Өлең, жыр, ақындар

Шабыт

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4082
Салауат деп,
Дұға оқып өткендерге,
Жасарады дүние көктемдерде.
Шабыт керек сол кезде,
Шабыт бірақ
Өз бетімен келмейді күткендерге.
Бола бермей үнемі ми жағында,
Өзіңді өзің тұтатып,
Күй жалынға!
Тұсауы жоқ шабыттың,
Шідері жоқ.
Шідерсіз ат жүре ме үй жанында!
Бірі мәз боп күлгенмен,
Бірі налып,
Ақын деген жандары сірі халық.
Ақын болсаң,
Арғымақ шабытыңды
Іздеу керек жүген ап,
Құрық алып.
Туған жерге жата қап бір аунамай,
Тәулік бойы шырқайды жырау қалай?!
Тұлпар шабыт жер тарпып
Өздігінен
Келе қоймас
Шақырмай,
Құрауламай!
Мен де талай, бауырым, жер көргем-ді.
Дауыл ғана қозғайды жел диірменді.
Жел боп сипа жалынан.
Пырағыңдай
Ол да жақсы көреді жем бергенді.
Айналайын,
Ақбақай,
Ақтабанды —
Қолдан келсе —
Тағалар тап тағаңды!
Алдын ала суытып
Жүйріктердей
Ол да жақсы көреді баптағанды.
Қызған кезде тірліктің тойы мына,
Ойқастап ол қосылар ойыныңа.
Шабыт-асау.
Қылықты балдызыңдай
Ол асыла кетпейді мойыныңа.
Ерітетін іштегі жүрген мұзды
Тапса шабыт жақсы ғой бірден бізді.
А-ай, таппайды-ау!..
Өздері келеді деп
Күтпес болар ақындар жыр мен қызды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл тірліктің сәттері бар сондай сұм

  • 0
  • 0

Бұл тірліктің сәттері бар сондай сұм.
Атар таңым, әдемірек болғайсың!
Тастап бәрін қылтың-сылтың мінездің,
Тура жолмен жүрейін деп ойлайсың.

Толық

Екі нұр

  • 0
  • 0

Адам егер болмаса ездің бірі,
Сұлулыққа түседі көздің қыры.
Дүниеде ғаламат екі нұр бар:
Күннің нұры

Толық

Ей, сұлулық, мәңгі күтер сыйымсың

  • 0
  • 0

Ей, сұлулық, мәңгі күтер сыйымсың.
Сол сыйымды көрсін де көз сүйінсін!
Сиқыр-сұлу торыменен шырмаған
Махаббатың сыны сондай қиын сын.

Толық

Қарап көріңіз