Қалқаш-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қалқаш-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1977
Қарайғаннан қарайып қамыс қалды,
Ауылы қалқатайдың алыс қалды.
Ауылыңа алыс қалған қарай-қарай,
Қайырылып, қаршығадай мойным талды.

Бір еді қалқаменен тілегіміз,
Айқасқан айырылмастай білегіміз.
Алыстан хабарыңды естігенде,
Тулайды қуанғаннан жүрегіміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері