Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
ә) Дамытушылық: Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені бойларына дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Көрнекілігі: доп, асық, арқан, тымақ, тақия, қоржын.
Әдіс-тәсілі: ұлттық ойындар ойнату
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Бас иеміз құрметпен
Қонақтарға біз
І. Кіріспе
Балаларды сапқа тұрғызу.
Спорттық киімдеріне назар аудару .
Балаларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.
I. Ботақан тобы.
Топ құрамында бес бала
II. Құлыншақ тобы.
Топ құрамында бес бала
ІІ.Негізгі бөлім
Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын-сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...
Сайыс шарттары:
1. Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3-4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары (арақашықтығы 2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
2. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
3.. Ұлттық ойын «Ханталапай»
Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
4. Ұлттық ойын «Тымақ ұру»
Шарты: Екі толқа бөлінген балалар атпен шауып барып қамшымен тымақты ұру.
ІІІ.Қорытынды
«Тақия тастамақ» ойыны
Шарты: Тақия кигізу арқылы сұраққа жауап алу
Балаларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.
Балаларды мадақтау
Бір саппен спорт алаңынан залдан шығу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі