Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Әдіс- тәсілдері: Ойын түрінде.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, кеспелер.
Пәнаралық байланыс: Тарих, геометрия.
І топ Білім тобы.
ІІ топ Білгір тобы.
Жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Математикалық эстафета.
ІІІ Әріптерді тап.
ІV Математикалық жұмбақтар.
V ҰБТ-ке үлес
Сабақтың эпиграфы:
Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Үйге берілген тапсырманы тексеру: Жұлдызшаның орнында қалып қойған санды немесе әріпті тап.
№1 Көпмүшеге түрлендіріңдер
(5b-4x)(5b+4x)= *-(4x)2= *-16x2
№2 Көпмүшеге түрлендіріңдер
(a - 3)2 = a2 - *a · 3+32=a2 - *a + 9
№3 Көпмүшеге түрлендіріңдер
(x-4)2 = X2+2·x·4+*2=x2+8x+*
№4. Көбейткіштерге жіктеңдер.
a2 - 6a + 9=a2 - 2·a·3 + 32 = (* - 3) 2
Қысқаша көбейту формулаларын жалғастырып жазу
1) Екі өрнектің қосындысының квадраты
1) (a + b)2 =
2) Екі өрнектің айырмасының квадраты
2) (a - b)2 =
Көбейткіштерге жіктеу
1) a2 + 2ab + b2 =
2) a2 - 2ab + b2 =
3) Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
a2 - b2 =
Математикалық эстафета: Екі топтан оқушылар шығып есепті жалғастырып шығарып жарысады.
1 топ 2 топ
Әріптерді тап: Қалып қойған әріптерді тапқанда адамның есімі шығады.
Жауабы: PASKAL
Ендеше Паскаль туралы және қысқаша көбейту формуласының шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет.
Блез Паскаль (1623-1662)
Паскал үшбұрышы
Коэффициентердің құрылу заңдылығы:
1 - 20
1 1 - 21
1 2 1 - 22
1 3 3 1 – 23
- 24
Математикалық жұмбақтар: Жұмбақты шешіп, сол топтың оқушылары шыққан жауапты жұлдызшаның орнына қойып, есептің шартын орындау керек
1 топ
1. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. Жауабы: Х
2. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? Жауабы: 6
1.Көпмүшеге түрлендіріңдер.
(*+*)2
2.Көбейткіштерге жіктеңдер.
*2-2**+*2=
2-топ
1. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. Жауабы: 15
2. Координаталық жазықтықта х өсіне перпендикуляр түзу. Жауабы: у
1.Көпмүшеге түрлендіріңдер.
(*+*)2
2.Көбейткіштерге жіктеңдер.
*2-2**+*2=
Қысқаша көбейту формуласының адам өміріне пайдасы немесе
ҰБТ -те жылам есептеуге үлес
1 топ 2 топ
492 612
1022 982
70 · 69 81 · 79
Практикалық жұмыс: Оқулықпен жұмыс, тест тапсырмалары.
Өз біліміңді тексер:
1. (9+а)2=Жақшаны ашыңдар
А) 18+а2 ; В) 81+18а+а2 ; С) 9+9а+а2 ; Д) 3+а ;
2. х2-9= Көбейткіштерге жіктеңдер
А) (х-9)2 ; В) (х-9)(х+9) ; С)(х-3)(х+3) ; Д) (х-3)2 ;
3. 992=Есептеңдер
А) 9801; В) 9999; С) 198; Д) 1000;
4. у2-2ху+х2 =Көбейткіштерге жіктеңдер
А) (у-2)2 ; В) (у-х)(у+х); С) (у-х)2 ; Д) (у+х)2
5. 91*89= Есептеңдер
А) 8033; В)7289 ; С) 10; Д) 8099; ;
Өз білімін тексергенде тест тапсырмасын орындап болған соң, тест жауаптары шығады сол арқылы өз қатесін өзі түзетеді.
Қорытындылау: Сұрақтарға тек қана ия немесе жоқ деп жауап беру керек
1) Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды.
2) Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана
болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
3) Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады.
4) Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады.
5) Көпмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады.
6) Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін оның әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз.
7) Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін біріншісінің әрбір мүшесін екіншісінің әрбір мүшесіне көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз.
8) Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі бірмүшенің коэффициенті деп аталады.
9) Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады.
Үйге тапсырма: №378
Бағалау.
Назарларларыңызға рахмет!
ОҚО Түркістан қаласы. №8 Н.Төреқұлов атындағы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі Қошанова Әлима Файзуллақызы
Электронды почта abzalkz_86@mail.ru
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі