Сезім
Бұл бетте «Сезім» атты Мұқағали Мақатаев жазған поэзия туралы өлең берілген.
-
Bain
- 23.04.2015
- 1
- 11
- 110898
Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.
Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япырау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама түндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!
Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы,
Белгісіз, қайда апарып соқтырары.
He, сезім, мені бір күн от қылады,
He, сезім, мені бір күн жоқ қылады!..
Қаншама көлденеңнен өтті қарғып,
Әлемге әмір беріп, етті жарлық.
Ғаламдық заңдылықты мойындамай,
Жүргені, барды жоқ қып.
Жоқты бар ғып.
...Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде...
Өте керемет өлең...
Рахмет
Керемет! Адамның жан сарайы.Кеңиді
Тақпақ өте күшті.
Лайыктырыныз көп болсын.ЛАЙК БАСТЫМ.
Шынында мына өлеңдер күшті екен
Сезім...Жүрекке əсер ететін шығарма!Аллағы конкурсыма дəл осы шығарманы таңдадым❤Бұйырса осы өлеңнің мəн мағынасын ашамын
Мұқағали Мақатаев
Сезім - ұнады
Ғани✊
Өлең өтее күштііі????????????
Өте керемет өлең және мағыналы екен
Маған қатты ұнады.Жаттау барысында кішкене қиналады екенсің ал былайша өте керемет.
Өте керемет
Өте керемет!