Адам ұшты космосқа
Аспан, аспан, көк аспан!
Сенен биік кім асқан?
Жерді айнала кім ұшқан,
Күнге құшақ кім ашқан?
Адам, адам болғалы,
Жер бетіне туғалы,
Болып па еді өмірде
Күнге құлаш ұрғаны?
Жоқ, болмаған, болмаған!
Түс еді бір ол маған...
Ұшуды құстай – кілеммен,
Қиял ғана ойлаған...
Керемет совет елінен,
Кремльдің төрінен
Ұшты совет адамы
Көгіне сонау көрінген!
Көкке тігіп жанарын,
Көктен беріп хабарын,
Жерді айнала ұшты әне,
Майор Юрий Гагарин.
Біздің елден заулаған,
Ұшты түңғыш бір адам,
Тұр кезекті саулаған
Бір емес, талай мың адам.
Өрге өрлеген күшіміз,
Түсіміз емес, ісіміз,
Сапар шекті аспанға
Қарапайым кісіміз.
Ғылымның кілтін тапқасын,
Еліміз қалай тоқтасын?
Ұшты жетіп Гагарин
Қағып көктің қақпасын!
Қап-қараңғы аспанның,
Есігін адам ашқан күн,
Жұлдыздардың ауылы
Сәулесін тұр шашқан мың...
Көгілдір көк мекені, –
Жұлдыздар жылт-жылт етеді,
Аясын Ай мен Күннің де
Айналып ерім өтеді.
Аспанның да құздары
Бар ғой, мұзды ызғары,
Қол бұлғап қалды Юрийге
Жұлдыздың сан қыздары...
Көрген бе, әлі бұл көрген,
Жүз жылдан соң меңгерген
Болса адам аспанды
Билемесін кім білген?
Бұдан бұрын аспанның
Тұр кестесін кім білген,
Сырын әбден ашқан кім,
Тілдеспесін кім білген?
Аспанмен біз бір қатар
Тұрып, сөзді тыңдатар
Кезде де бір жетерміз,
Ай, Күн бізге тіл қатар.
Ширек ғасыр бұрын, мен
Өзімше бір үніммен –
«Күн тіл қатты»! – деп жазсам,
Қайталап айтам бүгін мен!
Мен – «Күн тіл қатты» – дегенде
Кей құрдасым өлеңге.
Кінә таққан сол кезде,
Бармасам да тереңге.
Солар менен бәріміз,
Бүгін таңда тағы біз,
Күп туралы жырлаймыз, –
Көкке жете әніміз.
«Шығыс» атты құс кеме,
Мініп ұшып үстіне, –
Заулағанда Гагарин
Таң қалды әлем күшке де.
Кекке жеткен өресі,
Өнерлі-ақ біздің ел осы!
Адаммен ұшты космосқа
Коммунизм кемесі!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі