Өлең, жыр, ақындар

Бөбегім-ау

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 14179
Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұржекей

  • 0
  • 0

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.

Толық

Аугигай (1-нұсқа)

  • 0
  • 0

Алыстан көрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.
Алыстан аңсап сәулем келгенімде,
Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.

Толық

Гурьев

  • 0
  • 0

Көрінген сонадайдан Гурьевім,
Көрмедім Гурьевтей жер биігін.
Сыртыңнан өзімсініп жүрсем-дағы,
Әркімдер салады екен көз қиығын.

Толық

Қарап көріңіз