Сабақтың тақырыбы |
Баяндауышты пысықтау |
|||||||
Сілтеме |
3 сынып оқулығы. |
|||||||
Сабақтың мақсаты |
Баяндауыш туралы берілген білімді кеңейту және бекіту. Сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай отырып, сауатты, көркем жазуға, талдауға, ойын қорыта білуге үйренеді. |
|||||||
Міндеттері |
Оқушыларды өз ойын жинақтай алуын, еркін жеткізуін, белсенділігі мен іздемпаздығын, сабақта алған білімдерін, тиімді қолдана білуін дамыту. |
|||||||
Күтілетін нәтиже |
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды. |
|||||||
Сабақтың түрі |
Білімді пысықтау сабағы. |
|||||||
Әдіс-тәсілдері |
СТО, АҚТ, топтық, жұптық , ұжымдық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, дарынды және талантты балалармен жұмыс,бағалау. |
|||||||
Пән/байланыс |
Дүниетану |
|||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||
Ұйымдастыру кезеңі |
||||||||
- Амандасу. 1. Психологиялық дайындық Қайырлы таң достым, 2.Топ ережесін қайталау. 1. Бірін – бірі тыңдау |
Амандасады.
Топ ережесін еске түсіреді
|
|||||||
Үй тапсырмасын тексеру |
||||||||
Кел, балалар,ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай сұрақ болса да, Таппай оны қоймайық «Бәйге» 10 20 30 40 50 10 саны- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Қандай болып? 20 саны- Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын айт, мысал келтір. 30 саны- Бастауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? 40 саны- Баяндауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? 50 саны-Баяндауыштың асты неше сызықпен сызылады? |
Ережелерді еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.
|
|||||||
Қызығушылықты ояту |
||||||||
Топқа бөліну. Бастауыштың қимылын білдіріп тұрған сөзді ата (Сурет бойынша малдардың, аңдардың, құстардың қалай дыбыстайтынын айт. Қой қайтеді?, Сиыр қайтеді?, Жылқы қайтеді?, Түйе қайтеді?, Мысық қайтеді?, Ит қайтеді?, т.б.) Аю ақырады. Қасқыр ұлыйды. Доңыз қорсылдайды. Піл күркірейді. Арыстан ақырады. Бұлбұл сайрайды. Қарлығаш шықылдайды. Аққу сұңқылдайды. Тырна тыраулайды. Торғай шырылдайды. Шағала шаңқылдайды. Қарға қарқылдайды. Көгершін күбірлейді. Тоқылдақ тоқылдайды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, |
Сабаққа дайын екендерін топқа бөліну арқылы көрсетеді.
|
|||||||
Мағынаны тану |
||||||||
1-тапсырма. «Дөңгелек үстел» стратегиясын қолдану. Бірінші топқа К әрпінен, екінші топқа Д әрпінен, үшінші топқа Б әрпінен, төртінші топқа О басталатын баяндауыштар айтқызу. Топ мүшелері бір-бірін жалғастырып отырады. Оны біртіндеп күрделі баяндауышқа айналдыру. Соңында сөйлем құрап айту.
2-тапсырма. «Соңғы сөзді мен айтайын» және «Қалам столдың ортасында» әдісі. Мысалы: Баян би биледі. Оқушы орындықта отыр.
Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату. 3- тапсырма. Суретпен жұмыс. (2-жаттығу) - Не көріп отырсыңдар? - Жалпы атауы қандай? - Көліктер қандай топтарға бөлінеді? «Пирамида» стратегиясы І топ ұшақ сөзіне, ІІ топ поез сөзіне, ІІІ топ кеме сөзіне пирамида құрайды. Топ мүшелерінің әрқайсысы әр қатарға бір сөзден қоса отырып сөйлем құрайды. Оны қағазға жазып , тақтаға іледі. 4- тапсырма Ой толғаныс
Сергіту сәті Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау - басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау – оң қолым, Мынау – сол қолым, Барлық істі атқарған.
Тақтамен жұмыс. 5-тапсырма. 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады? Проблемалық сұрақ.
6-тапсырма. «Аукцион» ойыны. Мақсаты: Берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді тауып айтамыз. Аукцион деген не? ұлиды оқиды дыбыстайды қоректенеді
ұя салады ериді
|
Оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатысады. Сұрақтарға толық жауап береді.
Оқушылар сөздерді кезекпен айтып отырады.
Тақтаға шығып, жұмысын қорғайды.
Мәтінді толықтырып, әңгімелеп береді. Өз ойын ашық айтады
Оқушылар қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Жазбаша тапсырманы орындайды.
|
|||||||
Ой толғаныс |
||||||||
Венн диаграммасын толтыру
|
Оқушылар өз ойларын жазады. |
|||||||
Бағалау |
||||||||
Бағалау парақтарын жинап алып,сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын |
Күнделіктеріне баға қойғызады. |
|||||||
Үйге тапсырма |
||||||||
Күнделікті ашайық, 4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз. Ойдан жұмбақ шығарып жаз. Баяндауышын тап. |
Тапсырманы жазып алады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі