Алтын ғасыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ой баққан,
Ұйқы қашқан жүрдек күндер,
Қайырылмас,
Судай аққан дүрмек күндер.
Мың батпан міндет жүгін арқалаған,
Бағасын ол күндердің білмек кімдер?!

Қайырмасы:
Төсінде туған жердің ер жетіп ем,
Тарихтың толқынында тербетілем.
Елімнің ертеңі деп елеңдеймін,
Заманның сырын оқып келбетінен.

Бұл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем,
Даңқымды әлем білді,
Салтымменен.
Кеудемде жаным барда көтеремін,
Аянбан,
Не күтсе де халқым менен!

Қайырмасы

Қазаққа азат күні жарасар бек,
Бүгінде жұртымызбен санасар көп.
...Сезімді төзім болып тұсаулаймын,
Анық ой ақиқаттан адасар деп...

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын ғасыр өлеңінің авторы кім?

Нұрсұлтан Назарбаев — осы өлеңнің авторы.

Алтын ғасыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алтын ғасыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсұлтан Назарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын ғасыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері