Жұмекенге

Бұл бетте «Жұмекенге» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2696
Өкпе айтпайсың өмірге,
Асқазанға,
Тағдыр атты өрілген таспа заңға.
Аздап-аздап ұқсайсың өзіңе-өзің,
Ұқсамайсың өзіңнен басқа жанға!
Болса болсын басқаның дегендері,
Ұстамдысың, не керек, менен гөрі.
Тәмпіш мұрын,
Қысық көз,
Тілі удай
Түсе қалған аузыңнан өлеңдерің.
Істегенде бір істі Манастайсың,
Береріңді бересің,
Санаспайсың.
Жағаласып жатқанда жұрт жағалай,
Даңққа да,
Сөзге де таласпайсың.
Сені шағып жатқанда қандаласын,
Жамандағың келмейді жан баласын.
Таң қалмайсың сындарға өзің жайлы,
Жылы сөзге айтылған таң қаласың.
Біреулердің сияқты қотыры асыл,
Шабытым деп ойлайды оқырасын.
Дастарқанның басында
«Данышпандар»
Түгел сөйлеп болғанша отырасың.
Отырасың жымиып күлесің де
Көңіл деген көктемнің күнесінде.
Сөйлесе де мың адам
Жұмекеннің
Жұмбақ сөзін айтпасын білесің бе?!
Сұлу сөзге өлеңді малындырмай,
Жыр үстінде жайнайды жаның нұрдай.
Айтарыңды айтасың алаңдамай,
Ішеріңді ішесің жалындырмай.
Жауап беріп заманның талабына,
У-шу болып жатады қала мына
Той-думаннан қайта сап,
Сағынғандай
Жармасасың шылым мен қаламыңа.
Сәбилі үйде оңаша бола ма орын,
Жеп жатады жүйкені бала-бөрің...
Бірте-бірте толады ақ парақтар,
Бірте-бірте ортайып «Беломорың».
Құшағыңа кеткендей Дала кіріп,
Танысыңа қарайсың сәл аңырып.
Амандасқан өзіңмен
Ағайынның
Бір аптадай жүреді қолы ауырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмекенге өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жұмекенге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмекенге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмекенге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері