Өлең, жыр, ақындар

Күту

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3597
Орындап жүрек пенен Ар әмірін,
Ортама күншуақтай тара, нұрым.
Күттірме!
Өзіңнің де жаутаң-жаутаң
Күтумен өткен жоқ па бар өмірің?
Жетімнің жана қояр қайдан бағы?!
Қуаның алыс еді Айдан-дағы!
Күндіз-түн поштабайдың жолын бағып,
Хат күттік әкемізден майдандағы.
Біз үшін бәрі жырақ
Бәрі қашық.
Бүктеліп жаттық талай қарын ашып.
Жұмыстан күттік ылғи шешемізді,
Жеңісті бес жыл күттік арып-ашып.
Көрмедік ондық ұтып,
Жүздік ұтып.
Бұл тағдыр алды талай бізді мытып.
Одан соң өте шықты жастығымыз
Өзіміз өліп-өшкен қызды күтіп.
Жарасы жаралы елдің жаңа бітіп,
Жоқтықты келе жатты Дала ұмытып.
Одан соң шаш ағарды
Еңбегіме
Үлкеннен лебіз күтіп,
Баға күтіп.
Уақыттың мінезі бар кеміретін,
Тозды ғой не бір пима,
Не бір етік.
Жүлде бар,
Абырой бар,
Юбилей бар,
Барады күтуменен өмір өтіп.
Көрерміз не болса да бағымыздан.
Жарылдық шынын айтып ағымыздан.
Күткенің кешіккенде,
Күтпегенің
Келе ме ойламаған жағымыздан?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пенделік

  • 0
  • 0

Пенделік-ай, пенделік-ай, пенделік!
Он жыл бойы жатса сырқат емделіп,
Көтере алмай тұмауды да,
Дейміз-ау

Толық

Шарықтау шегі

  • 0
  • 2

Серкелер жиында
Сөйлейді тайынбай.
Кіселер қоржындай,
Белбеулер айылдай.

Толық

Асан мен Хасан

  • 0
  • 0

Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.

Толық

Қарап көріңіз