Тікен – гүлін қорғайды – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Тікен – гүлін қорғайды» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15525
Терек – бүрін қорғайды,
Тікен – гүлін қорғайды,
Ара – балын қорғайды,
Құлан – қағын қорғайды,
Киік – лағын қорғайды,
Шағала – көлін қорғайды,
Шопан – төлін қорғайды,
Егінші – жерін қорғайды,
Ер жігіт – елін қорғайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері