Қарағым-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қарағым-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4261
Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайды жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.

Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,
Білінбей ме досыңа еткен ісің.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері