Жайлау түні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жайлау төрі – бір тірлік белді шешкен,
Бал қымызын ұсынған келіншектей.
Бұл – бір сәт: алуан сырын ақтарады,
Тек маң төбет әуп етер... Еріншектеу.
Тыныстайды талма түн дамылдаған,
Бүлдіршіндей көрпесін жамылмаған.
Әнтек мызғып кеткендей бүкіл әлем,
Тарих қана жадында дабыл қағар...

Қайырмасы:
Қазақ үшін кең жайлау, дұрысында,
Рахаты сол өмірдің ырысың да.
Саф ауадан сарайың сайрай беріп,
Ашылады айрықша тынысың да.

Балалық шақ аңдыздап жетті есіме,
Тылсым түнге қадалам, көп тесіле.
Басың тиіп кетердей жұлдыздарға,
Қанаттана қол созам, көк төсіне.
Қатар түзеп қарағай ән салады,
Әсем әнге төңірек тамсанады.
Көкірегің талыс боп тартылғандай,
Тербегенде көңілді жан самалы.

Қайырмасы

Мен жалғызбын... ай жалғыз аспандағы,
Ойқастайды ойымда қасқалдағым.
Жіті қарап суық шың, селт етпейді,
Бабалардай батагөй дастандағы.
Ауа бөтен жайлауда, ажар бөтен,
Аңсатады содан да базар мекен.
Кіндігіммен байланған Үшқоңыр-ау,
Сені мендей кім сүйе алады екен?!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау түні өлеңінің авторы кім?

Нұрсұлтан Назарбаев — осы өлеңнің авторы.

Жайлау түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жайлау түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсұлтан Назарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері