Қоңыр қаз /1-нұсқа/ – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Қоңыр қаз /1-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3970
Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу бай, біреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға берсе бақыт,
Самұрық қызмет етер саясында.

Аз қызық тіршілігің серуендей,
Ажалдан қалған адам еру елдей.
Жұмғандай көзді ашып жалған дүние,
Көшерміз әлі-ақ бір күн керуендей.

Ахау, сен – қоңыр қаз,
Мен – шаһибаз.
Айтқанмен таусыла ма
Көңілде наз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр қаз /1-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр қаз /1-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр қаз /1-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр қаз /1-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері