Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі
Сабақтың мақсаты:
1.Жалғаулықтар арқылы байланыскан бірыңғай мүшелердің емлесі және тыныс белгілерімен таныстыру; жаттығу жұмыстары арқылы бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда қай кезде үтір қойылатыны, қай кезде қойылмайтыны туралы білімдерін тереңдету.
2.Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, қайталау, жаттығу.
Сабақтың барысы:
I. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру кезінде бірыңғай мүшелер туралы алған
білімдері толық қайталанады. Бірыңғай мүшелерді сөйлем мүшесіне талдайды. Жалғаулықтармен байланысқан бірыңғай мүшелеріне мысалдар келтіреді. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдерді оқу немесе айту кезінде бірыңғай мүшелердің арасын дауыс ырғағының кідірісімен сақтап, дұрыс айтуларын қадағалап отырған жөн. Дұрыс оқи білген бала жазу кезінде үтірмен ажыратып жазуға дағдыланады.
II. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық жұмысы.
Бірыңғай мүшелер өзара қалай болса, солай тіркесе салмай, олар-
дың байланысында белгілі бір заңдылықтың бар екенінен мәлімет берілуі керек.
Бұл үшін тақтаға бірыңғай мүшелері бар сөйлем жазылады. Біздің аулада қарағаш, терек, емен өсіп тұр. Сөйлемнің ешбір жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы байланысып, аулада 3 түрлі ағаштың өсіп тұрғанын білдіріп тұрғанын оқушылар айтуы керек. Одан кейін сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықтар арқылы жазылады. Біздің аулада қарагаш та, терек те, емен де өсіп тұр. Оқушылардан сөйлемде қандай өзгеріс болғаны сұралады. Бұл сөйлемде бірыңғай мүшелердің құрамына та, те, де жалғаулықтары қосылып тұрғаны аңғартылады.
Сондай-ақ бірыңғай мүшелер арқылы байланысатын сөйлемді оқығанда олардың арасындағы дауыс кідірісінің сақталатынын оқушылар
байқауы керек, сондықтан да олардың арасына да үтір қойылатынын
өздері анықтағандары дұрыс.
III. Оқулықпен жұмыс.
Дайындық жұмысынан кейін оқушылардың назары 1-жаттығуға аударылады. Жаттығу ауызша орындалады. Сөйлемді дауыс интонациясын сақтай отырып оқу арқылы бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қандай жалғаулықтар арқылы байланысып тұрғанын анықтайды. Олардың арасына үтірдің қойылу себебін өздері түсіндіреді. Сөздерді жалғаулықсыз да айтуға болатынын аңғарулары тиіс.
Осындай жан-жақты жұмыстардан кейін оқушылар ережені өздері қорытындылап айта алатын болады.
2-жаттығуды орындау кезінде да, де, та, те жалғаулықтарының
тиістісін дұрыс таңдап қоя білулері қажет.
Біздің ауылда жусан да, изен де, ажырық та өседі.
Жалғаулықтардың да, де, та, те болып өзгеру себебін үндестік заңдылықтарын естеріне түсіре отырып, өздерінің түсіндірулерін талап ету керек. Сонымен бірге тыныс белгілері туралы білімдері нақтыланады.
3-жаттығу және, мен, пен, бен жалғаулықтары арқылы байланысатын бірыңғай мүшелердің жазылу емлесін меңгертуге дайындық ретінде берілген. Бұл жаттығу жұмысында оқушылардың назары бірыңғай мүшелер мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысқанда үтір қойылмайтынына және ол жалғаулықтардың бірнеше рет қайталанбайтынына аударылады.
4-жаттығуды үйге орындауға беруге болады.
5-жаттығуды оқушылар өздері орындайды. Оқушылар құрастырған әңгімелерін оқыған кезде мен, бен, пен, және жалғаулықтарын дұрыс қолдануларын бақылау керек.
IV. Сабақты қорытындылау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі