№ 12 бастауыш мектеп
Педагог-психолог Такенова Аян Сармырзақызы
Қараша, 2015 жыл.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Тренинг барысы:
Психолог: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар!
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген сенімдемін.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер-жетіп,отбасының тәрбиесін алады.
Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді».
«Бала – ата-ананың бауыр еті» дегендей мына өмірде ата-ана үшін баланың алатын орны ерекше.
ІІ. «Сиқырлы қобдиша»
Мына қобдишаны бір-біріңіздің қолыңызға бересіздер. Қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.
Сұрақтар:
* Жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер?
* Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
* Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда ,ол сізге қалай қарады?
- Демек,біз,сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы бейне «Өмір» атты үлкен өзенде, отбасы, жанұя болып тіршілік етуде.
ІІІ. Сұрақ-жауап
ІҮ. Релаксация сәті. (баяу музыка)
- Ыңғайлы отырып, жайғасыңыздар. Аяқтарыңыз еденді толық сезінсін. Арқаларыңыз орындықтың арқасына толық тиіп, алақандарыңыз ашық,аяқтарыңыздың үстінде жатсын.
Денелеріңізге толық босаңсуға мүмкіндік беріңіздер.Енді осы босаңсу арқылы жаттығу жасаймыз.
Сіздің бойыңызға бала бітті. Бұл табиғаттың сізге берген керемет сыйы. Сол күннен бастап сіз өзгердіңіз. Күнде құрсағыңыздағы бала жайлы ойлайтын болдыңыз.Өзіңіз үшін және періште үшін дәрумендері көп қуатты тағамдарды жей бастадыңыз.
Күндер өтіп жатыр.Сіз күннен күнге бақытты сезгендейсіз.Дем алған кезде, әсіресе жалғыз өзіңіз болғанда сіз онымен әңгімелесетін болдыңыз.
Сіздің көрінбейтін серігіңіз пайда болды. 9 ай, 9 күн бірге болғандықтан,сіз оған бауыр басып қалдыңыз.
Міне, көптен күткен күн де келді. Мынау жарық дүниеге бала әкеліп,ана атандыңыз. Осы сәтте әлемде сізден асқан бақытты адам жоқ сияқты күйді кештіңіз. Рахат сезімге бөленіп, сәбиіңізді қолыңызға алып,кеудеңізге басып, иіскедіңіз. Барлық қиындықты ұмыттырған сәбиіңізбен сіз біргесіз.
Оның періште келбетіне күн шуағы ұрлана түсіп тұр. Бірақ, ол баланы ұйқысынан шошытпайды, оны оята алмайды, өйткені нәрестеңіз сіздің қасында екенін және оны қорғайтыныңызды, жақсы көретініңізді сезіп жатыр.
- Көздеріңізді ашыңыздар
- Қандай сезімде болдыңыздар?
- Қандай әсер алдыңыздар?
Ү. Ойын «Өтінемін» (белсенділікті арттыру)
Құрметті ата-аналар,сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, кешіріңіз, өтінемін. т.б.
Ойын шартын түсіндіру: Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын,сіздер егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам, онда орындауыңыз керек,ал «Өтінемін» сөзін айтпасам, онда орындамайсыздар.
- өтінемін, қол шапалақтаңыздар
- оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
- өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз
- құлақтарыңызды ұстаңыздар
- өтінемін, бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер
- қолдарыңызды алға созыңыздар
- өтінемін бір-біріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар
- бір-біріңізбен қоштасыңыздар.
ҮІ. «Жақсы қасиеттер»
- Құрметті ата-аналар! Алдарыңызда тұрған жүрекшелерге балаларыңыздың жақсы қасиеттерін жазып, мына ыдысқа жапсырайық.
Баланың мөлдір, тап-таза жүрегіне ,көңіліне ұқсаған осы шыны ыдысымыз ешқашан сынбасын, құламасын, төгілмесін. Ол енді сіз бен бізге, яғни үлкендерге байланысты.
Ендеше, балаларымызға арнап бір ән айтайық!
ҮІІ. Қорытынды.
Ата-аналардан бүгінгі тренингтен алған әсерлерін сұрау.
Тренингке қатысқандарына рахмет айту.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі