Бұраң бел – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бұраң бел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3472
Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей,
Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей, бұраң бел.
Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай,
Жақсы көрдім-ей өзіңді бір бауырдан-ай, бұраң бел.

Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.

Ұшып жүрген әуеден-ей көкек деген-ей,
Бауырында балапаны-ей секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам-ей барма менің-ей,
Айрылып қалқатайым-ей кетет деген.

Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері