Өлең, жыр, ақындар

Нан мен балалар

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1497
(Бертольд Брехттен)

1
Балалар мұрнын шүйіріп,
Қарамай нанға шулады.
Тас жұтқан жақсы түйіліп,
Деп олар текке тулады.

2
Көгерді сол нан көп тұрып,
Аузына ешкім алмады.
Өкпелі нанға бет бұрып,
Жәшік бір сөзін арнады:

3
«Іздейді әлі-ақ сені олар,
Аңсары үзім нан болып.
Қабығыңды да жеп алар,
Қоқымыңа да зар болып».

4
Балалар бірде кезді елді,
Адасты жолда арып та.
Ақыры олар кез келді
Діндері бөлек халыққа.

5
Балалар жүрді қапада,
Өңдері қашқан, аш, арық.
Нан түгіл сұйық атала
Бермеді ешкім қасарып.

6
Уақыт сырғып өтуде,
Талықсып өзек күн ұзын.
Іздеді талшық етуге
Қадірлі нанды – бір үзім.

7
Көгерген нанды сол беттен
Тауысқан тышқан тағылар.
Сұрағанменен жер-көктен,
Үзім нан қайдан табылар?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш тоты

  • 0
  • 0

Рая, Сәуле, Нұржамал,
Жүздеріңнен нұр жауар.
Өздеріңді көрген жан
Бір өртеніп, бір жанар.

Толық

Менің шалқып жүруім сенің арқаң

  • 0
  • 0

Менің шалқып жүруім сенің арқаң,
Өмір бойы өзіңе сенім артам.
Сыңғырласа сырнайдай сиқырлы үнің,
Көтерілер көңілім, кеңіп арқам.

Толық

Түскен тіс

  • 0
  • 0

Отырғанда қонақта,
Танысымның түсті босап бір тісі.
Орап оны мұқияттап бұл кісі,
Салып алды қорапқа.

Толық