілеттілігімен, зеректігімен дараланған есті тентек бес жасынан мұсылманша хат танып, жаза білетін дәрежеге жеткен. Әкесінің ісқағаздарына көмектесуге кішкентай кезінен –ақ жараған Шоқан бастауыш білімді Күнтимес қыстауындағы Шыңғыс ашқан мектептен алған. Сонда оқып жүріп өлең жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсірүге машықтанады. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша, оқу дағдыларын меңгереді. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттайды. Ел арасындағы әнші, күйші, жыршылардың өнерін тамашалаудан бір сәт те жалықпайтын бала Шоқан, одан қалса, әжесі Айғанымға да алуан түрлі ертегі жыр айтқызып, сүйсіне тыңдайтын. (слайд суреті)
Шыңғыс Құсмұрындағы қыстауында 1842 жылы өз аулының балаларына арнап қазақ мектебін аштырады. Жеті жастағы Шоқан да ауыл балаларымен бірге осы мектептен білім алды.
Көрініс «Сөзі кесек бала»
1847 жылы күзде 12 жастағы Шоқанды әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімің қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н.Костылецкий, өркениет тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г.Гонсевский, тарихшы А.Сулоцкий, географ Е.Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі ықпал еткен. 1852 жылы Костылецскийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен танысады. Ол Шоқанды ескі жазу ескеркіштерін зерттеу ісіне тартқан. «Бізден жасы кіші болса да өзімізбен салыстырғанда ол үлкен секілді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік,- деп жазады» Г.Н.Потанин.
2 кезең: Дара тұлға
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. 1855 жылы ол генерал – губернатор Гасфортпен бірге Жетісуға келіп қайтады. Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихымен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады. 1856 жылы ұлы жүздің приставы М. Хоментовский басқарған әскери- ғылыми экспедиция құрамында Ыстықкөл алабын картаға түсіру, қырғыз елін зерттеу жұмыстарына қатысады. Қырғыздардың бұғы, сарыбағыш, солты руларының арсында болып , қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыз әңгімелерін соның ішінде «Манас» жырын жазып алады. Сол жылдың тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресей өкілі болып барады, Қытаймен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады.
1856-1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Құлжа қаласы», «Қазақ поэзиясының түрлері» деген бірнеше еңбектер жазды. Шоқан әдебиетші ретінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап, жазып алудан бастайды. Осы әдебиет үлгілерін тұңғыш рет орыс, Еуропа қауымына таныстырып, тарихы мәңгі өшпейтін мұра қалдырды. К.Н.Потанин Шоқан жөнінде «Өз халқының әдебиетін өркендетуге жол салып беретін еді», -деп көрегендіктен айтқан еді. Шоқанға Қазақ халқының рухани –мәдени байлығын терең зерттеп білуге негіз болды. Ауызша ұрпақтан –ұрпаққа жеткен аңыздар мен жырлардың үлгілері үлкен қазына екендігіне Шоқан баса назар аударған. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын , мақал, аңыз, ертек, шежіре, Жанақ, Шөже, Шал, Тәтіқара секілді ақындардың шығармаларын қағазға түсіріп алған. Шоқан 22 жасында Россия географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
3кезең: Сұңғыла саяхатшы
1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Ш.Уәлихановтың ғылым ағартушылық саласындағышығармаларының жаңа белеске көтеріліп дәуірлеп өсуіне жол ашты. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес қана болған. Шоқан экспедицияға аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы маусымның 28 –інде келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылады. Керуен Зауқы Өзеніне жетіп, Сырт арқылы Қашқарияға бет алған. Зауқы асуының оңтүстігінде Тянь –Шаньның Сырт деп аталатын биігінде Шоқанға дейін ешбір географ болған емес. Сырттың табиғатын жанжануарларын, өсімдіктерін, климатын әлемдік география ғылымында тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов сипаттап берген. Қашқарияда 1858 жылғы қазанның 1-інен 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін болған. Шоқан Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін зерттеген. Қашқардың экономикасы, тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинаған. Осы елдерден жинаған материалдары, гербарийлері, тау жыныстарының коллекциялары,яшма, мәрмәр, хрусталь, Керия өзенінің құмында елеп алып жүрген, сирек кездесетін деректерін көп ұзамай неміс және ағылшын тілдерін де жариялаған. География қоғамына қажетті мәліметтер берген этнограф, саяхатшы. Ол ең алғаш рет «Қарқара өзені бойындағы жазықтың кескіндік картасын» түсіріп, Солтүстік Тянь-Шань асуының карталық жобасын салған.
(карта, слайд суреттері)
Сурет өнерінде қайталанбас өзіндік қолтанбалар қалдырған. Шоқан – он саусағынан өнер тамған , қазақтан шыққан суретші. Халқымыздың тарихы, жер суы, табиғаты, киген-киім, тұрмыс- тіршілігі туралы салған сұлуда көрнекті суреттері қалды. Туған, өскен жері сымбатты Сырымбет тауының шыңына шығып отырып ауыл көрінісін, жазық даласын, күміс көлін бейнелген екен. 1852-1853 жылдары қағаз бетіне түсірген өзге көркемдік, графикалық еңбектерін айтуға болады. «Аспан әлемі» деген этюдінде ғалым- суретші қазақ халқының көнедегі күнтізбесін тәптіштей сызып, Құс жолы, Арқар жұлдызы, Сүмбіле, Таразы, Жетіқарақшы, Темірқазықтың орнын көрсетеді.
4 кезең: «Ғылыммен дос болсаң- ақылың артар,
Залыммен дос болсаң – басың қатар»
(слайд Шоқан мен Ф. Достоевский)
Олжас Сүлейменовтың сөзімен айтсақ «Оның бойында тарихшының, географтың, әдебиетшінің, тіл білімін зерттеушінің және жауынгердің таланты үйлесім тапты. Пенде атаулыда сирек кездесетін сүйкімділік оған ұлы достар сыйлады».
1854 жылы Омбыда Шоқан мен танысқан, бұл таныстық Семейдегі кездесулерден кейін үлкен достыққа айналған. Олар өмірінің соңына дейін хат жазысып тұрған. (хаттан үзінді)
5кезең: Шапағаты нұр құйған жүректерге.
Шоқанның өмірі – ең үлгілі өмір. 1865 жылы Тезек төренің ауылында жасы небәрі 30-ға қараған шағында Шоқан өмірден өтті. Ер жеткен шағының көпшілігі әскери қызметте, саяхатта өткізген. Шоқанның 6-7 жылы ғана жазумен айналысуға мүмкіндігі болды. Сол аз жылда оның соншалықты көп көріп, көп жазып, өлмес мұра қалдырғанына жазған еңбектерінің ғылыми тереңдігіне, соншалық кең көлемді білімді аз жылда қалай алғандығыа қайран қалмасқа.
Ғылым оқып білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүниені кезіп көргенше,
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді.
Мін тағар жан болмады, - деп Абай атамыз айтқандай Шоқан аса аз жасаса да көпті көріп көп нәрсені біліп өтті. Шоқанның жан –жақты терең білімді, кең ақылды, ұшқыр қиялды, аса ірі ғалым болғанын танытады.



6-кезең: Шоқан бейнесі Қазақстан өнерінде
Самғапсың сен самғауға жалықпапсың,
Ту биікте, биікте қалықтапсың.
Қыран болып аспанға көтеріліп,
Жұлдыз болып ғарышта қалып қапсың! Деп Қадыр Мырзалиев жырлаған. Қазақ халқы Шоқандай ұлын ұмытпақ емес. Бүгінде Шоқанға арналып қазақ өнерінде жарық көрген туындылар аз емес.
«Шоқан Уәлиханов» фильмі 1958 жылы жарық көрді. Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы, «Қашқар қызы» пьесасы, Шотаман Уәлихановтың «Шоқан» атты пьесасы, «Шоқан Уәлиханов» телефильмі, режиссерлері: Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Ин.
7-кезең: Шоқан туралы айтылған пікірлер.
«Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кшіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...». Шыңғыс Айтматов.
Қоңыр Мандоки былай деген: «Әлемдік орметалистикада бір ауыздан мойындалатын саңлақ ғалымдар көп емес. Санаулы ғана. сол санаулылардың ортасында бірегей тұлғалардың бірі – қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін».
«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,
Империя – патша жұрты тәмам көрді.
Өнері топтан асқан жігіт еді,
Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді», деп жырлады Ақан сері.
Шоқанның ең жақын жолдастарының бірі Ядринцев былай дейді: «Қазақ даласындағы шалдармен әңгімелесіп, Шоқанды еске түсіргенде, олардың аппақ сақалдарын ыстық жаспен жуып егілгендігін өз көзімізбен көрдік. Шоқан өз елінің мақтаны әрі сүйікті ұлы. Ол жұртшылықтың жүрегінде тап осы дәрежеде сақталған еді».
Қорытынды: Шоқан Уәлиханов артына өлшеусіз мұра қалдырды. Ғабит Мүсірепов атамыз айтқан мына бір сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтағым келіп отыр.
«Тілегім келер күнге нық басқан қадамымызбен Шоқанның Шоқандығы, Ұлының ұлылығын үлкен мақтанышпен жыр етіп отырамын. Ұлы перзентін басына асқақтата көтерген халықтың ғана шоқтығы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз