Баяғыдан таланттың ашық қолы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Баяғыдан таланттың ашық қолы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2360
Баяғыдан таланттың ашық қолы,
Бірте-бірте келеді машық қонып.
Не жетеді сөздердің татуына
Екі жастай қосылған ғашық болып!
Келе жатыр тұп-тура көш бағытта,
Көктем көңіл, құшақты аш бақытқа.
Мен өлеңде некесін қиған сөздер
Ажыраса қойған жоқ еш уақытта.
Діні қайшы сенің көз қарасыңа
Біреулер бар сияқты қара сына.
Тек осылар
Сол ғашық сөздерімнің
Әзәзіл боп кірмегей арасына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері