Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ф.Энгельс атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есенбекова Гулбану Даулетбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру
Оқушыларды поэмадағы кейіпкердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір айту, топтық, жұптық жұмыс түрлері, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, слайд
Бағалау парағы арқылы оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын «Шар үрлеу» әдісі арқылы сұрау.
(Оқушылар шеңбер құрып тұрады да шарды бір-біріне үрлеу арқылы үй тапсырмасын айтып шығады)
Оқушылар өздері таңдаған шардың түстері арқылы 3 топқа бөлініп отырады. (сары, қызыл, көк)
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Мағынаны тану.
Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
Поэма 1882жылы жазылған. 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасында жарық көрген. Оқиға болған жер – Сыр өңірі. 1722 жылы қазақтың Ақтабан шұбырынды қарсаңындағы қилы кезең суреттеледі. Поэма жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.
Электрондық оқулықтан шығарманың мазмұнын қысқаша тыңдату. (Слайдтар арқылы кейіпкерлердің суреттерін көрсету) Түртіп алу.
(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)
Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай, Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды.)
Түсіндірме.
Кейіпкер- көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
Үкім- кінәліге жазалау шарасын белгілеу.
Тобықты- Орта жүз Арғын тайпасының руы.
Еркекшора- ер балаша киінген қыз.
Бастан- әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала жиналып, ұйымдастыратын кеш.
Топтық тапсырмалар:
I топ Шығарманың композициялық құрылымына талдау жаса.
II топ Шығарманың мазмұндау жоспарын құрып, қысқаша баянда.
III топ Өлең құрылысына талдау жаса
Кері байланыс. (Оқиғаның басталуы:Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі
Оқиғаның байланысы: Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы
Оқиғаның дамуы: Мамырдың айттырылуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Екі жастың серттесіп қашуы, Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
Оқиғаның шешімі: Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі)
(Өлең құрылысына талдау жаса.
Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»
Идеясы:
Шумақ: 62
Ұйқас: қара өлең ұйқасы
Тармақ: 278
Бунақ: үш бунақ
Буын саны: 11)
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бер.
I. Әнет бабаға
II. Көкенайға
III. Қалқаман мен Мамырға
Кері байланыс
Ұшқыр ой
1. Поэмадағы салт- дәстүрлерді тап, бүгінгі өмірмен байланыстыр. (қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік)
II. Екі жас неге қосыла алмады,оған не себеп, оларды жазалаудың астарында не жатыр?
III. Қалқаман- Мамыр тағдырына ұқсас қандай кейіпкерлерді білесіңдер?
Кері байланыс.
Екі жақты күнделік
Ой толғаныс
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
2. Қалқаманның ел ортасынан кетуіне сенің көзқарасың?
I. Жақтаушы топ
II. Даттаушы топ
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.
Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.
III. Бейтарап топ
Кері байланыс.
Қорытындылау. (Мұғалім сөзі) Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол зама әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы.
Үйге тапсырма беру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі