Сарыжайлау
Бұл бетте «Сарыжайлау» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 23.04.2015
- 2
- 17
- 91309
Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім,
Салқын самал - баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем.
Басқаның жерұйығын неғыламын,
Жерұйығы - өзімнің қасымда екең!
Қайырмасы.
Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.
Қайырмасы.
Жанымды жырға бөлеп, тан, атырған,
Әкем едін, ақ таңда жаратылған.
Төліңнен айналайын жаңа туған
Айналайын еліңнен дара туған!!!
Өте жақсы Бірақ маған əні керек еді
Керемет . Рахмет
Өлең шумақтары керемет
Өте керемет ән
Менде айттам
Мұқағали Мақатаев - Сарыжайлау Өте керемет өлең♥️
Әдемі өлең!
Өте әдемі өлең! Шумақтарын қатесіз әдемі жазған!
Күшті өлең маған ұнады
Неге соңында сарыжайлау деген сөзді жазбаған
Керемет
Қатты ұнайды маған осы өлең күшті
Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі — туған жерге, кең‑далаға деген шынайы сағыныш пен махаббатты көркем жеткізетін қазақ поэзиясының жарқын үлгісі. Ақын жасыл жайлау, саумал бұлақ пен салқын самалдың бейнесі арқылы туған жердің табиғи сұлулығын жүрекпен сезіндіреді және оқырманға қазақ әдебиеті мен рухани мұрасының байлығын тағы бір еселе көрсетеді. Бұл өлең көп ізделетін қазақ поэзиясы классикасы болып табылады.
Өте нашар жаттауға қиын одан көрі дарикорынның әні оңай ғой фууу
Ақын туған жеріне, сары жайлауға асыға келіп, оның әсемдігін аңсап, аңсар толғанысын жырлайды.
Мен осы әнді айтам
«Сарыжайлау» — туған жерге, жасыл жайлауға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті жүрекке үңіліп жеткізетін әсерлі өлең. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы әрқашан жүректі тебірентеді