Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1302
Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың,
Мен жүрек әміріне бағынып жүрмін.
Келіскен түгіл, керіскен шақтарымды да,
Сағынып жүрмін.
Берген серттен мәңгілік өзгермей бір,
Сағыныштың отына төзгендеймін.
Мен тіпті сені шын сүйетіндігімді де,
Дәл қазір сезгендеймін,
Осы шақта неге әттең, кез келмеймін.
Аңсауменен әзірге өтейін де,
Сарғайып барып мұратқа жетейін бе?
Жоқ, әлде, бәрін де қойып өзің жаққа,
Тартып-ақ, кетейін бе?
Айтшы жаным, не етейін мен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері