Көк айдай

Бұл бетте «Көк айдай» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4879
Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,
Қосылса екі көркем болады тең.
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,
Есіме сен түскенде, сұлу еркем.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.

Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.
Төбесі сұлу қыздың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк айдай өлеңінің авторы кім?

Мұхит Мерәліұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк айдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк айдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхит Мерәліұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк айдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері