Жарыста – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жарыста» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1344
Ерлік, еңбек, оқу, мектеп –
Біздің өмір жалғасқан.
Ол негізім шығар көктеп,
Тәрбие, үлгі алмасқан.

Колхоз, совхоз ен далада,
Жаңа құрылыс алыптар.
Машина, өнер екпінді іспен
Сүйре, ілгері алып бар.

Құрылыс мәні – социализм,
Басты миллион болаттар.
Еңбек туын алып қызыл,
Бастаған жас талаптар.

Өс қоғамым, көркей өмір,
Өрле ілгері табысқа!
Қуат, күшпен серме көңіл
Социалистік жарыста.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері